|
|
|
|
 |
|
Зайсан ауданы әкімінің ресми сайттын пайдаланушы
мырзалар мен ханымдар!
Мен Сіздердің ауданның ресми сайтына кірулеріңізді құрметпен қарсы аламын. Біздің аудан еңбеккерлері Шығыс Қазақстан облысындағы алдыңғы қатарлы, перспективалы түрде өзара қызметтесіп және өнімді түрде жұмыс істеп келеді. Tолығырақ...
Аудан Әкімі – Мухтарханов Ануарбек Мухтарханұлы.
|
|
10.03.2010 |
| Оқушылар арасында армрестлингтен жарыс өтті |
| Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында 2010 жылдың 6 – 7 наурызда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен М. В. Ломоносов мектебінде оқушылар арасында армрестлингтен жарыс өткізілді. Толығырақ ... |
| | |
|
09.03.2010 |
| Зайсан ауданында орталық мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне орай, салтанатты жиын өтті |
| 5 наурыз күні Зайсан ауданында орталық мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне орай, салтанатты жиын өтті. Оған аудан мекемелерінде қызмет ететін әйел адамдар, жас қыздар, азаматтық қоғам өкілдері, барлығы 500-ге жуық адам қатысты. Көктемнің ең бір шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күні 8 - Наурызға байланысты ұйымдастырылған жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы аудан әйелдерінің қоғамдағы орны туралы Мухамедкариева Зухра Ағзамқызы баяндама жасады. Толығырақ ... |
| | |
|
05.03.2010 |
| Республикалық, облыстық ақпарат насихат тобының мүшелері Зайсанда |
| 2 наурыз күні Республикалық, облыстық ақпарат насихат тобының мүшелері, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Т.Б.Нұрашев, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік басқармасының түсті металлургия бөлімінің бастығы Ж.Қ.Мұсағалиев ауданның елді мекендерінде болып, аудан тұрғындарымен кездесті. Толығырақ ... |
| | |
|
24.02.2010 |
| «2017 әскери» бөліміне 86 жыл |
| 23 ақпан күні 2017 әскери бөлімінің ардагерлері, шекарашылары, қызметкерлері, қала тұрғындары шекара бөлімінің 86 жылдық мерейтойын атап өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында бөлім қызметкерлеріне айтылған құттықтау сөздер, мерекелік концерттер жиналған қонақтар көңілінен шықты. Аудан әкімінің орынбасары Қ.С.Биқадамов қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің мадақтамаларын табыстады. Толығырақ ... |
| | |
|
24.02.2010 |
| Қыздар арасында волейболдан аудан аралық жарысы болды |
| Зайсан қаласы М. Әуезов атындағы мектеп спорт залына 19 ақпан 2010 жылы волейбол спортын дамытуға үлесін қосқан, волейболдан қыздар командасының капитаны Әбішева Жұлдыз Ахметсәлімқызының атына ұйымдастырылған қыздар арасында волейболдан аудан аралық жарысы болды. Жарысқа 8 команда қатысты. Нәтижесінде Өскеменнен келген команда І орын, Зайсан ауданы Шілікті а\о командасы ІІ орын, Зайсан спорт мектебі қыздар командасы ІІІ орын алса, төртінші ынталандыру сыйлығы Тарбағатай ауданына берілді. Толығырақ ... |
| | |
|