На главную
Написать письмо
Карта сайта
Сервер бойынша іздеу:
   

Хабарлама

РМК «Қазгидромет» деректері

«Казгидромет» РМК деректері бойынша ағымдағы жылдың 6-14 ақпан аралығында облыс аумағында ауа райынның температурасы-30 дан -38 –ге С дейін (кейбір жерлерде-43) төмендеуі күтулуде.

Зайсан  қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына және жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы шешим жобасы

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың халық алдындағы есебі

- Семей қаласында Абай, Бесқарағай, Бородулиха аудандары, Семей және Курчатов қалалары өкілдерінің қатысуымен 2010 жылғы 10 ақпанда сағат 11.00 Абай атындағы театрдың ғимаратында;
- Өскемен қаласында облыстың қалған қалалары мен аудандары өкілдерінің қатысуымен 2010 жылғы 12 ақпанда сағат 11.00 «Mesto» отбасылық демалыс орталығында өтеді.
Ұсыныстар, ескетулер айтуға, өз сұрақтарын облыс тұрғындары жұмыс күндері 9.00-ден 13.00 дейін және 14.00-ден 18.00 дейін 8 (7232) 24-24-24 телефоны арқылы қоя алады. Облыс бойынша телефон шалу тегін.

 

Жедел медициналық, қуқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық және анықтамалық тегін байланыс кызметтерінің тiзiмi

№ п/п

Қызмет көрсету мекемелердің атауы

Байланыс номері

1

2

3

1.

Ішкі істер органдары

102

2.

Жедел медициналық қызмет

103

3.

Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары

101
112

4.

Авариялық, коммуналдық,
қала қызметі

104
109х

5.

Жергілікті байланыс операторлардың анықтамалық қызметі

118хх

Примечание:
х – қосымша цифрлық белгілер  0ден 9-ға дейін;
хх - қосымша цифрлық белгілер  00ден  99-ға дейін.

 

Өскемен қаласында канализация құбырының жоғарыға тоғыспасы құлағаны туралы хабарлама

2009 жылғы 08 қыркүйекте Өскемен қаласында канализация құбырының жоғарыға тоғыспасы құлаған болатын. Осы жағдайға байланысты қаланың екі ауданында суық су беру тоқтатылып, апат туралы ақпарат Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне ақпарат 09 қыркүйекте сағат 17.00-де түскен.
Төтенше жағдайлардың қаупі, туындау немесе жоюы кезінде ақпаратты дер кезінде тапсыруды және бірыңғай есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Әкімдіктермен бірлесіп ұйымдар мен кәсіпорындарға «Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 137 бұйрығы және «Ақпаратты ұсыну тәртібі және төтенше жағдайлардың критерийлері туралы» ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 48 бұйрығы жеткізілсін.
Төтенше жағдайлардың қаупі, туындау және жоюы туралы ақпаратты жинау және ұсынуды жүзеге асыру барысында қызметті үйлестіруді ҚР ТЖМ ШҚО Төтенше жағдайлар департаментін Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет жүргізеді. 

 

2009 жылғы 16 қыркүйектегі "Қазгидромет" РММ-нің дауыл туралы ескертуі

18 қыркүйекте  Шығыс Қазақстан облысының аумағында түнде ауа температурасының  0-5 градус суыққа төмендеуі  күтілуде, 19 қыркүйекте  суық ауа-райы сақталады.
Сізге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болуы мүмкін төтенше жағдай туралы тұрғындарды хабардар ету және төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету тәртібін жеткізу қажет.
Орындалған іс-шаралар туралы ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД жедел кезекшісі арқылы жазбаша түрде баяндалсын.

 

Жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Президенті 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 86-ІV ҚРЗ бекіткен «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» (2009 жылдыдың 09 сәуірінде енгізілген өзгертулер және  толықтырулармен ) Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл шарасын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 1 296 теңгені құрайды.

Сонымен:
1/5 АЕК - 259  теңгені құрайды.
2 АЕК – 2 592 теңге.
3 АЕК – 3 888 теңге.
4 АЕК – 5 184 теңге.
5 АЕК -  6 480 теңге.                             
6 АЕК -  7 776 теңге.
7 АЕК –  9 072 теңге.
8 АЕК –  10 368 теңге.
9 АЕК –  11 664 теңге.
10 АЕК – 12 960 теңге.


«Протостар-2» ғарыш аппаратының ұшырылатыны туралы хабарлама

1. Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасушысы бар «Протостар-2» ғарыш аппаратының ұшырылатын хабарлаймын.
Ұшыру мына күнге жоспарланған:
2009 жылғы 16 мамыр (негізгі дата) Астана уақыты бойынша 06 сағат 57 минут.
2009 жылғы 17 мамыр (резервті дата) Астана уақыты бойынша 06 сағат 53 минут.

2. 2009 жылғы 16 мамырдағы 04 сағат 57 минуттан бастап 07 сағат  57 минутқа дейін (негізгі дата) және 2009 жылғы 17 мамырдағы 04 сағат 53 минуттан бастап 07 сағат 53 минутқа дейін (резервті дата) зымыран-тасушының ұшуының есептік траекториясына шыққан кезеңінде күштер мен құралдар «Протон-М» зымыран-тасушысын жаңа трасса бойынша ұшыру кезінде жүргізілетін ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ күштер мен құралдарының жоғары дайындығы есебіне сәйкес жоғары дайындыққа келтірілсін.

ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы
өртке қарсы қызметтің полковнигі  Е. Нурпеисов

 

Тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы ШЕШІМ ЖОБАСЫ

«Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 10 қаңтардағы  № 17-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ШЕШІМ ЖОБАСЫ

 

Құрметті Зайсандықтар!

Сіздерді азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді бүкіл халық болып көрсетуге бағытталған Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен  шын жүректен құттықтаймыз!
Біз бүгін ұлтаралық келісімді, бейбітшілікті, біртұтастықты және әлем мемлекеттері арасында лайықты орнын алған еліміздің тұрақты дамуын мақтанышпен айта аламыз. Бұл мереке біз үшін ерекше маңызды. Себебі, елімізде 100 – ден астам ұлт өкілдері  тату – тәтті өмір сүруде. Ұлт және конфессияаралық келісім мәселесіне Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев үнемі назар аударып, айрықша көңіл бөледі. Қазір елімізде ынтымақтастық жағдайында өмір сүруге барлық жағдай жасалуда.
Татулығы мен бірлігі  жарасқан, халқымыздың киелі бесігіне айналған елімізде тек тұрақтылық болып, мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік дамуы арта берсін! Осы мереке баршамызға жақсы игіліктер әкеліп, әр күніміз жаңа табыстар мен жақсылыққа толы болсын.Отбасыларыңыздан ешқашан қуаныш пен мейірім шуағы арылмасын! Барлық бастамаларыңызға сәттілік пен жетістік, мол денсаулық пен көңілдеріңізге сергектік тілейміз!

Зайсан ауданы  әкімі Ә.Мұхтарханов
Аудандық Мәслихат  хатшысы   Н.Бейсенов

 

МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛ ЕРЕЖЕСІ

Біздің көлдер мен өзендерде балықшылар, балалар, тіпті жәй асығып бара жатқандар қысылтаяң жағдайға түсіп – мұздың астына құлап кетуі болмаған жыл болған емес. Мұндай жағдай сізбен болмауы үшін қарапайым ережелерді сақтауға тырысыңыз:
- Мұзға аяқ баспай тұрып, алдымен өзіңіздің алдыңызға назар салып қараңыз. Мұздағы қауіпті жерлер түсімен өзгеше көрінеді. Олар басқаларға қарағанда күңгірттеу болып келеді. Бірақ ең қауіпті жер болып мұзға түсу жері болып саналады. Оның құрғақ жермен «жанасқан» жерлерінде көбінде сызаттар болады. Мұз асытнда ауа жиналып, оның беріктігін азайтады. Ең жақсысы қатып қалған су айдындарынан шаңғымен өткен дұрыс. Өзенді немесе көлді мұз бойынша өткенде екеулеп, бір-бірінен бірнеше метрлік аралықпен және бір ізбен өткен қауіпсіз. Егер сіз жалғыз болсаңыз, онда берік қадамен қарулануға тырысыңыз. Суға құлаған жағдайда ол сізге аяғыңызды сыртқа шығаруға көмектеседі. Содан кейін жылымнан аулақ  «аунап» берік мұзға ауысыңыз. Мұндай құралдар үнемі қолда болмайды. Сондықтан егер сіз, күтпеген жерде суық суға түсіп кетсеңіз, онда ең бастысы – байбалам салмаңыз! Баспен судың астына батып кетпеу үшін бірден қолды алшайтып қоюға тырысыңыз. Мүмкіндігінше жылымның ағысы ақырын, мұз астына тартпайтын жағына ауысыңыз. Егер жаныңызда ешкім болмаса, онда айқайламаңыз – онымен тек күшіңізді жоғалтасыз. Ең жақсысы мұз жиегін сындырмай және шалт қозғалыс жасамай қатты мұзға шығуға тырысыңыз. Мұнда басты әдіс – тіректің кең ауданына дене салмағын түсіріп, сондан кейін көтеріліп барып шетке ауысу қажет. Мұздың сыңған жерінен шашырап шыққан су мұзды тайғанақ қылады және қолдың жұмысын ауырлатады. Кебір балықшылар бұл үшін өздерімен екі үлкен шеге алып жүреді. Олардың көмегімен оңай тұруға болады.

  1. Егер сіздің көз алдыңызда адам мұз астына құласа – дереу оған көмекке келе жатқандығыңызды айтыңыз , бұл оны тыныштандырады және күш береді. Жылымға тек еңбектеп жақындауға болады. Әйтпесе екеуіңізде суға түсесіздер. Тірек ауданын үлкейту үшін - ең жақсысы өзіңіздің астыңызға шаңғы, таяқ салыңыз. Батып бара жатқанға арқан, байланған белбеулер, мойын ораушы, сондай-ақ шана немесе ұзын қалыпты заттарды жылымға дейін 3-4 метр аралықтан лақтыру қажет. Оның жиегіне еңбектеп баруға тыйым салынады.

Зардап шеккен суда тез «жансызданады», сондықтан табанды және шапшаң әрекет жасау қажет. Ағзаның сууы жылымға түскеннен кейін 10-15 минуттан соң басталады. Адамды жылытудың ең жақсы әдісі – одан су болған киімін шешіп, өзіңізде шешініп және ұйықтауға арналған қапқа оның қасына жату. Ыстық сусын беру қажет. Ішімдік үзілдікесілді болмайды, өйткені ол шеткі қан жүретін тамырларды кеңейтеді және одан дене температурасы түседі. Ұйықтауға арналған қап болмаған жағдайда, онда киімді сығып, құтқарылған адамға қайта кигізу керек. Полиэтилен пленкалары болса, жақсы. Онымен адамды орауға болады, парниктегідей әсер алады. Және де жылы жайларға жылдам жетуге тырысыңыз.

Зайсан аудандық ТЖБ ақпараты

 

Ауа райын болжау Шығыс Қазақстан орталығының 2009 жылғы 12 наурыздағы № 11 дауыл туралы ескертуі

Ауа райын болжау Шығыс Қазақстан орталығының мәлімдеуінше 2009 жылдың 12-13 наурыз аралығында екпіні 26 м/сек дейін жел соғуы күтілуде. Қар жағдайының тұрақсыз болуына байланысты автокөлік жолдарының жекелеген бөліктерін қар басып қалуы мүмкін.

 

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»
АҚ
«Сенім телефоны»

Жүктелген міндеттерді тиімді жүзеге асыру және жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамында 2009 жылдан бастап Сенім телефоны жұмыс істейді. «Байланыс желісі» телефонының нөмері 8-8000-80-35-05, өтініш беруші осы нөмерге телефон шалып, Қоғам қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы хабарлай алады. Қазақстанның кезкелген аймағынан қоңырау шалу тегін.


Санақ бойынша

25 ақпан 6 наурыз аралығындағы халық санағы бойынша 8-7332-25-07-45 нөмерлі шұғыл телефон желісі жұмыс істейді. Облыс бойынша қоғырау шалу тегін.


Интернет конференция

10 ақпанда ШҚО Статистика департаментімен On-line режимінде Интернет-конференция өткізу жоспарланып отыр, оның барысында департамент бастығы Тілеубаев Дјурен јділханұлы алдағы халық санағына қатысты сұрақтарға жауап береді.
Интернет-конференция кезінде сағат 21.00 -22.00 аралығында Skype, ooVoo логин stat63 бағдарламаларының көмегімен Интернет-конференция кезінде сағат 21.00 -22.00 аралығында Skype, ooVoo логин stat63 бағдарламаларының көмегімен қатысушылар жјне интернетті пайдаланушылар бейне-сұхбат режимі арқылы департамент бастығына сұрақтар қоюға мүмкіндік берілетін болады. Аталған конференция барысында Web -камералары жоқ пайдаланушылар осы уақыт аралығында www.shygys.stat.kz сайтында ашылған “Сұрақ - жауап” айдары арқылы сұрақтар қоя алады.
Сондай-ақ сұрақтарды алдын-ала электронды қызмет көрсету орталығының виртуалды қабылдауына немесе vkstat@ustk.kz электронды пошта мекенжайына жіберуге болады. Сұрақтар 10 ақпан күні сағат 21-ге дейін қабылданады. Интернет-конференция жайлы есепті статистика департементінің www.shygys.stat.kz сайтынан көре аласыздар.

 

2009 жылғы 3 ақпанға
ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД № 2 дауыл туралы ескерту

2009 жылдың 6 ақпанында түнде қатты қар жауып , қарлы боран соғып батыстан жылдамдығы 17-22 м/с кей жерде 25м/с дейін жел соғуы күтүлуде.
Сізден адамдар өлімін болдырмауға бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді, болуы мүмкін төтенше жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды хабардар ету және төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету тәртібін жеткізуді; авариялық-құтқару қызметінің күштер мен құралдарын дайындыққа келтіру; тіршілікпен қамтамасыз ету объектілерінің жұмысын тұрақтандыруды қамтамасыз ету; көліктердің қозғалысына және жолдар мен көпірлердің жағдайын бақылауды күшету; байланыс және хабар беру құралдарының дайындығын тексеруді сұраймын. 

 

2009 жылғы 3 ақпанға
ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД дауыл туралы ескерту

Облыстың таулы аудандарында 3 ақпаннан 5 ақпанға дейінгі мерзімде қардың көп деңгейінде жабуына және созылмалы қарлы боран соғу салдарынан қар көшкіні қаупі бар. Бұл мерзімде спорттық және мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болмайды. 
Сізден адамдар өлімін болдырмауға бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді, болуы мүмкін төтенше жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды хабардар ету және төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету тәртібін жеткізуді; авариялық-құтқару қызметінің күштер мен құралдарын дайындыққа келтіру; тіршілікпен қамтамасыз ету объектілерінің жұмысын тұрақтандыруды қамтамасыз ету; көліктердің қозғалысына және жолдар мен көпірлердің жағдайын бақылауды күшету; байланыс және хабар беру құралдарының дайындығын тексеруді сұраймын. 

 


Сайт әкімшісі –
070700, Шығыс Қазақстан облысы,
Зайсан қаласы, Жангельдин көшесі, 54
байланыс тел.: 8 (72340) 21-857
e-mail: kense-zaysan@mail.ru