|
Аудан әкiмi
Зайнулдин Серік Зинабекұлы
1964 жылғы 25 ақпанда Зайсан ауданының Зайсан қаласында туған. 1981 жылы Айнабұлақ орта мектебін тәмамдады. 1981-1986 жылдары – Семей зооветеринарлық институты зоотехникалық факультетінің студенті.
1986-1991 жылдары Зайсан ауданындағы «Айнабұлақ» кеңшарында бас зоотехник болып жұмыс істеді. 1991-1993 жылдары – «Айнабұлақ» кеңшарының директоры, сосын 1997 жылға дейін - аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы. 1997-2004 жылдары Серік Зинабекұлы Зайсан ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мәселелеріне басшылық ететін орынбасары, 2004-2005 жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарушы қызметінде болды. 2007-2010 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі қызметін атқарды. 2010 жылдың 16 шілдесінде Зайсан ауданының әкімі болып тағайындалды.
Отағасы, үш баланың әкесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Қабылдау уақыты: әр айдың екінші және төртінші аптасының сейсенбі күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін
Қабылдау бөлімінің телефоны - 8-723-40-21-301
Сенім телефоны: 8-723-40-26-761
Зайсан ауданы әкімінің ресми сайттын пайдаланушы
мырзалар мен ханымдар!
Мен Сіздердің ауданның ресми сайтына кірулеріңізді құрметпен қарсы аламын. Біздің аудан еңбеккерлері Шығыс Қазақстан облысындағы алдыңғы қатарлы, перспективалы түрде өзара қызметтесіп және өнімді түрде жұмыс істеп келеді. Онымен қатар таулы – қазба байлықтары мол (көмір, сланец) болашақта мұнай және газ өнімдері өндіріліп, аң аулау және туристік саяхат дамытылып, радонды су көздері мен батпақпен емдеу орындарының мол қорлары бар.
Осындай ауданның табиғи мол байлықтары Сіз бен біздің бірлесіп халыққа қызмет етуімізге, өндірісті дамытуымызға мол инвестиция тартуымызға зор мүмкіндік береді. Бұл менің Сіздермен негізгі және екінші бағыттағы сұрақтарды саралауыма, өнімді қызмет жасауыма зор сенім тудырады. Осындай өзара түсіністік біздің ауданды дамытудың басты ресурстарын жүзеге асыру үшін қолдауларыңыз болып табылады! Аудан сайтының құрылуы аудан жөнінде объективті және оперативті информацияларға еркін түрде ие болуға көмектеседі.
Сіздер, біздің сайтқа кіру арқылы, ауданның атқарушы билігінің қызметі жөнінде толық және нақты информацияларды төмендегідей ретпен ала-аласыздар. Яғни қызмет түрлері, кәсіпорындар, онымен қатар мемлекеттік мекемелердің жеке құрамы, олардың қызметі жөнінде информациялар, демалатын орындар, тарихи ескерткіштер, мәдени объектілер, аудандағы көрікті орындар тізбесі, олардың тарихи құндылығы мен орналасу мекен-жайы, ауданның атақты адамдарының жеке басы жөнінде хабарлама ала-аласыздар. Сонымен қатар ресми қатысулар мен әртүрлі шараларға қатысатын басшылардың жоспары беріледі және делегацияның жұмыс маршруты жөнінде нақты дерек аласыз. Бұл сайт қызметі атқарушы биліктің ашықтығы жөніндегі информацияның принциптерін жүзеге асыруға бағытталған.
Бұл жерде Сіз өзіңіз қызыққан барлық сұрақтарға жауап аласыз!
|