Ауылшаруашылығы

Зайсан ауданының ауылшаруашылық саласы бойынша 2017 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат *.doc 47 KB
Кооперация - ауыл болашағы! *.jpg 151 KB
«Ертіс» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ сүт – тауар *.doc 27 KB
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына! *.doc 436 KB
2016 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) аудандар бойынша және дақылдар бөлінісіндегі ең төменгі нормаларын бекіту туралы *.doc 117 KB
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына! *.doc 530 KB
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы *.doc 1 MB
Бюджеттік субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмi *.doc 32 KB
Субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмi *.doc 31 KB
Правила субсидирования племенного животноводства 2015г. *.doc 8 MB
«Агробизнес-2020» бағдарламасы
Қаржыландыру
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өңдеу және іске асыру
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекiту туралы 1 740 KB
Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы 123 KB
Аудан шаруа қожалықтарының назарына!!! 35 KB
2014 жылы өсімдік шаруашылығы саласында төленетін субсидиялар туралы ақпарат 35 KB
Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің,биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау 255 KB
Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау 173 KB
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары 407 KB
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары 276 KB
     

Байланыс деректері:

Атауы

Мекен-жайы

Телефоны

«Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі, №102 үй

(8723 40) 21-729, 21-221, 25107

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы

Зайсан қаласы, Спамбетов көшесі, №10 үй

(8723 40) 27-024, 21-402

«Зайсан ауданының ветеринариялық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Зайсан қаласы, Спамбетов көшесі, №10 үй

(8723 40) 21-729, 21-221, 27-035

Зайсан аудандық ветеринариялық лабораториясы

Зайсан қаласы, Баитов көшесі, №36 үй

(8723 40) 21-420

 

Зайсан ауданының ауылшаруашылық саласы бойынша 2016 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Аудан бойынша 2016 жылдың 6 айында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі 5335,3 млн. теңгені (101,7%) құрады.
2016 жылдың 1 шілдеге  ауданда 89885 бас ірі-қара (105,3%), 140353 бас қой-ешкі (80,4%), 20200 бас жылқы (116,3%),  72573 бас  құс (100,0%) тіркелген. 4986,2 тонна ет (102,7%),  20938,1 тонна сүт (101,1%), 2297,3 мың дана жұмыртқа (100,8%) өндірілді. 
Ауданымызда асыл тұқымды малдар ірі-қарада – 2,2 %-ды, қой малында – 2,4 %-ды, жылқыда – 6,5 %-ды құрап отыр.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі малдың сапасын жақсартып, оның өнімділігін арттыру. Малдың сапасын арттырудың негізгі жолы – мал тұқымын асылдандыру.ААуданда 10 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық бар. Қазіргі кезде ауданда асыл тұқымды ірі-қара малдарын өсіретін 3 шаруашылық («Нұр» жетекшісі Е.Келгенбаев, «Ақбай» жетекшісі С.Әбілғожина) «Ақмарал»  жетекшісі А.Ахметжанова), асыл тұқымды жылқы малдарын өсіретін 3 шаруашылық («Амрен» Ж.Әмренов, «Түкібай» Қ.Әбілғожин, «Жасұлан» Д.Мықиянов), асыл тұқымды қой малдарын өсіретін 2 шаруашылық («Қара Ертіс» Ж.Карыбаев, «Зайсан-Еділбай» Ж.Жұмақанов) және асыл тұқымды ара шаруашылығымен айналысатын 2 шаруашылық (Нұр-Асыл» Кокышев М, жеке кәсіпкер Салбанов А) бар.   2016 жылдың  басынан  228 бас асыл тұқымды ірі қара, 61 бас жылқы сатып алынды.
Ауданның мал шаруашылығын дамытуға ,атап айтқанда , аналық баспен селекциялық және мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жүргізгендері үшін – 48,615  млн. теңге, асыл тұқымды малдарды сатып алғандары үшін – 218,024  млн. теңге, сиыр етін өндіріп сатқаны үшін «Нұр» шаруа қожалығына – 5,606  млн. теңге,  жиыны - 272,245 млн.  теңге субсидия алуға құжаттары өткізілді.     
Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының негізгі саласы мал шаруашылығы. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан мемлекеттік қолдаулар және несиелендіру мәселелері оң шешімін тауып отыр. Малдың барлық түрінің саны және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жыл сайын  тұрақты өсуде.
Жыл басынан бері «Зайсан-Несие» ЖШС өз құрылтайшыларына  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығына 23,6 млн. теңгенің  теңгенің несиесі берілді. Қосыиша 11 қожалықтың 35,6 млн.теңгеге несиеге сұраныстары қаралуда.  
Ауданда  елді мекендерден  сүт  жинаумен және өңдеп сүт өнімдерін   шығарумен  «Зайсан-Сүт» ЖШС-і  айналысуда. Сүт  ауданның  9  елдімекендерінен  жиналады. Күнделікті  аудан  елді мекендерінен  жиналатын сүт  көлемі 500 литр  көлемінде.
«Мұрагер» шаруа қожалығының 100 басқа арналған  тауарлы-сүт фермасын құруға жұмыстар жүргізілуде. Қожалықтың    жайылымдығы  1380,0 гектар.  Қожалықтың  өзін-өзі толықтай  жем-шөппен  қамтамасыз  етуге  әлеуеті жеткілікті. Жобаның құны 40 млн.теңге 6 млн.теңге «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қорының несие қаражаты, 34 млн.теңгесі өз қаражаты. Жобаның  іске  асырылуы  2016 жылға жоспарланған.  Жаңадан 5 жұмыс орны ашылады.
Биылғы 2016 жылы ауданда егілген егістік көлемі   7278 га дәнді дақылдар, 1570 гектар жерге күнбағыс, 594 гектар жерге соя, 1190 гектар жерге картоп, 706 гектар жерге көкөніс, 219 гектар жерге бақша дақылдары және 6383 гектар жерге көпжылдық шөп егіліп, жиыны 17940 гектар жер игеріліп, 2015 жылмен салыстырғанда егістік көлемі 1007 гектарға немесе 5 пайызға артты. Майлы дақылдар алқабының көлемі өткен жылғыдан 702 гектарға артты. Жалпы егіс көлемінің ішінде күнбағыс дақылдарының үлесі 8 пайызды құрап отыр, бұл нормадан артық емес.
Көктемгі  егін  жұмыстары кезінде  топыраққа  2,3 мың тонна органикалық  тыңайтқыштар еңгізілді.
2016 жылы  «Шығыс Қазақстан облысы бойынша 045 «Тұқымдық және көшеттік материалдардың сорттық және себу сапасын анықтау» бюджеттік багдарламасына тұқымдық  және көшеттік материалдардың сорттық және себу сапасын    анықтау жұмыстарына 942599 теңге бөлінген. Оның ішінде тұқымның көктемгі тексеру жұмыстарына 635460 теңге. Барлық бөлінген қаражат толықтай игерілді. Көктемгі егісіне қажетті  1514 т тұқым толық тексеруден өткізілді, оның ішінде 1 класс - 400 тонна (26%), 2 класс – 1114 тонна (74%), 3 класс –жоқ.
Ауданға  2016 жылдың көктемгі егісіне арналған тұқымдардың сұрыбын жаңарту мақсатында, басқа аумақтардан 38 тонна соя тұқымы (10 тонна «Нива70», 28 тонна «Жансая»), 7 тонна күнбағыс тұқымы (3 тонна «Заря», 4 тонна «Скороспелый 87»), 4 тонна тары тұқымы «Айжан», 29 тонна арпа тұқымы «Донецкий 8» және 18 тонна бидай «Омская 18» тұқымдары әкелінді.
Республикалық бюджет есебінен 2 000 гектар алқапқа  кекіреге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, бұл  жұмыстарды  РМК «Фитосанитария»  атқарды. Сонымен қатар, 2000 гектар азиялық шегірткелер химиялық өндеу жұмыстары авиациялық жолымен жүзеге асырылды,  бұл  жұмыстарды  ЖШС «Дельта-Юг»  атқарды.
Тракторларды және олардың негізінде құралған механизмдерді басқару құқығына 49 куәлік берілді. Тракторларды және олардың негізінде құралған механизмдерді тіркеу және қайта тіркеу жөнінде 89 қызмет көрсетілді. Тракторларды және олардың негізінде құралған механизмдерді кепілге қою жөнінде 3 рет тіркеу және мемлекеттік кепілге қою туралы куәліктер берілді. Тракторларды және олардың негізінде құралған механизмдерді жылдық мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу жөнінде 786 байқау жүргізілді. Тракторларға және олардың негізінде құралған механизмдерге ауыртпалық артылғаны немесе артылмағаны жөнінде 33 мәліметтер берілді.

Бөлім басшысы Қ.Каримов

 

Зайсан ауданының ауылшаруашылық саласы бойынша 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат *.doc 35 doc
Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің 2014 жылда атқарылған жұмысы бойынша ақпарат  
2014 ж. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің субсидиялау тізімі (жаңа) *.xls 67 Кб
Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің 2014 жылдың I жартыжылдықта атқарылған жұмысы бойынша ақпарат
Зайсан аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар
Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі бойынша 2013 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар
Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Зайсан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 2012 жылғы І жарты жылдығында атқарған жұмыстары
2011 жылдың 8 айында атқарылған жұмысы бойынша ақпарат
2010 жылы атқарылған іс – шаралардың қорытындысы
2010 жылдың 9 айында атқарылған іс-шаралар туралы анықтама
2010 жылдың 1-тоқсанының қорытындылары

Парақтар өзгертілді: 21-07-2017

19.04.2010 Көктемгі егісті ұйымшылдықпен өткізу туралы семинар-кеңес өткізілді

11.12.2009 Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті

31.07.2009 «Жануарлардың бруцеллезі және бруцеллезбен күресу шаралары»-на арналғансеминар-тренинг өткізді

30.06.2009 Маусым айының басты жаңалығы!

30.06.2009 2009 жылдың Кеңсай ауылдық округі бойынша атқарылған көктемгі жұмыстар