Қаржыландыру

Агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындарын субсидиялау

Аграрлық сектор саласының  кәсіпорындарына және шаруа қожалықтарына берілетін субсидиялар ірі-сабақты мал азығын өндіруге кететін шығындарды ішінара өтеуге, мал өнімдерін өндіруге, соның ішінде сиыр етін, қой, жылқы, құс етін өндіруге және сүт, қымыз, шұбат сондай-ақ қойдың биязы жүнін өндіруге кететін шығындарды ішінара арзандатуға арналған. Сонымен қатар бұл субсидиялар нақты өндірілген өнім түрлері үшін (сиыр еті, қой еті, жылқы еті, қымыз, шұбат, қойдың биязы жүні) есептік номерлері бар сою алаңдары, өңдеу кәсіпорындары арқылы сатылған жағдайда төленеді.

Субсидия мынадай жағдайларда төленбейді:
- ережеде көрсетілген өлшемдерге сәйкес келмейтін тауарөндірушілер өндірген өнімдерге (Сиыр еті, қой, жылқы, құс еті, қымыз, шұбат, қойдың биязы жүні)
- басқа заңды және жеке тұлғалардан қайта сату үшін алынған өнімдерге.
- бартерге берілген және өзара есеп айырысу үшін өткізілген өнімдерге.
- өңдеу  орындары арқылы өңдеуден өтпеген өнімдерге(сүт, шұбат, қымыз)және үй жағдайында сойылып өндірілген өнімдерге (сиыр, қой, жылқы, шошқа, құс еті)
- жұқпалы ауруларға байланысты шектеу қойылған жағдайда және лажсыз сойылған  мал өнімдеріне.

Бюджеттік субсидиялар отандық асыл тұқымды зауыттардан және шаруашылықтардан сатып алынған асыл тұқымды төл үшін және лизинг арқылы алынған асыл тұқымды төл үшін тауарөндірушілерге сатып алуға кеткен шығындарды толықтай және ішінара өтеуге арналған.
Сондай-ақ тауарөндірушілерге селекциялық және малды асылдандыру жұмыстарын жүргізуге кеткен шығындарды ішінара өтеуге, жеке үй шаруашылықтарында жеке кәсіпкерлерге мал тұқымын асылдандыру үшін асыл тұқымды бұқаларды ұстағаны үшін кеткен шығындарды ішінара өтеуге арналған.

Бұл субсидиялар тауарөндірушілерге Ережеде берілген өлшемдерге сәйкес болған жағдайда төленеді.

Жергілікті атқарушы органның мекен жайы: Зайсан қаласы, Желтоқсан көшесі №30 үй.
Телефондар: 21-729, 21-221, 27-035.

Ауылшаруашылық техникасы және құралдарының лизингі

Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс атқаратын кәсіпорындарға, шаруа қожалықтарына «Қазагроқаржы» АҚ арқылы лизингке ауыл шаруашылығы техникалары мен қондырғылары беріледі. Ауыл шаруашылығы техникалары 8% несиеге 7 жылға беріледі. Лизингке техника алушы тұлға техниканың 25 пайыз құнын төлеу қажет.

«Қазагроқаржы» АҚ-ның мекен-жайы: Өскемен қаласы, Сәтбаев көшесі, №62 үй, кабинет 401
тел: 8(7232)20-35-21, 20-37-64

Несиелеу

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы ауылды жерлерде тұратын жеке тұлғаларға 3 жыл мерзімге 9%-бен 1 млн. теңгеге дейін шағын несие беріледі. Шаруа қожалықтарына «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 7 жыл мерзімге 6%-бен 18 млн. теңгеге дейін ірі-қара малын сатып алуға несие беріледі.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның мекен-жайы: Өскемен қаласы, Сәтбаев көшесі №64 үй, кабинет 401.
Тел: 21-60-78, 20-34-18, 20-34-33.

 

Парақтар өзгертілді: 22-10-2013

19.04.2010 Көктемгі егісті ұйымшылдықпен өткізу туралы семинар-кеңес өткізілді

11.12.2009 Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті

31.07.2009 «Жануарлардың бруцеллезі және бруцеллезбен күресу шаралары»-на арналғансеминар-тренинг өткізді

30.06.2009 Маусым айының басты жаңалығы!

30.06.2009 2009 жылдың Кеңсай ауылдық округі бойынша атқарылған көктемгі жұмыстар