Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өңдеу және іске асыру

Зайсан қаласына қарасты  СПК «Зайсан - Астық» - тың 120 тонналық ұн заводы жұмыс істеп тұр. СПК «Зайсан - Астық» 1000 гектар жерге бидай егіп әр гектардан орташа есеппен 18,0 центнерден өнім алып, алынған 1800 тонна бидайды ұн зауытына құйып жұмыс істеуде. Өндірілген ұн Күршім, Тарбағатай және Зайсан аудандарында сатылымға шығарылады.
«Зайсан Астық» АТК
Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Жангелді көшесі, 133
Телефоны: 26-806

Ауданда 2012 жылы тәулігіне 6 тонна сүт  өнімдерін өңдейтін «Зайсан-Сүт» компаниясының сүт зауыты жұмыс істеп  тұр. Зауыт сүтті шаруа  қожалықтарынан келісім-шарт негізінде күніне 200-250 литр, литрін 60 тенгеден сатып  алып өңдеп, 2,5 пайыздық сүт, 2,5 пайыздық айран, 20 пайыздық кілегей, 5 пайыздық  ірімшік өнімдерін  шығарып аудан орталығындағы сауда орындарында сүттің пакетін 160 тенгеден, айран пакетін 170 тенгеден, кілегейдің  килограмын 650 тенгеден, ірімшіктің  килограмын 500 тенгеден саудалайды.
«Зайсан-Сүт» ЖШС 
Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Жангелді көшесі,137
Телефоны: 20-205, 50-205.

Сонымен қатар Қарабұлақ ауылында «Артон-KZ» ЖШС-нің мал сою пункті ауыл, аудан  тұрғындарынан мал сатып алып, сойып, филе, фарш, тоңазытылған ет өнімдерін сауда орындарына шығарады.

Парақтар өзгертілді: 28-08-2014

19.04.2010 Көктемгі егісті ұйымшылдықпен өткізу туралы семинар-кеңес өткізілді

11.12.2009 Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті

31.07.2009 «Жануарлардың бруцеллезі және бруцеллезбен күресу шаралары»-на арналғансеминар-тренинг өткізді

30.06.2009 Маусым айының басты жаңалығы!

30.06.2009 2009 жылдың Кеңсай ауылдық округі бойынша атқарылған көктемгі жұмыстар