Аудан әкiмi

  Әкім блогы

Аудан әкімі -

  Байланыс телефоны: 8-723-40-21-100
  Қабылдау бөлімі: 8-723-40-21-301
  Факс: 8-723-40-21-796
  Эл. адрес: t.kasimganov@akimvko.gov.kz
  Мекен-жайы: 070700, ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қ., Жангелді к., 54
  Қабылдау күндері: әр айдың екінші және төртінші дүйсенбісі сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін

 

Зайсан ауданы әкімінің ресми сайтын пайдаланушы
мырзалар мен ханымдар!

Мен Сіздердің ауданның ресми сайтына кірулеріңізді құрметпен қарсы аламын. Біздің аудан еңбеккерлері Шығыс Қазақстан облысындағы алдыңғы қатарлы, перспективалы түрде өзара қызметтесіп және өнімді түрде жұмыс істеп келеді. Онымен қатар таулы – қазба байлықтары мол (көмір, сланец) болашақта мұнай және газ өнімдері өндіріліп, аң аулау және туристік саяхат дамытылып, радонды су көздері мен батпақпен емдеу орындарының мол қорлары бар.

Осындай ауданның табиғи мол байлықтары Сіз бен біздің бірлесіп халыққа қызмет етуімізге, өндірісті дамытуымызға мол инвестиция тартуымызға зор мүмкіндік береді. Бұл менің Сіздермен негізгі және екінші бағыттағы сұрақтарды саралауыма, өнімді қызмет жасауыма зор сенім тудырады. Осындай өзара түсіністік біздің ауданды дамытудың басты ресурстарын жүзеге асыру үшін қолдауларыңыз болып табылады! Аудан сайтының құрылуы аудан жөнінде объективті және оперативті информацияларға еркін түрде ие болуға көмектеседі.

Сіздер, біздің сайтқа кіру арқылы, ауданның атқарушы билігінің қызметі жөнінде толық және нақты информацияларды төмендегідей ретпен ала-аласыздар. Яғни қызмет түрлері, кәсіпорындар, онымен қатар мемлекеттік мекемелердің жеке құрамы, олардың қызметі жөнінде информациялар, демалатын орындар, тарихи ескерткіштер, мәдени объектілер, аудандағы көрікті орындар тізбесі, олардың тарихи құндылығы мен орналасу мекен-жайы, ауданның атақты адамдарының жеке басы жөнінде хабарлама ала-аласыздар. Сонымен қатар ресми қатысулар мен әртүрлі шараларға қатысатын басшылардың жоспары беріледі және делегацияның жұмыс маршруты жөнінде нақты дерек аласыз. Бұл сайт қызметі атқарушы биліктің ашықтығы жөніндегі информацияның принциптерін жүзеге асыруға бағытталған.

Бұл жерде Сіз өзіңіз қызыққан барлық сұрақтарға жауап аласыз!

 

Парақтар өзгертілді: 29-11-2017