Аудан әкiмi

Әкімнің баяндамасы
Әкімінің есеп беру кездесулері
Әкiмдiк кұрылымы

  Әкім блогы

Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы Аудан әкімі - Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы

Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы 1957 жылы 20 тамызда Шығыс-Қазақстан облысы Зайсан ауданы Жарсу ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1981 жылы Томск инженер-құрылыс институтының «Ауылшаруашылық құрылысы» мамандығы бойынша, 1998 жылы Д.Серікбаев атындағы  Шығыс-Қазақстан Техникалық Университетінің «Құрылыстағы экономика және менеджмент»  мамандығы бойынша бітірді.
1974-1976 жж Зайсан ауданы Қарабұлақ совхозында  жұмысшы, 1976-1981 жж.  Томск инженерлік-құрылыс институтының студенті, 1981-1985 жж.   Облыстық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының инженері, 1985- 1986 жж.  Өскемен шаруашылық есептік тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы үй басқару бас инженері, 1986-1988 жж. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық коммуналдық шаруашылығы біріккен кәсіподақ ұйымының төрағасы, 1988-1989 жж. Шығыс Қазақстан облысы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық өндірістік құрылымының  жетекші инженері, 1989- 1990 жж Шығыс Қазақстан облысы халықтық депутаттар Кеңесі Октябрь аудандық атқарушы комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы, 08.01.1990- 19.03.1992 жж Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының  Октябрь аудандық халықтық депутаттар кеңесінің  атқарушы комитеті төрағасының орынбасары, 1992- 1996 жж.  Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Октябрь аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, 1996 - 1998 жж. Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, тұрғын-үй, архитектура және аумақтық құрылыс басқармасы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, 1998- 2001 жж.  Шығыс Қазақстан облысының  құрылыс, сәулет және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары, 2001-2004 жж.  Шығыс Қазақстан облысының  құрылыс және сәулет басқармасы бастығының орынбасары, 2004 – 2005 жж. Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы кадастры басқармасының бастығының орынбасары, 2005-2006 жж. Шығыс Қазақстан облысының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс департаментінің бастығының орынбасары, 2006-2007 жж. Шығыс Қазақстан облысының сәулет және  қалақұрылысы басқармасының бастығының орынбасары, 2007-2008 жж.  Шығыс Қазақстан облысының құрылыс департаментінің директоры, 2008 ж. Шығыс Қазақстан облысының  құрылыс басқармасының бастығы, 2008-2009 Шығыс Қазақстан облысының  Өскемен қаласының әкімі, 2009 - 2013 жж Шығыс Қазақстан облысының  Жарма ауданының әкімі, 2013- 2016 жж. Шығыс  Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі қызметтерін  атқарды.

  Байланыс телефоны: 8-723-40-21-100
  Қабылдау бөлімі: 8-723-40-21-301
  Факс: 8-723-40-21-796
  Эл. адрес: t.kasimganov@akimvko.gov.kz 
  Мекен-жайы: 070700, ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қ., Жангелді к., 54
  Қабылдау күндері: әр айдың екінші және төртінші дүйсенбісі сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін

Зайсан ауданы әкімінің ресми сайтын пайдаланушы
мырзалар мен ханымдар!

Мен Сіздердің ауданның ресми сайтына кірулеріңізді құрметпен қарсы аламын. Біздің аудан еңбеккерлері Шығыс Қазақстан облысындағы алдыңғы қатарлы, перспективалы түрде өзара қызметтесіп және өнімді түрде жұмыс істеп келеді. Онымен қатар таулы – қазба байлықтары мол (көмір, сланец) болашақта мұнай және газ өнімдері өндіріліп, аң аулау және туристік саяхат дамытылып, радонды су көздері мен батпақпен емдеу орындарының мол қорлары бар.

Осындай ауданның табиғи мол байлықтары Сіз бен біздің бірлесіп халыққа қызмет етуімізге, өндірісті дамытуымызға мол инвестиция тартуымызға зор мүмкіндік береді. Бұл менің Сіздермен негізгі және екінші бағыттағы сұрақтарды саралауыма, өнімді қызмет жасауыма зор сенім тудырады. Осындай өзара түсіністік біздің ауданды дамытудың басты ресурстарын жүзеге асыру үшін қолдауларыңыз болып табылады! Аудан сайтының құрылуы аудан жөнінде объективті және оперативті информацияларға еркін түрде ие болуға көмектеседі.

Сіздер, біздің сайтқа кіру арқылы, ауданның атқарушы билігінің қызметі жөнінде толық және нақты информацияларды төмендегідей ретпен ала-аласыздар. Яғни қызмет түрлері, кәсіпорындар, онымен қатар мемлекеттік мекемелердің жеке құрамы, олардың қызметі жөнінде информациялар, демалатын орындар, тарихи ескерткіштер, мәдени объектілер, аудандағы көрікті орындар тізбесі, олардың тарихи құндылығы мен орналасу мекен-жайы, ауданның атақты адамдарының жеке басы жөнінде хабарлама ала-аласыздар. Сонымен қатар ресми қатысулар мен әртүрлі шараларға қатысатын басшылардың жоспары беріледі және делегацияның жұмыс маршруты жөнінде нақты дерек аласыз. Бұл сайт қызметі атқарушы биліктің ашықтығы жөніндегі информацияның принциптерін жүзеге асыруға бағытталған.

Бұл жерде Сіз өзіңіз қызыққан барлық сұрақтарға жауап аласыз!

 

Парақтар өзгертілді: 16-06-2016