Әкiмi аппараты

Аппарат басшысы

Аппарат басшысы – Сиырбаев Серікбол Кунапиянович

1960 жылы 7 қаңтарда  Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қуаныш ауылында туған. Білімі жоғары.Ұлты қазақ. 1981 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын бітіріп, сурет, сызу пәнінің мұғалімінің мамандығын алды.

Еңбек жолы:
07.1976 - ШҚО, Зайсан ауданы, Кендірлік совхозында көмекші шопан.
08.1977 ж.  - Абай атындығы Қазақ педагогикалық институтының  студенті.
08.1981ж. - ШҚО, Зайсан ауданы, Дайыр ауылындағы Гоголь атындағы орта мектебінде сурет, сызу пәнінің мұғалімі.
10.1982 ж. - ШҚО, Зайсан ауданы, Біржан ауылындағы Амангелді  атындағы орта мектебінде сурет, сызу, еңбек  пәнінің мұғалімі.
08.1990 ж. - ШҚО, Зайсан ауданы, Біржан ауылында Амангелді атындағы орта мектебінің мектеп директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
08.1992 ж. - ШҚО, Зайсан ауданы, Біржан ауылында Амангелді атындағы орта мектебінің мектеп директоры.
01.2002 ж. - ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласындағы көпсалалы көркем өнер мектебінде директор.
03.2009 ж. – ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан аудан әкімінің көмекшісі.
6.06.2009 ж. - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
10.06.2019 ж – Зайсан ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Женгельдин к., 54
Тел.: 8 72340 21700
Электронды адрес: se.siyrbaev@akimvko.gov.kz

Лауазымдық міндеттер

Аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық- құқықтық және материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету. Аудан әкімдігі отырыстарына мәселелерді дайындау жөніндегі аудандық атқарушы органдардың қызметін жоспарлау, үйлестіру, аудан әкімдігінің жұмыс жоспарын және оның қаулыларын орындауды бақылау.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін, облыс және аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындау бойынша қала, ауылдық округтері әкімідерінің, аудан әкімінің дербес бөлімдерінің қызметін үйлестіру.
Аудан әкімінің облыс әкімінің кеңсесімен байланысын қамтамасыз ету және олардың тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру.
Аудан әкімінің аудандық маслихатпен өзара қызметті қамтамасыз ету. Аудан әкімі тағайындайтын кадрлар жөнінде ұсыныстар, аудандық атқарушы органдардың басшылары мен қала, ауылдық округі әкімдерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар дайындау. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін   ( Е-4, Е-5, Е-6) лауазымға тағайындау және лауазымынан босату. Аудан әкімі аппаратының жұмысын техникклық қамтуды іске асыратын қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату. Облыстық сайлау комиссиясымен, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен өзара қызметті қамтамасыз ету. Қылмысқа, Сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы күрес жөнінде қабылданған бағдарламалардың орындалуынга бақылау жасайды, аудан әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмысындағы ұйымдастырушылық байланысты іске асырады.
Өз міндетін халықаралық стандарты ИСО 9001:2000 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сай атқарады.

Парақтар өзгертілді: 26-08-2019