Аудан әкімі аппараты

Зайсан ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімі

Бабагумарова Альмира Кинаятолдакызы Бабағұмарова Әлмира Қинаятолдақызы

1973 жылы 08 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1991 жылы Қостанай қаласындағы Қостанай мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1996 жылы аталған университетті  «Тарих, тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1996 жылы ШҚО, Зайсан қаласындағы М. Әуезов атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастады. 2001 – 2008 жылдары ШҚО, Зайсан аудандық білім бөлімінің бас маманы, 2008 жылдың 10 шілдесінен 2013 жылдың 11 тамызына дейін ШҚО, Зайсан ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы болып қызмет етті. 2013 жылдың 12 тамызынан бастап ШҚО, Зайсан ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Тел.: (8-723-40) 26-916
 Эл. адресі: babagumarova@zaysan.vko.gov.kz

Бөлімнің міндеті:

  1. Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
  2. Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.
  3. Мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

Бөлімнің функциялары:
1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
2) мемлекеттік органның кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;
5) әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік талаптарын сақталуын қадағалау.
6) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
7) мемлекеттік органның кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы  қамтамасыз ету;
8) конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
9) мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;
10) мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
11) мемлекеттік қызметкерлерінің жеке бас құжаттарының және  қызметтік тізімдеріне дербес деректерiн, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелерi туралы мәлiметтердi уақытылы толтырылуды қамтамасыз  етеді.
12) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы  мен  мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын,  сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
13) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізу.

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 10-09-2013