Аудан әкімі аппараты

Аппарат басшысы

Әндірбаев Сабыр МұсабекұлыӘндірбаев Сабыр Мұсабекұлы
8 наурыз 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қуаныш ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Қаратал ауылының Горький атындағы орта мектепті бітірген. 1 жыл Айнабұлақ ауылында жұмысшы болып істеген. 1987-1989 жылдарда Совет Армиясы қатарында борышын атқарып келіп, жоғарғы оқу орынына түсті. 1992 жылы Семей қаласының ветеринарлық институтын бітіріп ветеринарлық дәрігер мамандығын алды. 1992 жылы Ақ Арал совхозында мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1997 жылы Зайсан аудандық ветеринарлық станциясының бас мал дәрігері қызметін атқарды. 2002-2005 жылдары Дайыр ауылдық округінің әкімі болды. 2005-2008 жылдары аудан әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, 2008-2010 жылдары. аппарат басшысы болып қызмет етті. 2010 жылдың 23 қыркүйегінен бастап аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2015 жылдың 26 тамызынан бастап аудандық ветеринария бөлімінің бастығы, 2016 жылдың 21 маусымынан бастап аудан әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттер

Аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық- құқықтық және материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету. Аудан әкімдігі отырыстарына мәселелерді дайындау жөніндегі аудандық атқарушы органдардың қызметін жоспарлау, үйлестіру, аудан әкімдігінің жұмыс жоспарын және оның қаулыларын орындауды бақылау.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін, облыс және аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындау бойынша қала, ауылдық округтері әкімідерінің, аудан әкімінің дербес бөлімдерінің қызметін үйлестіру.
Аудан әкімінің облыс әкімінің кеңсесімен байланысын қамтамасыз ету және олардың тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру.
Аудан әкімінің аудандық маслихатпен өзара қызметті қамтамасыз ету. Аудан әкімі тағайындайтын кадрлар жөнінде ұсыныстар, аудандық атқарушы органдардың басшылары мен қала, ауылдық округі әкімдерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар дайындау. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін   ( Е-4, Е-5, Е-6) лауазымға тағайындау және лауазымынан босату. Аудан әкімі аппаратының жұмысын техникклық қамтуды іске асыратын қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату. Облыстық сайлау комиссиясымен, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен өзара қызметті қамтамасыз ету. Қылмысқа, Сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы күрес жөнінде қабылданған бағдарламалардың орындалуынга бақылау жасайды, аудан әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмысындағы ұйымдастырушылық байланысты іске асырады.
Өз міндетін халықаралық стандарты ИСО 9001:2000 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сай атқарады.

Телефон: 8-723-40-21-700

 

Парақтар өзгертілді: 22-06-2016