Әкiмi аппараты

Зайсан ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімі

Исаева Сәуле ТоқтарқожақызыИсаева Сәуле Тоқтарқожақызы

1965 жылдың 7 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Зайсан қаласында  дүниеге келген. 1983 жылы Ломоносов атындағы орта мектебін бітірді. Мектепті аяқтағаннан кейін Өскемен құрылыс–жол институтының қоршаған ортаны қорғау кафедрасында лаборант болып қызмет атқарды. 1984 жылы аталмыш институттың студенты атанып, инженер-құрылысшы мамандығы бойынша 1989 жылы тәмамдады. 1990-1999 жылдар аралығында Зайсан қаласының аудандық суландыру жүйесі мекемесінде іс – жүргізуші болып жұмыс істеді. 2001-2005 жылдары Зайсан ауданы әкімінің қабылдау бөлмесінде хатшы, ал 2005-2009 жылдары аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды. 2009 жылдың қазанынан бастап ауданыдық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль  жолдары бөлімінің  бас маманы, 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.

Тел.: (8-723-40) 21-567
Эл. адрес: s.isaeva@akimvko.gov.kz 

Бөлімнің жұмысы:

  • Аудан әкімі аппаратында қабылданатын нормативтік-құқықтық актілердің заңға сәйкестігіне сараптама жасап тексеру.
  • Қала, ауылдық округі әкімі аппараттарына, дербес бөлімдерге Қазақстан Республикасының Заңдары шеңберінде жұмыс істеулеріне практикалық көмек көрсетіп ақыл кеңес беру.
  • Мемлекеттік қызметкерлердің статистикалық есебін жүргізеді.
  • Аудан бойынша дауыс беретін сайлаушылар тізімін дайындау.
  • Аудан әкімі аппараттық кеңестері мен әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелерді жоспарлап, аппараттық кеңестер мен әкімдік мәжілістерде аудан әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау.
  • Мемлекеттік қызметкерлердің «Ар-Намыс» Кодексін сақтауларын, мемлекеттік мекемелерде ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының орындалуын бақылау.
  • Ай сайын құқықтық оқу өткізу.
  • Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсынан өтуін жоспарлау және бақылау.

 

Парақтар өзгертілді: 15-02-2018