Аудан әкiмi аппараты

Зайсан ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі

Тел.: (8-723-40) 27-203

Мейрамбекұлы ҰланМейрамбекұлы Ұлан
1988 жылы 18 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Қарабұлақ  ауылында туған. 2011 жылы Қазақстан-Американ еркін университетін құқықтану мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2009-2011 жылдар аралығында «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің заңгері, 2011-2014 жылдар аралығында Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімінің заңгер-кеңесшісі, 2014-2015 жылдары Зайсан аудандық маслихаты аппаратының бас маман-заңгері лауазымдарын атқарған. 2015 жылдың 22 желтоқсанынан бастып Зайсн ауданы әкім аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:
Аудан әкімінің аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің жұмысын үйлестіреді, басшылық жасайды. Аудан әкімінің және оның аппаратының мүліктік және басқада заңды құқықтары жөніндегі  мүддесін заңды құралдар арқылы қорғауға қатысады, лауазымды қызметкерлеріне және дербес бөлімдеріне, қала ауылдық округ әкімі аппаратына құқықтық жұмыстар жөнінде кеңестер береді. Аудан әкімдігінің, қала, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерінің,  нотариаттық іс-әрекет есебін жүргізу және мониторингін тиісті органдарға беруін қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің және әкімдіктің актілер жобаларының заңнама талаптарына сәйкес келуін тексереді, оларға беттер бойынша дәйектендіру жүргізеді.
Аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етеді. Қала, ауылдық округ әкімі аппараттарының, дербес бөлімдерінің, аудан әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметкерлеріне құқықтық оқуды өткізілуін ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қолданыстағы заңдылыққа сәйкес қарап   жауаптар әзірлейді. Құқықтық қамтамасыз ету әдістемесіне бағалауына жауап береді.
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңына сәйкес кәсіби емес медиаторлардың және алқабилердің  тізімін жүргізеді, есебін береді.
Құқық қорғау саласындағы әр түрлі бағдарламалармен жұмыс жасайды, орындалуын қадағалайды, тоқсандық жылдық есебін жүргізеді.
Аудандық шекаралық мәселе жөніндегі үйлестіру кеңесіне хатшылық етеді,  құжаттарын рәсімдейді және  сақталуына жауап береді. 
Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық  комиссияның жұмысын үйлестіреді. Заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Б
өлім  меңгерушісінің  міндеттері:

  1. Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жұмысын үйлестіреді, басшылық жасайды;
  2. Аудан әкімінің және оның аппаратының мүліктік және басқада заңды   құқықтары жөніндегі  мүддесін заңды құралдар арқылы қорғауға қатысады;
  3. Лауазымды қызметкерлеріне және дербес бөлімдеріне, қала ауылдық округ әкімі аппаратына құқықтық жұмыстар жөнінде кеңестер береді;
  4. Аудан әкімдігінің қала, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерінің,  нотариаттық іс-әрекет есебін жүргізу және мониторингін тиісті органдарға беруін қамтамасыз етеді;
  5. Аудан әкімінің және әкімдіктің актілер жобаларының заңнама талаптарына сәйкес келуін тексереді, оларға беттер бойынша дәйектендіру жүргізеді;
  6. Аудан әкімінің нормативтік –құқықтық актілерінің жобасын дайындауға қатысады;
  7. Аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етеді;
  8. Қала, ауылдық округ әкімшіліктерінің, дербес бөлімдерінің, аудан әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметкерлеріне құқықтық оқуды өткізілуін ұйымдастырады;
  9. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңына сәйкес кәсіби емес медиаторлардың және алқабилердің  тізімін жүргізеді, есебін береді.
  10. Құқық қорғау саласындағы әр түрлі бағдарламалармен жұмыс жасайды,
  11. Өз міндетін халықаралық стандарты ИСО 9001:2000 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сай атқарады.

Бөлімнің жұмысы:

  1. Мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің жұмысын үйлестіруді, аудан әкімінің және оның аппаратының мүліктік және басқа да заңды   құқықтары жөніндегі  мүддесін заңды құралдар арқылы қорғауға қатысу, лауазымды қызметкерлеріне және дербес бөлімдеріне, қала ауылдық округ әкімі аппаратына құқықтық жұмыстар жөнінде кеңестер беру, аудан әкімдігінің қала, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерінің,  нотариаттық іс-әрекет есебін жүргізу және мониторингін тиісті органдарға беруін қамтамасыз ету,  қала, ауылдық округ әкімдерінің, дербес бөлімдерінің, аудан әкімінің  аппаратының мемлекеттік қызметкерлеріне құқықтық  оқуды  өткізілуін  ұйымдастыру, Қазақстан   Республикасының «Медиация туралы» заңына сәйкес      кәсіби  емес медиаторлардың   және алқабилердің  тізімін жүргізу және есебін беру, құқық  қорғау  саласындағы  әр түрлі бағдарламалармен жұмыс  жасау, орындалуын қадағалау, тоқсандық жылдық есебін жүргізу, аудандық құқық бұзушылыққа қарсы ведомствоаралық комиссияға хатшылық ету және құжаттарының сақталуына жауап беруді қамтамасыз етеді.
  2. Аудан әкімінің және әкімдіктің актілер жобаларының заңнама   талаптарына сәйкес келуін тексеру оларға беттер бойынша    дәйектендіру жүргізу, аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік  тіркеуден өткізілуін қамтамасыз ету, өз міндетін халықаралық стандарты   ИСО 9001:2000  сапа  менеджменті  жүйесінің  талаптарына  сай атқарады.

 

 

Парақтар өзгертілді: 23-12-2015