Кәсіпкерлік және бизнес

Шағын және орта бизнес
Өнеркәсіп
Инвестициялық потенциал
Жеке кәсіпкерлікті ашу
Кәсіпкерлікті қорғау
Кәсіпкерлікті қолдау
Аккредитация

 

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі *.doc 1.4 MB

 

Зайсан ауданының кәсіпкерлік саласы бойынша 2016 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың 01 шілдесіне Зайсан ауданы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің  тіркелген заңды тұлғалар саны – 100 (2015 жылы – 91 немесе 109,9%), оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 77, бұл 2015 жылдың (69) сәйкес мерзімімен салыстырғанда 111,6%, белсенді  жұмыс істеп тұрғаны – 57, бұл 2015 жылмен (50) салыстырғанда 114,0%.
Тұтастай өнеркәсіп өнімі  3147,6 млн. теңге болды, табиғи индекс көлемі 108,0%. Кен өндіру және карьерлерді қазу 2501,2 млн.теңге, өткен жылмен салыстырғанда 107,8%, өңдеу өнеркәсібінің өнімі 386,6 млн.теңгені құрады, өткен жылғыдан 117,3%, оның ішінде тамақ өнеркәсібінің өнімі 151,1 млн.теңге болып 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 108,7% болды.  
Аудан тұрғындарына 141 дүкен, 13 дәріхана,  18 наубайхана,  9 қонақ үй,  8 машина жөндеу шеберханасы, 8 жанар-жағар май станциясы, 22 қоғамдық тамақтандыру орыны, 5 базар және 14 шаштараз қызмет көрсетеді. Соңғы жылдары аудан көлемінде шағын кәсіпкерлік саласы  дамуда, атап айтқанда есепті уақытта  1 сауда  дүкені, 1 шаштараз іске қосылып,  43 адамға  жаңа  жұмыс  орындары  ашылды.    Ауданымызда аумақтық индустрияландыру картасына 3 жоба енгізілген.  
1. «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің құрылыс комбинатының темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытын ұлғайтуы және жаңалау» жобасы облыстық үйлестіру кеңесінің 2011 жылғы 23 мамырдағы №1/2350 хаттамасына сәйкес Аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. Жалпы құны 325 млн.теңге,  2013 жылы жобалық қуаттылық 100%-ға жетті, 2015  жылы 9 айында 2952м3 темір бетон өнімдері өндірілді. 
2. 2013 жылдың 15 тамызында  «СМУ Шығыс» ЖШС-ның құны 411 млн теңге «Құрылыс материалдары комбинатының темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытын кеңейту және жаңалау жобасының 2 кезеңі».  Жобасы құны 411 млн.теңге. Жоба «Өнімділік -2020» бағдарламасының қатысушысы.  Толық жобалық қуаттылыққа 2016 жылы шығуы жоспарланған.
3. 2015 жылғы 07 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының   үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру  кеңесінің №3/1879 хаттамасымен «Нұр» шаруа қожалығының «Шағын ет комбинатын ашу» жобасы    аймақтық индустрияландыру  картасына енгізілді. Жоба құны 150,0 млн.тенге. жобаның жүзеге асуы 2015-2017 жылдар.
Биылғы жылы 6 айда жалпы құны 307,0 млн теңге болатын 5 жобаларға бизнес-жоспарлар жасалды. 4 жоба екінші деңгейлі банктердің қарауында жатыр.
Ауданымыздан инновациялық грант алуға 39,0 млн теңгенің 11 жобалары  ұсынылды.
Ауданда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты төртінші бағыты бойынша  «Бизнес-Кеңесші» қаржылық емес қолдау бағдарламасы аясында бекітілген кестеге сәйкес аудан  кәсіпкерлеріне тренинг-оқытулар өткізіліп 31 адамға сертификаттар тапсырылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында ЖК Келгенбаев Ш. «Жолаушыларды тасымалдау» жобасына 106,6 млн теңге, ЖК Әділбаева Б. «Айналым қаражатын толықтыру» жобасына 15,0 млн теңге, Келгенбаева А. «Негізгі қорлар сатып алу, айналым қаражатын толықтыру» жобасына 4,9 млн теңге несие алды.       
Туризм саласында жұмыс істеп тұрған туристік маршруттар: ЖК «Келгенбаев Шынғыс», «Аль-Темир Стар» ЖШС, «Емейзинг Зайсан Тревл» ЖШС, ЖК «Сырымбаева Бақыт», сонымен қатар «Айка» ш/қ,    «Бәйтерек» мәдени, спорттық-сауықтыру орталығы. Қызмет көрсетілген келушілер саны (резиденттер) І тоқсанда жоспар 3483 адам, орындалғаны 4491 адам, орындалуы 128,9%, қызмет көрсетілген келушілер саны (резидент емес) жоспар 800 адам, орындалғаны 1577 адам, орындалуы 197,1%, ұсынылған төсек-тәулік саны жоспар бойынша 5223, нақтылы 6162 немесе 118%. Жартыжылдық қорытындылары жөнінде көрсеткіштерді статистика басқармасы әлі берген жоқ.
Туризм саласын дамыту мақсатында «Байтерек» мәдени спорттық –сауықтыру орталығына жергілікті бюджеттен бөлінген, 2015 жылы 2,0 млн. теңгеге: 6 жылқы, 1 снегоход, шанғылар мен коньки; 2016 жылы 5,500 млн. теңгеге: монша мен бассейн салынды, 10 кигіз үй, құрал-жабдықтар (ыдыстар, кілемдер, спорт тауарлары) сатып алынды, жыл басынан бері 310 адамға 530 мың теңгенің ақылы қызметтері көрсетілді.
«Айка» ш/қожалығының «Кіші Жеменей», «Майшат» пен «Тебеген» учаскелеріндегі базалары келушілерді қабылдауда. Қожалық өз қаражаты есебінен 6 млн. теңге жұмсап «Кіші Жеменей» учаскесінде туристерге арналған демалыс үйін салып бітірді. Қожалыққа келген шетелдік қонақтар саны  биыл жыл басынан бері – 8 адам.
ЖК Келгенбаев Шынғыс мамыр айында ҚХР-нан 18 адамдық алғашқы топты әкеліп, бірінші күні «Бәйтерек» базасында, екінші күні «Айка» ш/қожалығының «Кіші Жеменей» базасында арнайы жасалынған туристік схема бойынша демалдырды.
Аудандық баға тұрақтандыру жөніндегі штаб отырысы 2016 жылғы І жартыжылдықта 6 рет өткізілді, жұмыстар жүргізілді.  Бағаны тұрақтандыруға байланысты 2016 жылға қала, ауыл округ әкімдері кәсіпкерлермен,  шаруа қожалықтарымен 277 меморандумдар, оның ішінде бекітілген 105 түрлі дәрі - дәрмекке дәріхана иелерімен -9, ауыл шаруашылық өнімдерін төмен бағамен саудалау туралы шаруа қожалықтарымен - 164, жанар жағар май құю орындарымен - 6, үстеме бағаны 10 пайыздан асырмауға 87 дүкен иелерімен жасалған.
Үстеме бағаны 10%-дан асырмай тұтынушыға сату туралы жасалған меморандумдардың орындалуы қадағалануда, сауда дүкендерінің иелерімен түсінік жұмыстары жүргізілуде. Бағаны тұрақтандыру жөніндегі комиссияның бөлінген топтары азық-түлік, өндірістік тауарларының, көкөністің, жанар-жағар май өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізуде.                
Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында сенбі сайын жәрмеңке өткізілуде. Жәрмеңкелерде ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы орталық базарға қарағанда 10-15%-ға төмен. 2016 жылғы І жартыжылдықта  27 жәрмеңке өткізіліп, оларда 125,1 млн теңгенің өнімі саудаланды, сонымен қатар ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер Өскемен қаласында өткізілген жәрмеңкеге қатысып, 4,5 млн теңгенің өнімдерін саудалады.

 

Бөлім басшысы Қ.Каримов

 


Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстар
Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі бойынша 2014 жылы атқарылған жұмыстар
Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі бойынша 2014 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар
Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар
Аудандық кәсіпкерлік бөлімі бойынша 2013 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Аудандық кәсіпкерлік бөлімі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар
Аудандық кәсіпкерлік бөлімі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Зайсан ауданындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы  туралы анықтама 2012 жылдың 5 айы
2011 жылғы Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі  жұмысының қортындысы және 2012 жылға арналған міңдеттері туралы 
Бөлім бойынша 2011 жылдың 1-жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудағы 2010 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы
Зайсан ауданы бойынша 2009 жылғы шағын және орта кәсіпкерліктің даму қорытындысы
2009 жылдың 9 айы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы қорытындысы
Зайсан ауданында шағын және орта кәсіпкерліктің 2009 жылдың I жартыжылдық қорытындысы
2009 жылдың 1-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар
2008 жылы
2006-2007

 

Парақтар өзгертілді: 16-11-2016

04.07.2011 Кәсіпкерлікпен айналысуға ынта білдірген тұрғындарды оқыту экспресс-курсы өтті

15.12.2009 Ауданда «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша тренинг-оқыту өткізілді