Кәсіпкерлік және бизнес

Шағын және орта бизнес

2018 жылдың 01 мамырына халыққа қызмет көрсетудің барлық түрлерімен шұғылданып, тұрғындар сұранысын өтеуде 2615 шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 106,6% немесе 162 бірлік, оның ішінде:
- заңды тұлғалар – 111 (2017 жылы - 102); - жеке кәсіпкерлер – 1323 (2017 жылы - 1203); - шаруа қожалықтары – 1181 (2017 жылы - 1148)
2018 жылдың 1 мамырына Зайсан ауданында шағын және орта бизнестің 144 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны – 109 (2017 жылы-100), өсу қарқыны – 109%. Бүгінгі күнге аудан тұрғындарына 171 дүкен, 14 дәріхана, 12 қонақ үй, 24 машина жөндеу шеберханасы, 6 жанар-жағар май станциясы, 27 қоғамдық тамақтандыру орыны, 5 базар және 12 шаштараз қызмет көрсетуде. Өткен 2017 жылы жылы 10 сауда дүкені, 1 ресторан, 1 дәріхана іске қосылып, 40 адамға жаңа жұмыс орындары ашылды.

Парақтар өзгертілді: 13-06-2018