Аккредитация

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн  аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңына, Қазақстан Республикасы Кодексінің 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V ҚРЗ  «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидалары туралы» №1089 Қаулысына сәйкес, кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану үшін жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Ереженің 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi, хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде төменде көрсетілген құжаттар тізімін ұсынады:
1) өтініш нысаны  Ереженің 1-қосымшасына сәйкес;
2) салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтайшылық құжаттардың және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.       
Аккредиттеуге қатысу үшін толық құжаттар топтамасы 2016 жылдың 09 желтоқсаннан сағат 9:00–ден 2016 жылдың 26 желтоқсанның 18:30-ға дейін «Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шарушылығы бөлім» ММ келесі мекен-жайы бойынша қабылданады: 070700, ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангельдин көшесі №100.
Қосымша ақпарат алу үшін «Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шарушылығы бөлім» мемлекеттік мекемесіне 8(72-340)25-107 телефон нөмірі бойынша жүгінуге болады.

 

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 мамырдағы N 477 Қаулысы негізінде жүргізіледі.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттiк органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiнің 1-қосымшасына сәйкес өтiнiш;
2) салыстыру үшiн түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтайшылық құжаттардың, жарғының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi;

N 1 қосымша

Аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi мынадай кезеңдердi қамтиды:

1) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы;
2) мемлекеттiк органның аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдауы;
3) аккредиттеу туралы куәлiктi немесе негiздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.
Құжаттарды қарау (өтiнiштер қабылданған сәттен бастап) және аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi қабылдау мерзiмi он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

Аккредиттеу туралы куәлiк  Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiнің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3 жыл мерзiмге берiледi.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы 53.5 Kb

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 08-12-2016