Инвестициялық потенциал

Ауданымызда аумақтық индустрияландыру картасына 3 жоба енгізілген.  

1. «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің құрылыс комбинатының темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытын ұлғайтуы және жаңалау» жобасы облыстық үйлестіру кеңесінің 2011 жылғы 23 мамырдағы №1/2350 хаттамасына сәйкес Аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. Жалпы құны 325 млн.теңге,  2013 жылы жобалық қуаттылық 100%-ға жетті, 2015  жылы 9 айында 2952м3 темір бетон өнімдері өндірілді. 

2. 2013 жылдың 15 тамызында  «СМУ Шығыс» ЖШС-ның құны 411 млн теңге «Құрылыс материалдары комбинатының темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытын кеңейту және жаңалау жобасының 2 кезеңі».  Жобасы құны 411 млн.теңге. Жоба «Өнімділік -2020» бағдарламасының қатысушысы.  Толық жобалық қуаттылыққа 2016 жылы шығуы жоспарланған.

3. 2015 жылғы 07 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының   үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру  кеңесінің №3/1879 хаттамасымен «Нұр» шаруа қожалығының «Шағын ет комбинатын ашу» жобасы    аймақтық индустрияландыру  картасына енгізілді. Жоба құны 150,0 млн.тенге. жобаның жүзеге асуы 2015-2017 жылдар.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында ЖК Келгенбаев Ш. «Жолаушыларды тасымалдау» жобасына 106,6 млн теңге, ЖК Әділбаева Б. «Айналым қаражатын толықтыру» жобасына 15,0 млн теңге, Келгенбаева А. «Негізгі қорлар сатып алу, айналым қаражатын толықтыру» жобасына 4,9 млн теңге несие алды.

 

Парақтар өзгертілді: 01-08-2016