Инвестициялық потенциал

Жеке кәсіпкерлік
Жеке жұмысты қалай ашуға болады?
Өндірістік кооператив
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу
Қаржылық жоспарлау
Жеке кәсіпкер қызметінің тоқтауы
Қызметін тоқтату, есептен шығару

Жеке кәсіпкерлік

Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады. 

Дербес кәсіпкерлік иелігіндегі мүлікке хұқы бар бір азаматпен жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа құқықтары бар.

Біріккен Кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік құқықтарына ие бірнеше азаматтың бірлесуінен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп пайдалану мен бірігіп билеу құқына ие азаматтар.

Жеке кәсіпкерлік мүліктік жауапкершілік негізінде құрылады. Жеке кәсіпкер заңды тұлғаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлейді. Ол өзі үшін және қатысушылар үшін жинақтық зейнетақы қорына төлем төлеп тұруы тиіс. Салық мөлшері кәсіпкер жұмыс істейтін салық режимімен анықталады. Патент негізінде құрылған қызметте кәсіпкер кірісі 3 пайыздық табысқа негізделеді. Жеңілдік декларациясы негізіндегі кәсіпкер кірісі 3-7 пайызға дейін оның сомасына байланысты бөлінеді. Жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есебі патент пен жеңілдік декларациясын қолданатын болса, заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінен жеңіл болып келеді. Патентепен жұмыс кезінде ол мүлде болмайды. Бұл артықшылық жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есепті бухгалтер жалдамай-ақ өзі жүргізуіне мүмкіндік береді. Жеңілдік декларациясын қолдану заңды тұлғаға да болады, бірақ көп жағдайда бухгалтер жалдауды қажет етеді. Жеке кәсіпкер заңды тұлғамен қайта құрыла алмайды, мысалы ЖШС бола алмайды. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге шығын өте аз. Мемлекеттік тіркеуден кейін жеке кәсіпкер ретінде мөр мен белгінің дайындалуына төлеуіңіз керек, егер оны қажетсіз деп санасаңыз 1000 теңге төлейсіз. Егер сіз банкке есеп аштырамын десеңіз банктік карточкаларға қол қою үшін жасалатын нотариалды қызмет үшін де ақы төлейсіз (87 теңге, 4 карточкаға дейін), сонымен қатар егер сіз барған банкте ақылы болса, есеп аштырғаныңыз үшін де төлейсіз.

Жеке жұмысты қалай ашуға болады?

Өз бизнесіңді ашу үшін, бірінші кезекте ол үшін заңды тұлға жасау қажет пе деген сұрақты шешу керек, себебі заңнама кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде жасауды қарастырған. Егер заңды тұлға жасағыңыз келсе, өз қызметіңіздің негізгі мақсаты негізінде түрін анықтап алу қажет (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам, өндірічстік кооператив, холдинг және т.б). 

Назар аударыңыз!
Мемлекеттік тіркеуден кейін сіз фирма қызметіне толық мемлекеттік реестрден шыққанға дейін жауап бересіз. Заңнамаға сәйкес коммерциялық қызмет ашқан заңды тұлғалардың келесі түрлерін қарастырады: жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), жауакершілігі қосымша серіктестік (ЖҚС), толық серіктестік (ТС), коммандитті серіктестік (КС), өндірістік кооператив (ӨК) немесе акционерлік қоғам (АҚ), жеке кәсіпкерлік (ЖК).

Заңды тұлғалар категорияларының негізгі ұғымдары

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үлеске бөлінетін жарғылық капитал жасайтын бір немесе бірнеше тұлғамен құрылады. ЖШС өз иелігіндегі мүлікке міндеттілігімен жауап бере отырып, құрамындағы адамдар үшін же жауап береді. 
ЖҚС қатысушыларының ЖШС-дан айырмашылығыжарғылық капиталға өзінің салым салу міндетімен жауап береді, егер бұл сома жетіспейтін болса қосымша мүлік көлемінде салынады. 
Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылар салымының бірлестігімен жүзге асады, құрылтайшылар салымының алғашқы өлшемі айлық есептік көрсеткіштің 100 өлшемімен өлешенеді. Тіркелгеннен кейін жарғылық капиталға мерзімі бір жылдан көп емес уақытта салу керек.
Өндірістік кооператив дегеніміз - өз еркімен біріккен азаматтардың бірлескен кәсіпкерлігін құру мақсатындағы мүшелердің мүліктік жинағы негізінде құрылатын бірлестік. Мұның серіктестіктен айырмашылығы жарғылық капиталдың болмауы, өндірістік кооператив құрылтайшылары екіден кем болмауы тиіс, кооператив мүшелері кооператив міндеттемелері бойынша қосымша жауап береді. 
Толық серіктестік деп толық серіктестіктің мүлкі жетіспеген жағдайда мойнындағы барлық мүліктің міндетемелеріне жауап беретін қатысушылары бар серіктестікті айтамыз. Коммандитті серіктестікке серіктестік міндеттемелеріне қосымша жауап беретін бір немесе бірнеше қатысушысы бар серіктестік жатады, олардың жауапкершілігі жарғылық капиталға салған салыммен шектеледі. 
Акционерлік қоғам дегеніміз өз қызметін жүзеге асыру үшін жабдық жинау мақсатында акция шығаратын заңды тұлға. 
Заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-хұқықтық түрін анықтап алғаннан кейін кәсіпорынды тіркетіп, заңды тұлға дәрежесін алу керек. 

Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға.

Өндірістік кооператив

Өндірісті кооператив жеке тұлғалардың жалпы жиынтығынан пайда болады. Кооператив мүшесі екіден аз болмауы керек, және 16 жасқа толған, кооператив мүшесі болуға ерікті және оның қызметіне белсене ат салысатын кез келген жеке тұлға бол алады. Жасы кәмілетке толмаған азаматтың мүше болуына ата-анасының, не қамқоршысының келісімі керек.
Туынды кооператив жеке кәсіпкерліктің заңмен расталмаған түрінен басқа барлық кәсіпкерлікпен айналыса алады. Мемлекеттік лицензиялау жүргізілетін қызметтерге лицензия болса туынды кооперативке де рұқсат етіледі.
Құрылтайшылық келісім-шарт
Өндірісті кооперативтің құрылтайшылық келісім-шартына коммерциялық құпия жазылған құжаттар жатады, және мемлекеттік және басқа ресми органдарға көрсетіледі, сонымен қатар үшінші тұлғаға заңнама негізінде кооперативтік атқарушы органының шешімімен келісіледі.
•   Жазбаша түрде бекітіледі
•   Барлық құрылтайшылар қол қояды
•   Нотариуспен куәландырылады
Жарғы
Өнідірісті кооператив жарғысы мынадай мәліметтермен толығады:
•   Кооперативтің фирмалық атауы;
•   Басқару органдар компетенциялары мен жағдайын жасау және кооператив бақылауы мен олардың шешімінің тәртібі туралы, соның ішінде көп дауыспен қабылданған шешімге байланысты;

•   Кооперативтің таза кірісі мен шығын бөлу тәртібі;
•   Кооперативтің таратуы мен қайта құрылуы тәртібі;
•   Кооперативтің әр мүшесінің пайлық мөлшері, құрамы мен мүлік салымының тәртібі туралы және салым салудағы олардың міндеттерін бұзушылығына жауапкершілік туралы.
Пайға байланысты шара қолдану барысында кооператив әрбір қарыз-мүшелер үшін үлес өтейді. Үлес мөлшері бухгалтерлік есеп бойынша несие берушінің талабы келіп түскенне бастап анықталады.
Үлес ақшалай немесе табиғи түрде беріледі.
Кооператив мүшелерінің мүліктік салымы
Өндірістік кооперативтің мүліктік салымын кооператив құру мен қызметіне арналған және шығынды жабудағы алғашқы капитал құрайды. Кооперативке мүліктік салым ақшалай, құнды қағаздармен, заттай, мүліктік хұқықпен, соның ішінде жер пайдалану хұқығы, жеке зияткерлік нәтижелері мен басқа да мүлікпен беріледі. Мүліктік салымның ақшалай түрін тек құрылтайшылардың келісімімен емес, тәуелсіз аудиторлық тексеру арқылы жүзеге асырады. Тәуелсіз аудиторлық тексеру кооперативтің мүліктік салымдары тек ақшалай болса жүргізілмейді. Кооператив мүшелерінің салымы мүлік түрінде берілетін болса, салым мөлшері кооператив мүшелерінің белгілі келісімдерімен мүлікті пайдаланғаны үшін арендалық төлемнен тыс анықталады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік туралы» ҚР Заңы негізінде ЖШС фирмалық атауы және ЖШС белгісі болады.
ЖҚС-тің фирмалық атауы «жауапкершілігі қосымша серіктестікке» немесе ЖҚС сөзімен сәйкес болуы керек.
ЖШС азаматтық хұқыққа ие коммерциялық ұйым болып табылады. ЖШС-тің тұрақты орны болып оның негізгі қызмет органының орны болады.
Басқа жерлерде ЖШС филиалдар менөкілеттіктер аша алады.
ЖШС құру оның құрылтайшыларымен құрылтайшылық келісім-шарт жасасу арқылы және серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеуімен аяқталады.

Құрылтайшылық келісім-шарт
ЖШС-ң құрылтайшылық келісім-шарты:
•    Жазбаша түрде бекітіледі
•    әр құрылтайшымен немесе оның өкілетті өкілімен қол қойылады
•    нотариуспен куәландырылады
Заңды тұлға құрылтайшысы құрамына енетіндер олардың жетекшілерінің айтуымен заңды тұлға атынан сенім хатсыз жұмыс істей алады. Келісім-шарттан бас Тарту серіктестікке кіруден бас тарту болып табылады. Келісім-шартты түсінік негізінде жасауға жол берілмейді. Серіктестіктің жеке қатысушыларының статусы туралы келісім-шартта көрсетілуі тиіс. Құрылтайшылық келісім-шарт нотариуспен бекітіледі.
Құрылтайшылық келісім-шартқа қол қоюшылар мемлекеттік тіркеуден кейін серіктестік құрамына кіреді.
Жарғы
Жаупкершілігі шектеулі серіктестік жарғысы серіктестіктің заңды тұлғалық хұқығын анықтайтын құжат болып табылады.
Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтайшылық құжат ретінде қарастырылады. ЖШС жарғысы төмендегідей жасалады:
•    серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен адресі;
•    серіктестік қатысушыларының қатары немесе аттары, жеке куәліктері мен мекен-жайлары (серіктестіктен тыс серіктестік қатысушыларын тіркеушімен енгізудег атауы, мекен-жайы, банктік реквизиттер);
•    серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәлімет;
•    серіктестік органдарының құру және құзыретінің тәртібі;
•    серіктестік қызметін тоқтату мен қайта құру жағдайлары;
•    серіктестік қатысушыларын енгізу тіркеушімен жүргізілетін болса, серіктестік таза кірістік бөлініс тәртібі.
Серіктестік жарғысының даналары, сонымен қатар басқа да өзгергені туралы құжаттар серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген органда сақталады.
Жарғылық капитал
Жарғылық капиталдың алғашқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасынан кем емес және серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткенненкейінгі айлық есептік көрсеткештің 100 еселік өлшеміне теңестіріледі. ЖШС-тің жарғылық капиталының салымы ақшалай, құнды қағаз, заттай, мүліктік хұқық түрінде болуы мүмкін, соынң ішінде жерді пайдалану мен зияткерлік қызметтің нәтижесіне хұқық.

Заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу

Тіркеуші орган
1) ХҚКО – заңды тұлғалардың, филиал және өкілдіктерінің құжаттарын қабылдауды және беруді іске асырады.
2) Аймақтық әділет органдары заңды тұлғалар, филиал және өкілдіктерді мекен-жайы бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады. 
Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар тізімі

•    Тіркеуші орган бекіткен үлгідегі өтініш;
•    Жарғы;
•    бірден артық құрылтайшылар қатарында құрылтайшылық келісім-шарт (қорлар, заңды тұлғалар бірлестігі, мекемелер);
•    заңды тұлғаның өкілетті органының немесе заңды тұлға құрылғаны туралы құрылтайшының шешімі;
•    мекен-жайын растайтын құжат;
•    заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшiн бюджетке алым төлегенiн растайтын құжат немесе түбіртек

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері
1)    Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттары қоса тiркелiп өтiнiш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
2) өзге заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттары қоса тiркелiп өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.

Қаржылық жоспарлау

Қаржылық жоспарға үш құжат жатады:

Пайда мен шығындар туралы есеп
Кәсіпорынның пайдалы жағын бағалау үшін мынадай ақпаратті міндетті білу қажет:

Сату көлемін болжау. Бизнеске әсер ету факторын анықтауға мыналар жатады:

Тура шығындар. Тура шығындар дегеніміз – бұл тауар сату ұйымдарымен байланысты кеткен шығындар. Түсімді жоспарлау кезінде сату көлеміндегі пайыздық түрдегі шығындарды елестетіп көреу керек. Кей кездерде тауар қоры жоғарылап кетсе мұны да түсімді жоспарлау процесінде негізге алу қажет.
Үстеме шығындар. Көп жағдайларда үстеме шығындардың көлемі үстеме шығындар бағасын бір жылға бөлу арқылы анықталады.
Ереже бойынша, коммерциялық қызметті жасауға байланысты оларға мыналар жатады:

АКТИВ

ПАССИВ

НЕГІЗГІ  КАПИТАЛ

НЕГІЗГІ  КАПИТАЛ

Жер

 

Акционерлік (Жарғылық) капитал

 

Жылжымайтын мүлік

 

Акционерлік (Жарғылық) капитал

 

Жылжымайтын мүлік

 

Акционерлік (Жарғылық) капитал

 

Жылжымайтын мүлік

 

 

 

Амортизация

 

 

 

АЙНАЛЫМ  КАПИТАЛ

 

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

 

Есептесу есебінде касса мен ақша

 

Қысқа мерзімді несиелер

 

Дебиторлық қарыз

 

Басқа да қысқа мерзімдік қарыздар

 

Дебиторлық қарыз

 

Ұзақ мерзімді міндемелер

 

Шикізат пен материалдар қоры

 

 

 

Аяқталмаған өндіріс

 

 

 

 Баланс активі екі негізгі бөлімнен тұрады:

Материалдық емес активтер патенттер мен лизингтерге кетеді, сонымен қатар «фирма бағалары» - «гудвилла» немесе оның сауда маркасының құндылықтары сауда-саттықтың негізгі құралы болуы мүмкін. Бүгінгі күні кейбір қазақстандық фирмалар ғана өз гудвиллін анықтай алса, шетелде бұл кең тараған.
Пассивтер өз несие берушілері мен жеке фирма капиталы алдындағы міндеттерді атқарады.
Міндеттеме өз кезегінде ағымдық және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Ағымдық – оны жыл көлемінде төлеуге болса, ұзақ мерзімді – одан да ұзағырақ мерзімде төленеді.
Есеп бер кезеңнің балансы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қызмет етеді.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (Cash Flow)
Ақша қаражатының қозғалысы жоспарының көмегімен кәсіпкер өзінің айналым қаражатын анықтау үшін кез келген уақытта қысқа мерзімді несиедегі қажеттіліктерін бағалай алады.
Түсім есептері туралы есептен ерекшелігі ақша түсімдері туралы есеп акция сату мен алынған ақша сияқты барлық қаржы көздерінен түскен ақшалық түсімдерді есептейді, сонымен қатар кейбір активтердің тарауы мен сатылуынан түскен қаржыны да есепке алады. Шығындауға келсек, ақша түсімдері туралы есеп барлық шығындарға кеткен ақшаны есептейді.
Ақша қаражатының айналымы жоспарын құру үшін екі маңызды көрсеткішті анықтап алу керек:

Түсім
Түсімге ағымдық есептегі және қолма-қол ақша төлемдері жатады. Түсім кәсіпорынның сауда қызметімен байланысты және тауар сату нәтижесі мен қызметі кезінде туады. Түсімнің басқа көздері болып мыналар саналады:

Төлемдер
Төлемдерге түрлі баптардың көптеген сандары жатады, яғниқосымша тауар қорын ұстау, жабдық сатып алу, үстеме шығындар мен ағымдық шығындар жатады. Ақша қаражаты туралы есепке амортизация жатпайды.. Ақша қаражатындағы болашақ қажеттіліктері сауда көлемін ұлғайтуға және жоспарланған барлық шығындарға жететіндей болуы керек.
Қаржылық жағдайдың бағасы
Қаржылық есептерді жасау қаржылық жоспарлаудың соңғы қадамы емес. Оның сапалық жағын да тексеру қажет, яғни компания жағдайының индикаторы болып табылатын жасалған нормалар мен нормативтерге сәйкестігін анықтау. Мұндай индикаторларға мыналар жатады:

Жеке кәсіпкер қызметінің тоқтауы

Жеке кәсіпкердің қызметі ерікті түрде немесе күшпен тоқтатылуы мүмкін. Жеке кәсіпкер қызметі ерікті түрде жеке кәсіпкердің өзі қабылдаған шешімі негізінде, кез келген уақытта жеке кәсіпкердің, барлық қатысушылармен біріге отырып, бірікке кәсіпкерлік алдында тоқтатылады. Егер қатысушылардың жартысынан көбі дауыс берген болса, егер басқа жағдай өзара келісім барысында қарастырылмаса жеке кәсіпкерлікті тоқтату туралы шешім қабылданған болып есептеледі.
Жеке кәсіпкерліктің күшпен тоқтауы соттың шешімімен төмендегідей жағдайда жүзеге асырылады:

  1. банкрот болу;
  2. жеке кәсіпкердің тіркелуі кезінде қалпына келтірілмейтін сипаттағы заңнаманың бұзылғанын білдіретін өрескел қателер кеткенде жарамсыз деп табылуы;
  3. егер қызмет лицензиялануға тиісті болса, немес заңнамалық актілермен қызметіне тыйым салынса, қызметін лицензиясыз бастаса;
  4. қызметін бірнеше рет күнтізбелік жыл ағымында немесе заңнаманы өрескел бұзу арқылы жүзеге асырса;
  5. заңнамалық актілермен қаралған басқа да жағдайларда.

Жеке кәсіпкер қызметін тоқтату бақылау және қадағалау функцияларын атқаратын мемлекеттік органның өтініші бойынша сот арқылы жасалады.
Көрсетілген негіздемелерден басқа жеке кәсіпкердің төмендегі қызметтері:

  1. жеке кәсіпкерлік – жеке кәсіпкер азамат еңбекке жарамсыз деп табылса немесе ол қаза болса;
  2. отбасылық кәсіпкерлік және қарапайым серіктестік – егер 1 тармақшада айтылған жағдайлар туындаса, бірікке кәсіпкерлікте бір ғана немесе бір адам да қалмаса, сонымен қатар некенің бұзылуына байланысты мүлікті бөліскен кезде.

Жеке кәсіпкер өз қызметін ерікті түрде тоқтатқан жағдайда жеке кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағаннан бастап үш жұмыс күні ішінде салық органына жазбаша хабарлайды.
Қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде жеке кәсіпкер салық органына кәсіпкерлік қызметінің тоқтаған күніне дейінге салық кезеңінің басынан бастап құрылған есебін және кәсіпкерлік қызметтің тоқтауына байланысты құжаттық тексерулер өткізу туралы өтінішін тапсырады.
Құжаттық ликвидациялық тексеру өткізген соң, бюджет алдында салықтық міндеттерін орындап, тіркеу органына (салық органы) жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуі туралы Куәлігін өткізген соң, кәсіпкердің қызметі тоқтаған болып есептеледі және Мемлекеттік тіркеуден алынып тасталады.

Қызметін тоқтату, есептен шығару

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы заңды тұлғаның қызметін тоқтатқанын тіркеу үшін, заңды тұлғаның филиалы және өкілдіктерін есептік тіркеуден шығару үшін құжаттарды ресімдеу. 

Заңды тұлғаның қызметін тоқтатқанын тіркеу үшін Орталыққа мынадай құжаттар:

1.Тіркеу органы бекіткен үлгідегі өтініш;
2. заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не оған заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берген заңды тұлға органының шешiмi;
3. құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк пен статистикалық карточка;
4. заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi туралы баспасөз басылымдарында ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
5. таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, кредиторлар мәлiмдеген талаптардың тiзбесi туралы мәлiметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi;
6. тарату балансы;
7. заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе заңды тұлғаны тарату туралы, заңды тұлғаның мөрi басылған аралық жәнe тарату баланстарын бекiту туралы шешiмдi қабылдаған өзге де органның шешiмi;
8. заңды тұлға мөрiнiң жойылғандығы туралы құжат;
9. таратылатын заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (олар болған жағдайда) есептен шығарылғанын растайтын құжат;
10.салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;
11.кеден органдарының кедендiк төлемдер бойынша берешектерi мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмiлелерiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;
12.акция шығарылымдарының (акционерлiк қоғамдар үшiн) күшi жойылғандығы туралы уәкiлеттi органның хабарламасы;
13. заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелгенi және филиалдар мен өкiлдiктердiң есептiк тiркелгенi үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат табыс етiледi.

 

 

Парақтар өзгертілді: 22-10-2013