Кәсіпкерлікті қолдау

Бизнестің жол картасы-2020
Өнімділік-2020
Агробизнес-2020
«Сыбаға» бағдарламасы
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өңдеу және іске асыру
«Кәсіпкерлікті қолдау» орталығы

Кәсіпкерлікті қорғау, қолдау

Биылғы жылы 6 айда жалпы құны 307,0 млн теңге болатын 5 жобаларға бизнес-жоспарлар жасалды. 4 жоба екінші деңгейлі банктердің қарауында жатыр.
Ауданымыздан инновациялық грант алуға 39,0 млн теңгенің 11 жобалары  ұсынылды.
Ауданда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты төртінші бағыты бойынша  «Бизнес-Кеңесші» қаржылық емес қолдау бағдарламасы аясында бекітілген кестеге сәйкес аудан  кәсіпкерлеріне тренинг-оқытулар өткізіліп 31 адамға сертификаттар тапсырылды.

Бизнестің жол картасы-2020

Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
Бағдарламаның іске асырылуы:
1. жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
2. кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
3. өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Өнімділік-2020

Бағдарламаның мақсаты: Экономиканың басым секторларында еңбек өнiмдiлiгiн арттыру жолымен өнеркәсiптiк кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру.
Бағдарламаның мiндеттерi:
1. Кәсiпорындар қолданып жүрген басқару және өндiрiстiк технологияларды жетiлдiру
2. Жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi құру.
Iске асыру мерзiмдерi: 2011 - 2020 жылдар
1-кезең - 2011 - 2014 жылдар, 2011-пилоттық,
2-кезең - 2015 - 2020 жылдар
Бағдарламада қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында 2020 жылға дейiн мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткiзiледi: Бағдарламаға қатысатын өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындарының еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде екi есеге ұлғайту.
Қаржыландыру көздерi: 2011 жылғы республикалық бюджетте 19,9 млрд. теңге көзделген. Инновациялық гранттарға және қазiргi заманғы басқару технологияларын ендiруге арналған шығыстар тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 және 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулыларымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада» және «Елдiң 2020 жылға дейiн ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарында» көрсетiлiген. Республикалық бюджеттен келесi жылдарды  қаржыландыру көлемi жоспарланатын кезеңге тиiстi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланады.

Ауданда шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары аясында іске асырылған жобалар

Жоба атауы

Мекеме атауы

Мерзімі

Құны

Жұмыс орындары

Инфраструктура

 

«Бизнестің жол картасы 2020»

1

Құрылыс материалдары комбинатын темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытын ұлғайтуы және жаңалау

«СМУ-Шығыс» ЖШС

2011 жыл

325 млн. тенге

20

370 млн. теңге

2

Қонақ үй кешенінің құрылысы

Жеке кәсіпкер Келгенбаев Шыңғыс

2013 жыл

50,09 млн. теңге

15

 

 

«Өнімділік 2020»

1

Құрылыс материалдары комбинатының темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытын кеңейту және жаңалау жобасының 2 кезеңі

«СМУ-Шығыс» ЖШС

2013-2014 жылдары

329 млн. теңге

20

 

«Агробизнес-2020»

2013 жылы  ауданда мал  шаруашылығы саласы  бойынша  төленген субсидия  көлемі  төмендегідей:
-  Мал  тұқымын  асылдандыру  жұмыстарына                    80696,0 мың  тенге
-  Асыл  тұқымды ірі-қара  малдарын  сатып  алуға             13216,0 мың  тенге
-  Асыл  тұқымды  қошқарлар  сатып  алуға                          336,0 мың  тенге
-  Жем-шөп дайындауға кеткен шығынды арзандатуға         24201,0 мың тенге
-  Сиыр етіне                                                                              5768,8 мың  тенге
Жиыны: 124217,8 млн тенгенің  субсидиясы  төленді.
2013 өсімдік шаруашылығы саласында жанар-жағармай материалдары мен басқада тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 150 шаруа қожалығына 30916405,0 теңгенің субсидиясы төленсе, тұқым сапасын арттыру мақсатында  3 шаруа қожалыққа ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің нарықтық құны бойынша сатып алынған элиталық тұқымдары үшін  581351 теңгенің субсидиясы, 1 шаруа қожалыққа химиялық тыңайытқыш сатып алғаны үшін 1267500 теңгенің субсидиясы,  химиялық дәрілеуі үшін 464250 теңгенің субсидиясы төленді.

«Сыбаға» бағдарламасы

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2013 жылы 10 шаруа  қожалығына 66,65 млн тенгенің  несиесі  беріліп, бұл  қаражатқа 23 бас асыл тұқымды бұқалар, 295 бас тауарлы ірі-қара  малдары сатып алынса, 2012 жылы 11 шаруа  қожалықтарына 87,4 млн тенгенің  несиесі беріліп, бұл  қаражатқа 93 бас асыл  тұқымды бұқалар, 366 бас тауарлы ірі-қара  малдары  сатып  алынды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өңдеу және іске асыру

Ауданда  2012 жылы тәулігіне 6 тонна сүт  өнімдерін өңдейтін «Зайсан-Сүт» компаниясының сүт зауыты жұмыс істеп  тұр. Зауыт сүтті шаруа  қожалықтарынан келісім-шарт негізінде  күніне 200-250 литр, литрін 60 тенгеден сатып  алып  өңдеп, 2,5 пайыздық сүт, 2,5 пайыздық айран, 20 пайыздық кілегей, 5 пайыздық  ірімшік өнімдерін  шығарып   аудан орталығындағы сауда  орындарында сүттің  пакетін 160 тенгеден, айран пакетін 170 тенгеден, кілегейдің  килограмын 650 тенгеден, ірімшіктің  килограмын 500 тенгеден саудалайды. Байланыс  телефондары  50-205. Сонымен  қатар Қарабұлақ  ауылында «Артон-KZ» ЖШС-нің мал  сою пункті ауыл,  аудан  тұрғындарынан мал  сатып  алып, сойып, филе, фарш, тоңазытылған ет өнімдерін сауда  орындарына  шығарады.  Зайсан қаласына қарасты  СПК «Зайсан - Астық» - тың 120 тонналық ұн заводы жұмыс істеп тұр. СПК «Зайсан - Астық» 1000 гектар жерге бидай егіп әр гектардан орташа есеппен 18,0 центнерден өнім алып, алынған 1800 тонна бидайды ұн зауытына құйып жұмыс істеуде. Өндірілген ұн Күршім, Тарбағатай және Зайсан аудандарында сатылымға шығарылады.

«Кәсіпкерлікті қолдау» орталығы

«Кәсіпкерлікті қолдау орталығының» қызметкерінің міндеттері:
1.Жеке еңбек шартында көрсетілген міндеттерді орындау;
2.Аудан әкімінің, жоғары тұрған басшылардың тапсырмаларын орындайды;
3.Ауданда жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал жасайды, жоғары тұрған мекемелерге ұсыныстар береді;
4.Салық басқармасына тіркеліп жеке кәсіпкер куәлігін алу, бюджетке төленетін салықтар мен төлемдер туралы және салық декларацияларын өткізуді түсіндіреді;
5. Жеке кәсібін ашатын адамдарға бизнес жоспарын жасауға көмектеседі;
6.Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау «Бизнестің жол картасы -2020», «Өнімділік-2020», «Экспортер – 2020», Технологиялық Даму Ұлттық Агенттігі беретін инновациялық грантары, т.б. бағдарламалар туралы ақпарат беру;
7. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы, екінші деңгейлі банктерден несие алу жолдары туралы ақпарат береді;
8.Бизнесті ашу кезінде рұқсаттарды,  жер алу құжаттарын рәсімдеу, құрылыс салу, санитарлық – эпидемиологиялық, өрт сөндіру қызметінің, ветеринарлық және басқа да қойылатын талаптарды түсіндіреді. 
9.Кедендік баж салықтары мен төлемдер туралы мағлұмат береді;
10. Статистика бөліміне тапсырылатын есептіліктерді түсіндіреді;
11. Сақтандыру, бизнестің тәуекелдерін сақтандыруды түсіндіреді;
12. Мемлекеттік қызметтерді алу, Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Жеке және Заңды тұлғалардың арыз өтініштері туралы» және басқа бизнес саласына қатысты заңдар туралы түсініктемелер береді;
13.Бизнесті жүргізуге «Менеджмент», «Маркентинг» «Консалтингтік, инжирингтік компаниялар», «Броккерлік конторалар», т.б. ұғымдар туралы ақпараттар береді;
14. Лицензия алу, жаңа технологиялар, техникалар туралы ақпараттарды түсіндіреді;
15.Қазақстан Республикасындағы «Электронды үкімет», интернет желілерін пайдалануды, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға қажетті құжаттарды толтыруды үйретеді.
16. «Зияткерлік меншік туралы», «Патент» жөнінде түсініктер береді;
17. Лизинг арқылы техника алу және мемлекет тарапынан берілетін ауылшаруашылық  субцияларын алу жолдарын түсіндіреді;
18.Банктерден шот ашу, жұмыс істеу туралы түсіндіреді;
19.Прокуратура  рұқсатымен және басқа заңды тексерулер туралы түсінік береді;
20.Бизнес инкубаторларды ашуға, жұмысын жүргізуге көмектеседі;
21. Облыстық, аудандық деңгейде өтетін  көрмелерге жәрмеңкелерге, кәсіпкерлердің қатысуына ықпал жасайды;
22. Ауылшаруашылық саласын дамытуға арналған бағдарламалар («Сыбаға», «Жайлау» т.б.) туралы түсінік береді;
23.Газеттерге кәсіпкерлікті дамытуға мақалалар  береді;
24. Кәсіпорынды жабу, аудит жүргізуді түсіндіреді. 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 01-08-2016