Азаматтардың өтініштері

Зайсан ауданы әкімі аппаратында азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау тәртібі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен және аудан әкімі аппаратының Регламентімен айқындалған.
Сонымен қатар жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кезінде қосымша ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі №974 «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы» қаулысы басшылыққа алынады.
Аудан әкімінің жеке қабылдауы әр айдың екінші және төртінші аптасының дүйсенбісінде сағат 15.00-17.00-ге дейін жүргізіледі
Аудан әкімі аппаратында жеке қабылдауды жалпы бөлімінің басшысы Алпысбаева Шынарға ал, жазбаша өтініштерді қарауды ұйымдастыру жалпы бөлімінің бас маманы Рахимова Гүлнарға жүктелген. Қабылдауға байланыс телефондары арқылы немесе Зайсан қ., Жангелді к., 54 мекен-жайы арқылы қабылдау болатын күні жазылуға болады.

Байланыс телефоны 8-723-40-21-796

Азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау кестесі

Тегі, аты-жөні Лауазымы Қабылдау күндері Уақыты
Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы Зайсан ауданы әкімі Әр айдың екінші және төртінші аптасының дүйсенбі күндері 15-00-ден – 17-00-ге дейін
Cапарғалиева Мергул Советханқызы Аудан әкімінің орынбасары Апта сайын сейсенбі күндері 15-00-ден – 17-00-ге дейін
  Аудан әкімінің орынбасары Апта сайын сейсенбі күндері 15-00-ден – 17-00-ге дейін
Кусаинов Асет Гарибович Аудан әкімінің орынбасары Апта сайын сейсенбі күндері 15-00-ден – 17-00-ге дейін

 

Парақтар өзгертілді: 05-03-2018