Қарабұлақ ауылдық округі

Бекбаев Дулат МуратовичОкруг әкімі - Бекбаев Дулат Муратович
1961 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1980 жылдары Өскемен педагогикалық училищесінде, 1989 жылдары Өскемен педагогикалық институтында Сызу және еңбек пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. 01.09.1980 - 22.04.2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы,Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында Абай атындағы орта мектебінде мұғалім қызметін, 22.04.2009 -03.08.2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы,Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы қызметін, 03.08.2009 -27.10.2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы,Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі қызметін, 10.05.2011- 05.01.2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы,Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, «СМУ Шығыс» ЖШС-нің орталық базасының шаруашылық бөлімінің прорабы қызметін, 08.02.2012 - 15.05.2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы,Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы, «Балық Продукт» ЖШС-нің күзет қызметінің басшысы қызметін, 30.08.2013-01.01.2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы,Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, «Зайсан қорғау» ЖШС-нің күзет қызметкері, 01.01.2015-28.11.2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы,Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, «Қасқыр Security» ЖШС-нің күзет қызметкері қызметтерін атқарған. 28.11.2016 жылдан батсап Қарабұлақ ауылдық округі әкімі қызметін атқарады.

Мекен-жайы: Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы
Тел.: (8-723-40) 50-918
Азаматтарды қабылдау: сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 14:00-18:00 дейін

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Қарабұлақ ауылдық округі 1924 жылы құрылған.
Әкімшілік орталығы – Қарабұлақ ауылы. Қарабұлақ ауылы Зайсан қаласынан 20 км қашықтықта орналасқан. Облыс орталығы Өскемен қаласынан 440 км. қашықтықта орналасқан. Аумағы – 126 127 га, оның ішінде шабындық жер – 3762 га, жайылымдық жер – 112068 га, егіндік жер – 4816 га. Екіден бір бөлігін таулы аймақтар құрайды.

Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылдық округі

Елді-мекендер–5 (Қарабұлақ Дауал, Қаратал-Талды, Сәтпай, Мұқашы). Халық саны 2417 адам. Халықтың экономикалық белсенді бөлігі 926 жоғары адамды құрайды. Зейнеткерлер - 272, әр түрлі жәрдемақылар алатын азаматтар саны – 232.
Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар - 97,5 %, басқа ұлттар 2,5% құрайды.
Ауыл округі географиялық жағдайынан тиімді орналасқан. Аумақ арқылы республикалық маңызы бар автокөлік трассасы өтеді.
Округте 106 шаруа қожалығы, 1 диірмен, 1 кіші наубайхана, 2 май сығатын цех, 5 дүкен, 1 мал дәрігерлік қызмет, 1 шаштараз, 1 дәріхана жұмыс істейді. Қоғамдық сферада 1 дәрігерлік амбулатория, 1 кітапхана, 1 стадион, 1 спорт зал, 1 мәдениет үйі, 1 орта мектеп бар. Мектепте 445 оқушы оқиды. ЖШС «Балық Восток Продукт» зауыты 2005 жылдан бастап өз жұмысын бастап ауылымыздан 120-дай азаматты жұмыспен қамтып отыр. 2006 жылы ауылымызда ет комбинаты ашылып, басшысы “Асық” шаруа қожалығының жетекшісі А.Көпенов облыстық бюджеттен 15 млн. теңге несие алып күрделі жөндеу жұмыстарын жасап, мал сою цехын ашып, ауылымыздан 15-тей азаматты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта бұл цехты жетілдіре отырып, сапалы дайын өнімдер шығару жоспарланып, қондырғылары сатылып алынуда. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен 106 шаруа қожалығы айналысады. Оның ішінде: қой шаруашылығы және егін егумен 101 шаруа қожылығы айналысса, 5 шаруа қожалығы ірі қара мал өсірумен айналысады. 479 аула бар. Оның 462 мал бағумен айналысады (96%) және жеке меншік қосалқы шаруашылықпен айналысады..

Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылдық округі

 

Жоба. Қарабұлақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы *.doc 38 KB
Қарабұлақ ауылдық округінің 2014 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы *.doc 64 KB
Қарабұлақ ауылдық округіндегі Қарабұлақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы *.doc 37 KB
Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар *.doc 112 KB
Қарабұлақ ауылы округі бойынша 2013 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар *.doc 66 KB
Қарабұлақ ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар *.doc 179 KB
Қарабұлақ ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар *.doc 58 KB
Қарабұлақ ауылдық округі бойынша 2012 жылдың I-жарты жылдығында атқарылған жұмыстар *.doc 64 KB
Қарабұлақ ауылдық округінде 2011 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы *.doc 45 KB
2010 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар *.doc 28 KB
Қарабұлақ ауылы округі әкімінде 2009 жылы атқарылған жұмыстар *.doc 122 KB
2010 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар *.doc 36 KB
2009 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар *.doc 40 KB
2009 жылдың I тоқсан қорытындысы *.doc 46 KB
Ереже *.doc 44 KB
     

 

Парақтар өзгертілді: 04-05-2017