Кеңсай ауылдық округі

Чилибаев Камбар КакимовичОкруг әкімі – Бықаев Талғатбек Файзрахманұлы

1956 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1984 жылы Өскемен қаласындағы Өскемен құрылыс-жол институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген. 1974 – 1976 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1973 – 1974 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы Мичурин ауылындағы «Мичурин» совхозында жұмысшы, 1977 жылы «Мичурин» совхозының цех жұмысшысы, 1984 жылы «Мичурин» совхозының бригадирі,  1985 – 1986 жылдары «Мичурин» совхозының агрономы, 1986 – 1987 жылдары «Мичурин» совхозының құрылыс саласы бойынша мастері, 1987 – 1988 жылдары «Мичурин» совхозы директорының шаруашылық саласы бойынша орынбасары, 1992 – 1994 жылдар аралығында «Мерей» шаруа қожалығының жетекшісі,  1994 жылы ШҚО, Зайсан ауданы, Кеңсай ауылындағы Кеңсай совхозының бас прорабы, 1994 – 1995 жылдары Кеңсай совхозының №1 бөлімшесінің басқарушысы, 1995 – 2002 жылдары «Мерей» шаруа қожалығының жетекшісі, 2002 жылдың 01 наурызынан 2013 жылдың 09 тамызына дейін ШҚО, Зайсан ауданы, Жарсу ауылындағы Жарсу орта мектебінің мұғалімі болып еңбек етті. 2013 жылдың 09 тамызынан бастап ШҚО, Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Мекен-жайы: Зайсан ауданы, Кеңсай ауылы
Тел.: (8-723-40) 50-230
Азаматтарды қабылдау: дүйсенбі, бейсенбі күндері сағат 14:00-17:00 дейін

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Әкімшілік орталығы - Кеңсай ауылы, оның аудан орталығынан қашықтығы -13 шақырым, облыс орталығынан қашықтығы 457 км.
Ауыл әкімшілігіне қатысты 5 елді мекен бар. Олар: Жарсу ауылы, Бақасу ауылы, Саржыра ауылы, Сарши ауылы, Кеңсай ауылы.
Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 85 363 га, оның ішінде егіндік - 3214 га, шабындық 5442 га, жайылым 67 290 га, үй жанындағы жер учаскелері 49,3 га.
Халық саны – 2592. Халықтың ұлттық құрамы: 98 пайызы қазақтар, 2 пайызы татар ұлтынан.
Жылдың төрт мезгілінде табиғат түрленіп тұрады. Қысы суық, жазы ыстық. Егін, мал шаруашылығына қолайлы. Егін негізінен суармалы тәсілмен өсіріледі. Жаз айларында тұрғындар, шаруа қожалықтары малдарын жайлау төріне шығарады. Табиғаты әсем, таулары биік, тау өзендері сарқырап ағып жатқан Қарағайлы, Үш бұлақ, Жүрек, Мәні, Қаратсойған, Қарабатпақ сияқты жайлауы бар. Жасыл кілем төсеп тастағандай кең дала төсін көктемде әртүрлі сан алуан гүлдер құлпыртып жібереді. Неше түрлі емдік қасиеті бар алтын тамыр, жусан, жалбыз, долана, итмұрын, қарақат пен тау құлпынайы өте көп. Тауларында жосып жүрген арқар, марал, аю, елік, суыр мен құндыз сияқты аңдармен қатар ұлар мен бүркіт, үкі, кекілік пен шіл, құр, суда жүзген үйрек пен қазды Кеңсай өңірінен көптеп кездестіруге болады.
Аты аңызға айналған қалмақтармен шайқасқан Жәнделі қыз атындағы, Раушан сайлары, Кеңсай сайы бар.

Округте 162 шаруа қожалығы, 4 дүкен, 4 мал дәрігерлік қызмет, 1 дәріхана, 2 орта мектеп, 2 орталау мектеп, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 2 спорт зал, 1 дәрігерлік амбулатория бар.

Кенсайский сельский округ Кенсайский сельский округ

 

ЖОБА «Кенсай ауылдық округінің Жарсу ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешім жобасына анықтама-негіздеме *.doc 39KB
ЖОБА Кеңсай ауылдық округіне қарасты Жарсу ауылының ірі қара малдарына шектеу іс- шараларын белгілеу туралы. *.doc 28 KB
ЖОБА Зайсан ауданының Кеңсай ауылдық округінің Бакасу ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы *.doc 27 KB
Кеңсай ауылдық округінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары *.doc 64 KB
Кеңсай ауылдық округі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар *.doc 53 KB
Кеңсай ауылдық округі бойынша 2013 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар *.doc 589.0 KB
Кеңсай ауылдық округі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар *.doc 79.0 KB
Кеңсай ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айындат атқарылған жұмыстар *.doc 37.5 KB
Кеңсай ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстар жөнінде *.doc 29.5 KB
Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі *.doc 37.0 KB
Кеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар *.doc 36.0 KB
2009 жылдың 9 айында атқарылған  жұмыстар  
2009 жылдың 1 жарты жылдығында  атқарылған жұмыстар  
Ауылдық округ бойынша 2009 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар  
2008 жылдың қорытындысы  

 

Парақтар өзгертілді: 23-02-2017