Ауылдық округтер

Шілікті ауылдық округі

Чилибаев Камбар Какимович Округ әкімі - Сағиев Құрмет Маушанұлы

1958 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1996 жылы Павлодар қаласындағы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 1976- 1978 жылдары Бурят АССР Улан-Уде-40 Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. Еңбек жолын 1975 жылы ШҚО, Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылындағы Шілікті кеңшарында электрик болып бастады. 1978 – 1981 жылдары ШҚО, Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылындағы Шілікті кеңшарында электрик, 1981 – 1983 жылдары ШҚО, Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылындағы Шілікті кеңшарында комсомол комитетінің хатшысы, 1983 – 1991 жылдары ШҚО, Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылында атқару комитетінің хатшысы, 1991 – 1997 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Шілікті ауылында ауыл әкімінің іс басқарушы маманы, 2000 жылдың 15 наурызынан 2013 жылдың 09 тамызына дейін ШҚО, Зайсан ауданы, Шілікті ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет етті. 2013 жылдың 09 тамызынан бастап ШҚО, Зайсан ауданы, Шілікті ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Мекен-жайы: Зайсан ауданы, Шілікті ауылы
Тел.: (8-723-40) 51-424
Азаматтарды қабылдау: дүйсенбі, бейсенбі күндері сағат 14:00-17:00 дейін

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Әкімшілік орталығы – Шілікті ауылы, оның аудан орталығынан қашықтығы 65 км, облыс орталығынан қашықтығы 525 км.
Ауыл әкімшілігінде 7 елді мекен бар. Олар: Жалши ауылы, Тасбастау ауылы, Кәкен-Талды ауылы, Қарасай ауылы, Қазақстан ауылы, Кемпірбұлақ ауылы, Шілікті ауылы.
Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 128 090 га, оның ішінде егіндік- 7177 га, шабындық 8177 га, жайылым 109 940 га.
Халық саны 2520 адам. Халықтың ұлттық құрамы төмендегідей: 100 пайыз қазақтар.
Ауылдық округ әкімі аумағында 86 шаруа қожалығы, 9 дүкен, 6 мал дәрігерлік қызмет, 1 шаштараз, 3 наубайхана, 1 дәріхана, 3 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп бар. Оларда 477 оқушы оқиды. Шілікті ауылында 256 номерлік АТС жұмыс істейді. 1 жанұялық емхана, 2 ФАП, 3 ФП бар.

Шілікті даласындағы құпиялар
1947-1960 жылдары ленинградтық ғалым – археолог Сергей Сергеевич Черников алғаш рет Шілікті даласындағы құпияларды зерттеп , таңқаларлық жаңалық ашып, ғылыми тұжырым жасаған. Оның экспедициясы мұнда диаметрі 100 м, биіктігі 8 метрге жететін обаларды қазған. Сақ-скиф дәуіріндегі хайуанаттар стиліндегі заттар, атап айтар болсақ бұғы қабан, бүркіт түріндегі алтыннан жасалып , лағыл тастармен көмкерілген бұйымдар табылған. Оның бәрі Кеңес үкіметі кезінде Ленинградтағы эрмитажға қойылып, елге қайтпай қалды.

Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші - Шілікті обасы. Ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Қорымның 13 үйіндісінің әрқайсысының диаметірі 100 метрге, биіктігі 8-10 метрге, қалғандарының көлемі соған сәйкес 20 метрден 60 метрге, биіктігі 2 метрден 5 метрге дейін жетеді. Бұл шамамен жүздеген жылдар бойы кісі жерленген тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты болса керек.
Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Жердің бетінен аумағы 58 м2, тереңдігі 1 метрдей шұңқыр қазылған. Оның қабырғалары 2, ал төбесі бір қатар бөренелерден тұрады. 2003 жылы профессор Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаев қазба жұмыстарын жүргізген Шіліктідегі «Бәйге төбе» обасы көптеген мағлұматтарға жол ашты. Археологтардың айтуына қарағанда бұл обалар геометриялық бір есепке бағындырыла орналастырылған. Соған байланысты бұл обалардың басы ҚХР-ның территориясындағы «қақ» деген жердегі «Ханоба» одан кейінгілері жұртқа мәлім «Қособа мен Шағаноба». Ал қалған 57 оба осылардың жалғасы іспетті.

 

 

 

 

 

 

2018 жылдың I- жарты жылдығында Шілікті ауылдық округінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат *.doc 48 KB
«Шілікті ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы *.doc 177 KB

 

 

Парақтар өзгертілді: 09-07-2018