Ауылдық округтер

Айнабұлақ ауылдық округі

Кошербаев Манар Слямбекулы Округ әкімі – Көшербаев Манар Сләмбекұлы

1969 жылдың 24 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылында туды. 1986 жылы Айнабұлақ орта мектебін бітіріп, 1987-1989 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. Армиядан келген соң ШҚО, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылындағы «Айнабұлақ» совхозында жұмысшы болып еңбек етті. 1993 жылдан 2010 жылға дейін ШҚО, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылындағы Айнабұлақ орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеді. 2010 жылы ШҚО, Зайсан аудандық білім бөлімінде әдіскер, 2010 жылдың тамыз айынан бастап 2012 жылдың ақпан айына дейін ШҚО, Зайсан ауданы, Біржан ауылындағы Аманкелді атындағы орта мектебінде директор болып қызмет істеді. 2012 жылдың 13 ақпанынан бастап ШҚО, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылдық округінде ауыл әкімі болып істеп келеді.

Мекен-жайы: Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылы
Тел.: (8-723-40) 50-831

Азаматтарды қабылдау: Айнабұлақ ауылында  сейсенбі сағ. 9.00- 12.00 , Қайнар ауылында сейсенбі сағ. 14.00-16.00, Жаңатұрмыс, Шүршүтсу ауылдарында сенбі.сағ. 9.00-12.00 

Айнабұлақ  ауылдық округ  әкімінің  2016 жылдың  қаңтар  айынан бері  атқарған  жұмыстары

Әкімшілік аумағындағы  барлық нысандағы  малдың  есептіліктері жүргізіліп,  аудандық  статистика бөліміне  есептіліктер  тапсырылды.
19-29 аралығында  аудан, ауыл  әкімінің елді мекен тұрғындарымен есепті  кездесу  жиыны өткізілді. Айтылған сын- ескертпелер жинақталып, орындалуы  бақылауда.
Қаңтар-наурыз аралығында Айнабұлақ  ауылы көшелері үздіксіз қардан тазартылып, жол қатынасы тұрақты түрде реттеліп тұрды. 
Көктемгі су  тасқынына байланысты  іс-шаралар  жасалып, тасқынын  алдын алу мақсатында  мекемелер мен  ауыл тұрғындары  300 дана күл  толтырылған қап  дайындады. Су өткізгіштермен  арықтар  қардан  тазаланды. Ағаш  бұтақтары алынып, көшелерде  тазалық жұмыстары  басталды. Тазалық  айлығы жарияланып, әр  жұма  күндері сенбілік  ұйымдастырылуда.8-наурыз әйелдер  мерекесі, 22- наурыз Ұлыстың Ұлы күні  мерекесі  аталып өтіп,  түрлі  спроттық ойындар  өткізілді, мерекелік концерт  берілді.Жеңіпаздар  марапатталды. Дала  өртінің алдын  алу мақсатында  іс-шаралар жасалынып,  өртке  қарсы қажетті құралдар дайындалуда.(хлопушка, күрек)
Салықтың  барлық түрінен  осы уақытқа  дейін КСН-ға 754 мың  қаржы түсті.
Түскен  қаржының жұмсалуы  Қоғамдастық  жиындарында қаралып отыр.
Ауылдық округтегі бойдақ малдарды жайлауға апару жұмыстары ұйымдастырылды.Ауылда қалған сауын малдарын кезектесіп бағу тәртібі жолға қойылды.Қоғамдастық өкілдерімен келісе отырып, мал бағу бағасы қарастырылуда.
Көктемгі егіс науқанына әзірлік жұмыстары толықтай жүргізілді.Шаруа қожалықтарымен ақпараттық түсінік жұмыстары уақытылы жүргізіліп тұрады.Мал шаруашылығымен айналысатын 52 қожалық мал тұқымын асылдандыру мақсатында асыл тұқымды бұқалар сатып алды. «Құрбан»ш/қ Ұлан ауданынан 76 бас асыл тұқымды мал сатып алды.Осы қожалықтар мемлекеттік қолдауға өтініш беріп, құжаттарын өткізді.   

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Айнабұлақ ауылдық округінің негізі 1950 жылы құрылған.
Әкімшілік орталығы – Айнабұлақ ауылы, аудан орталығынан 10 км, облыс орталығынан (Өскемен) 475 км орналасқан. Жер көлемі 87 694 га, оның ішінде шабындық жер – 3742 га, жайылымдық жер – 71117 га, егіндік жер – 3231 га. Үштен бір бөлігі таулы аймақ.
Елді мекендер - 6 (Айнабұлақ, Жаңатұрмыс, Чүрчүтсу, Талды, Сартұмсық, Қайнар) Халық саны - 2566 адам. Елді мекен құрамының экономикалық белсенді топтары 1501 адамды құрайды, зейнеткерлер - 415, әртүрлі әлеуметтік жәрдемақы алатындар - 172.
Тұрғылықты халықтың ұлттық құрамы: Орыстар-0,1%, қазақтар - 99,7%, басқа ұлт өкілдері –0,2%.
Округ ыңғайлы географиялық аймақты алған. Ол аудан орталығымен және басқа округтермен шектеседі. Округ аймағынан халықаралық және республикалық дәрежедегі автокөлік жолдары өтеді.
Округ аймағының уштен бірі таулы аймақ болғандықтан емдік қасиеті бар шөптерге бай. (қара андыз, шырғанақ, қарақат, тошала, көкбояу, шөп шәй)
Сонымен қатар Теректі, Чүрчүтсу, Темірсу сияқты дем алуға қолайлы орындары бар. Чүрчүтсу ауылынан адам ағзасына қажетті емдік қасиеті бар су «Зайсан суы» халықтың пайдалануында. «Зайсан суы» облысқа, Республикаға, Қытай халық республикасына дейін белгілі болып отыр.
Округте 142 шаруа қожалығы, 1 наубайхана,  5 дүкен, 1 дәріхана орналасқан. Әлеуметтік сала бойынша 1 орта мектеп, 2 орталау мектеп, 1 кітапхана, 1 спорт зал, 1 байланыс бөлімі, 1 пошта, 1 учаскелік полция, 1 мемлекеттік мал инспекторы, 1 клуб үйі, 1 жанұялық емхана, 3 фельдшерлік акушерлік пункт,1хоккей коробкасы, 1спорт модулі халыққа қызмет етеді.

 

  • Айнабулакский сельский округ
  • Айнабулакский сельский округ
  • Айнабулакский сельский округ

 

 

Парақтар өзгертілді: 02-04-2018