Дайыр ауылдық округі

Балғабаев Болатбек БалгабаевичОкруг әкімі – Балғабаев Болатбек Балгабаевич

1966  жылдың  16 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қаратал  ауылында  туған. 1981-1984 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласындағы №19 кәсіптік-техникалық училищесінде оқыды. 1984 жылы ШҚО, Зайсан ауданы, Сартерек ауылындағы «Зайсан» совхозында тракторшы болып жұмыс істеді. 1984-1986 жылдары Совет Армиясында әскери борышын өтеді. 1987 жылы ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласында жүргізушілер даярлайтын курста оқыды. 1987-1988 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласындағы  «Зайсан» комбинатында от жағушы, 1988-1989 жылдары Зайсан қаласындағы ДСУ-62-де тракторшы болды. 1989 жылы Теміртау қаласындағы Теміртау құрылыс техникумына оқуға түсіп, 1992 жылы осы техникумды «Құрылыс технигі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1993-1995 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы Сартерек ауылындағы «Сартерек» ассоциациясында құрылысшы, 1995 жылы ШҚО, Зайсан ауданы, Шалқар ауылындағы «Шалқар» кәсіпорынында аға жұмысшы, 1995-1997 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Шалқар ауылындағы «Шалқар» өндірістік кооперативінің шаруашылық орынбасары, 1997-2008 жылдары «Шалқар» өндірістік кооперативінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2006 жылы Алматы қаласындағы Алматы гуманитарлы-техникалық университетін «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. 2008-2010 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Шалқар ауылындағы «Болашақ» шаруа қожалығының жетекшісі, 2010-2011 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Дайыр ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып қызмет етті. 2011 жылдың 4 шілдесінен бастап ШҚО, Зайсан ауданы, Дайыр ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарып келеді. 

Мекен-жайы: Зайсан ауданы, Дайыр ауылы
Тел.: (8-723-40) 29-238
Азаматтарды қабылдау: сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 09:00-13:00 дейін

 

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Дайыр ауылдық округі 1921 жылы құрылды.

Орталығы - Дайыр ауылы, аудан орталығынан - 25 км., облыс орталығынан - 500 км қашықтықта орналасқан. Жалпы аумағы – 88 200 га, оның ішінде шабындық жер – 6383 га, жайылымдық жер – 61687 га, егіндік жер – 1667 га.
Округке 3 елді мекен (Дайыр, Көкжыра, Жамбыл ауылдары) кіреді.
Халық саны - 2858, оның жұмыс істеуге қабілеттілері – 1487, зейнеткелер-462, әртүрлі жәрдемақылар алатындар саны – 211.
Ұлттық құрамы : 99,5 % - қазақ, 0,2 % - орыс, 0,3 % - татар, 1 тәжік ұлты тұрады.
Округте 110 шаруа қожалығы, 8 дүкен, 4 мал дәрігерлік қызмет, 3 май сығатын цех, 2 наубайхана, 1 дәріхана, 1 қоғамдық тамақтану, 1 су құятын цех бар. Әлеуметтік сала бойынша 1 орта мектеп, 2 орталау мектеп, 2 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.

Дайыр ауылдық округі Дайыр ауылдық округі

 

Дайыр ауылдық округінде 2016 жылдың 1-тоқсанында істелген жұмыстар туралы *.doc 34 Kb
Дайыр ауылдық округінде 2014 жылы атқарылған жұмыстар *.doc 51 Kb
Дайыр ауылдық округіндегі Дайыр ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы *.doc 25 Kb
Дайыр ауыл округіне қарасты Дайыр, Көкжыра және Жамбыл ауылдарында ветеринариялық шектеу белгілеу туралы *.zip 20 Kb
Дайыр ауылдық округі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар *.doc 12 Kb
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар *.doc 45 Kb
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар *.doc 36 Kb
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 1-жарты жылдығында атқарылған жұмыстар *.doc 33 Kb
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар *.doc 42 Kb
Дайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар *.doc 44 Kb
2009 жылдың 9 айында атқарылған  іс-шаралар  
2009 жылдың 1 – тоқсанында   атқарылған   жұмыстар  
Ереже *.doc 82 Kb

 

Парақтар өзгертілді: 06-04-2016