Ауылдық округтер

Біржан ауылдық округі

Молдашев Сейтбаттал Қабықайұлы Округ әкімі – Молдашев Сейтбаттал Қабықайұлы

1958 жылы ШҚО, Зайсан ауданы, Талды ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, жоғары білімді. 1981 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Абай атындағы педогогикалық институтының жаратылыстану және география факультетін бітіріп, география пәнінің оқытушысы мамандығын алып шығады. Еңбек жолын Қарабұлақ ауылындағы Абай атындағы орта мектепте мұғалім болып бастады.

1986-2000 жылдары осы  мектепте директордың орынбасары болып қызмет атқарған. 2001-2005 жылдары Жамбыл орталау мектебінің директоры, 2005-2009 жылдары - Дайыр ауылдық округі әкімі болды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған. Аудан әкімінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі өкімімен Біржан ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Үйленген, 3 баласы бар.

Мекен-жайы: Зайсан ауданы, Біржан ауылы
Тел.: (8-723-40) 50-138
Азаматтарды қабылдау: сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 10:00-13:00 дейін

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұматБіржан ауылдық округы

Біржан ауылдық округі 1993 жылы құрылған. Ірі елді мекендері: Біржан, Ақарал, Қуаныш ауылдары. Барлық ауданы - 80943 га. Негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы. Оның ішінде егіндік – 3114га, шабындық – 8824га, жайылымдық – 64708 гектарды құрайды.

Осы үш елді мекенде тұратын халықтың саны бүгінгі күні 1549 адам. Біржан ауылында – 975, Қуаныш – 431, Ақаралда – 143 адам тұрады. Осы елді мекенде тұратын халыққа екі мектеп (бір орта, бір орталау), 1 емхана, 2 фельдшерлік пункт, 1 клуб үйі, 1 пошта байланыс бөлімшесі, 1 ветеринариялық қызмет пункті / 9 малдәрігері /, 1 кітапхана, 1 мал сою алаңы, 1 таза ауыз су жүйесі, 3 дүкен, 1 наубайхана, 78 мал және егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары (31-і мал шаруашылығымен, 31-і егін шаруашылығымен, 15 адам шаппалық жер үшін шаруа қожалығын құрғандар), 4 әлеуметтік қызметкер, 1 учаскелік полиция инспекторы, 2 май сығу цехы, ауылдық әкім аппараты қызмет көрсетеді.

 

Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары *.doc 365 KB
Біржан ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы қорытындылары мен 2018 жылы алда тұрған міндеттері туралы ауылдық округ әкімі С.Молдашевтың есепті баяндамасының тезистері *.doc 45 KB
Біржан ауылдық округі бойынша 2016 жылдың жарты жылдық әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары *.doc 127 KB

 

Парақтар өзгертілді: 02-04-2018