Сартерек ауылдық округі

Орынбаев Әнуарбек ӘмірханұлыОкруг әкімі – Орынбаев Әнуарбек Әмірханұлы

1960 жылы 1 мамырда Шығыс қазақстан облысы Зайсан ауданы Сартерек ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Сартерек ауылының орта мектебін бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Еңбек қызыл ту орденді Ауылшаруашылық институтына оқуға түсті. 1981 жылы шілде айында аталған оқу орнын  «Ауыл шаруашылық пәндерінің инженер мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1981 жылы қараша айында Зайсан ауданы Зайсан совхозының техника қауіпсіздігі инженері болып бастады. 1986 жылы Зайсан ауданы Зайсан совхозы кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды. 1995-1996 жылдары Сартерек ауылдық округінің әкімі, 1996-2007 жылдары «Зайсан» шаруа қожалығының төрағасы, 2007-2010 жылдары  «Мұса» шаруа қожалығының төрағасы қызметтерін атқарды. Зайсан аудандық мәслихатының 1-ші және 4-ші шақырылымы депутаты болып сайланған. 2010 жылдың кыркүйек айының 21-нен аудан әкімінің өкімімен Сарытерек ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 
Үйленген, үш бала тәрбиелеп өсірген ұлағатты әке.

 

Мекен-жайы: Зайсан ауданы, Сартерек ауылы
Тел.: (8-723-40) 50-697
Азаматтарды қабылдау: бейсенбі сағат 08:00-13:00 дейін

 

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Әкімшілік орталығы – Сартерек ауылы. Аудан орталығынан 29 км (Зайсан қаласы), облыс орталығынан (Өскемен қаласы) 506 км қашықтықта орналасқан. Барлық жер көлемі 102 923 га, оның ішінде егіндік 2480 га, шабындық 5333 га жайылымдық 70 681 га.
Елді мекендер - 8 (Сартерек ауылы, Көгедай ауылы, Шалқар ауылы, Жаңабаз ауылы, Акқойын, Қызыл-қия, Кенарал, ЛСП фермалары).
Барлық адам 2376. Халықтың ұлттық құрамы: 2395 қазақ, 4 татар, 1 орыс.
Ауылдық округтің жер жағдайы өте ыңғайлы, ауылдық округітің  шығыс-оңтүстік бөлігін Сауыр, Сайқан таулары  алуда, негізінен малға, егіншілік пен айналысуға өте ыңғайлы. Сартерек ауылының  шығыс-оңтүстік бөлігінде «Бестерек» қорығы бар, табиғи құрамы терек, үйенкі, қайың, қарақат, мойыл, бүлдірген, алма тағы басқа ағаштар өседі. Сауыр, Сайқан тауларында аю, түлкі, қарсақ, қасқыр, суыр, борсық, сілеусін, бүркіт, қаршыға, тағы басқа аң құстар бар.

Сартерек ауылдық округі Сартерек ауылдық округі
   
Сартерек ауылдық округі  

Ауылдық округте 2 орта, 1 бастауыш мектеп бар, 468 оқушы оқиды.  1 мешіт, 1 мәдениет үйі,1 кітапхана, 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. 129 шаруа қожалығы тіркелген, 4 мал дәрігерлік қызмет, 1 наубайхана, 2 кіші ұн диірмені, 2 май сығатын цех, 8 дүкен, 1 дәріхана бар. 

 

Сартерек ауылдық округіне қарасты Когедай ауылында ірі қара малдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы *.doc 27 KB
Сартерек ауылдык округ әкімі Әнуарбек Әмірханұлы Орынбаевтың 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары *.doc 41.0 KB
Сарытерек ауыл округіне қарасты Сарытерек, Көгедай ауылдарында ветеринариялық шектеу белгілеу туралы *.doc 35.0 KB
Сартерек ауыл округіндегі Сартерек, Когедай ауылдарында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы *.doc 34.0 KB
Сартерек ауылдық округі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар *.doc 62.0 KB
Сартерек ауылдық округі бойынша 2013 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар *.doc 57.0 KB
Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар *.doc 42.0 KB
Сартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар *.doc 52.0 KB
Сартерек ауылдық округінде 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған іс-шаралар *.doc 50.5 KB
Сартерек ауылдық округінде 2011 жылдың екінші жарты жылдығында атқарылған іс-шаралар *.doc 43.5 KB
2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы *.doc 26.0 KB
Сартерек ауылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған іс-шаралар туралы анықтама *.doc 31.5 KB
2009 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар  
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, «Сартерек ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже  
2008 жылы атқарған жұмыстар және әлеуметтік-экономикалық бағдарламасы бойынша хабарлама  
Парақтар өзгертілді: 18-01-2017