Ауылдық округтер

Қаратал ауылдық округі

Каримов Қайрат Набиұлы Округ әкімі – Каримов Қайрат Набиұлы 
Каримов Қайрат Набиұлы  19.03.1964 жылы ШҚО, Зайсан ауданы,Қаратал ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Қаратал ауылы, М.Горький атындағы  орта   мектебін бітірді. 1981-1982 жылдар аралығында Қаратал  қой совхозында құрылыс цехында жұмысшы болып жұмыс істеген. 1982-1984 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында , Польша Халықтық Республикасында әскери борышын атқарып келіп, 1984-1986 жылдар аралығында Семей зоотехникалық- малдәрігерлік институтында оқуға түскен. 1986-1990 жылдар аралығында Қаратал совхозында бригадир, бригадир-зоотехник болып жұмыс атқарған. 1990-1992 жылдар аралығында  Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтында оқуды жалғастырып,зооинженер мамандығын алып шыққан. 1992-1993 жылдар арлығында Қаратал сохозында үйымдастырушы-зоотехник болып жұмыс істеген. 1993-1996 жылдар  аралығында осы совхоздың бас зоотехнигі лауазымында жұмыс атқарған. 1996-1999 жылдар аралығында сохоздың таралуына байланысты уақытша жұмыссыз болып, 1999-2003 жылдар аралығында «КазАгроПолис» сақтандыру компаниясында брокер болып жұмысқа орналасқан. 2003-2010 жылдар аралығында Зайсан аудандық статистика басқармасында жетекші маман болып  жұмыс істеген. 2010 жылдан  осы уақытқа дейін Зайсан аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі жұмысын атқарып  келген. 2015 жылдың  15 қазан айынан бастап Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып тағайындалған. 2016 жылдың 17 тамызынан бастап Зайсан ауданы, Қаратал ауылы әкімінің міндетін атқарушы болып қызметке тағайындалды.

Мекен-жайы: Зайсан ауданы, Қаратал ауылы
Тел.: (8-723-40) 24-671
Азаматтарды қабылдау: сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 10:00-13:00 дейін

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Қаратал ауылдық округінің негізі 1929-1930 жылдары құрылған.

Әкімшілік орталығы - Қаратал ауылы, оның аудан орталығынан қашықтығы - 30 шақырым, облыс орталығынан қашықтығы 500 км.
Ауыл әкімшілігіне қатысты 5 елді мекен бар. Олар: Қаратал ауылы, Үлкен-Қаратал ауылы, Жіңішкесу ауылы, Қос-Қора ауылы, Қабырғатал ауылы.
Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 203 177 га, оның ішінде егіндік - 4501 га, шабындық 8813 га, жайылым 163 010 га.
Жалпы халық саны 4241. Халықтың ұлттық құрамы төмендегідей: 98 пайызы қазақтар, 2 пайызы орыс ұлтынан.
Округ географиялық жағынан қолайлы орналасқан. Округ аумағында ҚХР шекаралас «Майқапшағай» кедені орналасқан. Округ арқылы Республикалық маңызы бар тас жолы өтеді.

Округте 122 шаруа қожалығы, 36 жеке кәсіпкер, 18 сауда орталығы, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 2 спорт залы, 1 мешіт, 1 дәрігерлік амбулатория бар

  • Каратальский сельский округ
  • Каратальский сельский округ
  • Каратальский сельский округ

 

 

 

 

 

Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары *.doc 232 KB

 

Парақтар өзгертілді: 27-03-2018