«Зайсан қала әкімі аппараты» ММ

Уәли Марат ҚалиасқарұлыҚала әкімі – Тожыбаев Долдан

1955 жылдың 30 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен-Қаратал ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Семей қаласындағы автомобиль-механикалық техникумына оқуға түсіп, 1986 жылы техник-механик мамандығы бойынша бітірді. 1972-1973 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Қаратал ауылы, Қаратал кеңшарында жұмысшы болып істеді. 1973-1975 жылдары Совет армиясында әскери борышын өтеді. 1975-1982 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Қаратал ауылы, Қаратал кеңшарында жүргізуші, 1982-1986 жылдары гараж меңгерушісі, 1986-1991 жылдары бас инженер, 1991-1995 жылдары Қаратал кеңшарының директорының орынбасары болып істеді. 1995-1997 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласында «Райхан» фирмасының директорының орынбасары, 1997-2000 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Зайсан ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы, 2000-2001 жылдары Зайсан қаласының әкімінің орынбасары, 2001-2006 жылдары Зайсан қаласының әкімі қызметін атқарды. 2001 жылы «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған. 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін география пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 2006-2008 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі, 2008-2009 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы «VITA-Зайсан» ЖШС директоры болып жұмыс атқарды. 2009-2011 жылдары ШҚО, Катон-Қарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Катон-Қарағай ауданының «Нарын» мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорын директорының орынбасары қызметін атқарды. 2011 жылдың қараша айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін ШҚО, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы, 2012 жылдың қаңтарынан сәуір айына дейін Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі, 2012 жылдың сәуір айынан 2013 жылдың 08 тамызына дейін Зайсан ауданының әкімінің орынбасары болып істеді. 2013 жылдың 09 тамызынан бастап Зайсан қаласының әкімі болып тағайындалды.

Қызметтік бағыты: Зайсан қаласы бойынша саяси ахуалының тұрақтылығын, экономиканың дамуын, мәдениет және инфрақұрылымын қамтамасыз ету.

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Б. Сәтбаев к., 11
Тел.: (8-723-40) 27-177
Факс: (8-723-40) 21-235
Азаматтарды қабылдау: сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 14:00-17:00 дейін

Қызметтік міндеттері: 
Аппаратты толық басқару,
Қаланың, шағын және орта бизнестің әлеуметтік-экономикалық, ауыл шаруашылық жағдайын дамыту;
Жұмыссыздықты азайту үшін және шаруа қожалықтарымен жұмыс жүргізу;
Аудандық бюджетке салықтың түсуін қадағалау, қаладағы жүріп жатқан құрылыс пен жөндеу жұмыстарын бақылау;
«Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу;
Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.

Зайсан қаласы туралы жалпы мәлімет

Зайсан қаласы Зайсан  қаласы аудан  орталығы болып саналады. Жалпы халық саны бүгінгі күні мөлшермен 15065 адам. Зайсан қаласының аумағы 18832 гектар жерді алып жатыр. Қаланың ірге тасы 1864 жылы қаланып, 1868 жылы ресми түрде қала  статусы берілген. Зайсан қаласы облыс орталығы Өскемен қаласынан 470 км қашықтықта орналасқан. Ең жақын теміржол  станциясы Жаңғызтөбе 378 км қашықтықта орналасқан. Өскемен-470 км, Семей-496 км, Алматы-1200 км, Астана-1200 км.
Зайсан қаласы алты мөлтек ауданға бөлінген:

Көлік түрлері - әуе, автомобиль қатынастары арқылы. 

Бүгінгі күні Зайсан аудандық аурухана және №1 жанұялық емхана қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде.
Қаладағы ең ірі өнеркәсіп ЖШС «Сайхан». Ол негізінен жергілікті Кендірлік көмір кенінен  көмір өндіріп, аудан сұранысын қамтамасыз етуде. Өндіріс өнімдері мен халыққа көрсетілетін қызметтің қалған бөлігі, үлкенді-кішілі басқа өнеркәсіп  мекемелелерінің үлесінде.  Зайсан қаласында минерал су шығаратын зауытты «СМУ Шығыс» мекемесі 2006 жылы іске қосылды.
Зайсан қаласында ауданымыздың Рухани байлығының орталығы болып отырған қаламыздағы  аудандық мәдениет үйі, мұражай, аудандық және балалар кітапханасы жұмыс істейді. Қала жастарына, спорт сүйер қауымына аудандық мәдениет үйі жанындағы және 5 мектеп спорт залдары арнайы кесте бойынша жұмыс істейді. Оның сыртында орталық стадион, хоккей корды, су бассейіні, мини футболдық алаңы жастар еншісінде. Соңғы екеуі ауданда спорттың жаңа екі түрін дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. Сондай-ақ 2003 жылы Зайсан аудандық әкімшілігің алдына, қаланың орталығына орталық алаң салынып, жастар мен қала жұртшылығының демалатын орындарының бірі болды.  Қаламызда 78 көше болса,  орталық Жангелді-Желтоқсан көшелерін күрделі жөндеу және жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Қаладағы М. Аубакиров саябағы, Зәкиев саябақтары жастардың дем алатын орындарына айналған. Қаламызда екінші 60-пәтерлі үй құрылысы 2012 жылдың сәуір айында басталып кетті.

Зайсан қаласы Зайсан қаласы
   
Зайсан қаласы Зайсан қаласы
   

Қала мектептері:

Қалада екі балабақша жұмыс істейді

Жеке кәсіпкерлік түрі  Саны(бірлік)
 1 Сауда үйлері, дүкендер 93
 2 дүңгіршек 7
 3 мал дәрігерлік қызмет 5
 4 май сығатын цех 3
 5 диірмен 2
 6 шаштараз 10
 7 наубайхана 1
 8 дәріхана 12
 9 қоғамдық тамақтану 25
 10 монша 2
 11 қонақ үй 7
 12 базар 6
 13 ветеринарлық дәріхана 2
 14 фото түсіру 7
 15 сағат жөндеу 1
 16 аяқ киім жөндеу 6
 17 тігін цехы 5
 18 техника жөндеу 3
 19 техникалық қызмет орталығы 4
 20 жанар-жағар май құю станциясы 7
 21 жолаушы тасымалдайтын автобус 19

 

Зайсан қаласы, «Қашар» учаскесіне шектеу іс – шараларын белгілеу туралы 24 KB
Зайсан қала округінің 2014 жылдың атқарылған және 2015 жылға атқарылатын жұмыстары туралы 143 KB
09.07.2015. Зайсан қаласының «Сауыр»,«Қазақ ауылы» мөлтек аудандарында, «Көктерек» шаруа қожалығында және «Қызыл баз» учаскесіне шектеу іс –шараларын белгілеу туралы 37 KB
18.05.2015. Зайсан қаласының «Қызыл баз» учаскесіне шектеу іс –шараларын белгілеу туралы 25 KB
Зайсан қала әкімі бойынша 2013 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар 60 KB
Зайсан қала әкімінің 2012 жылы атқарған жұмыстары 77 KB
2012 жылдың I жарты жылдығында Зайсан қала әкімінің атқарған жұмыстары 43 KB
Зайсан қала әкімінің 2011 жылдың екінші жарты жылдығында атқарған жұмыстары 45 KB
Зайсан қаласында 2011 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстары туралы 35 KB
Зайсан қаласында 2010 жылда атқарылған жұмыстар 37 KB
2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар 26 KB
2009 жылдың 9 айда атқарылған жұмыстар  
Ереже 56 KB
2009 жылдың  I тоқсанында атқарылған іс-шаралары  
2008 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысы  

 

Парақтар өзгертілді: 04-05-2017