Аумақтық органдар

Зайсан ауданды әкімдігі «Зайсан» ККМК

Кожекенов Серик ЗакарияновичАйнабеков Елдос Айнабекұлы 

1975 жылы 4 қазанда Зайсан ауданы Сарытерек ауылында қызметкер отбасында дүниеге келген. 1982 жылы Сарытерек орта мектебінің табалдырығын аттап Абай атындағы орта мектебін 1992 жылы жақсы нәтижемен бітіріп шықты.  1995 жылы Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне оқуға  түсіп  2001 жылы инженер-экономист мамандығын иеленген. 1992-1995 жылдары Қарабұлақ ұжымдық шаруашылығының машина алаңында слесарь болып жұмыс атқарды. 1995-2001 жылдар Өскемен қаласындағы қорғасын-мырыш комбинатында, «КАЗЦИНК» Ационерлік қоғамында  негізгі қондырғыларды жөндеуші шебер, 2001-2002 жылдары Өскемен қаласындағы «Вторресурсы» ЖШС-де директор қызметін атқарды. 2002-2003 жылдары «Шығыс» шаруа қожалығында қосымша өндірісте меңгеруші болды. 2003-2005 жылдары жеке кәсіпкерлікпен шұғылданды. 2005-2010 жылдары «БГР Интернациональ Қазақстан» ЖШС-де менеджер қызметін атқарды. 2010-2012 жылдары Зайсан ауданы әкімдігінің «Зайсан-Тазалық» мекемесінде шебер,  2012 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Зайсан ауданы әкімдігінің «Зайсан» көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның директоры қызметін атқарып келеді.

Байланыс телефоны: 8-723-40-29-301
Қабылдау бөлімі: 8-723-40-21-338
Факс: 8-723-40-21-338
Эл. адрес: zaysan-voda@mail.ru
Мекен-жайы: 070700, ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қ.,Бөгенбай к., 78
Жұмыс уақыты: 08:00-ден 17:30-ге дейін
Қабылдау күндері: дүйсенбі жұма күндері аралығында сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін

Кәсіпорынның атқаратын негізгі қызметі:
1) Зайсан ауданы халқын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету
2) Зайсан қаласы халқын кәріз сумен қамтамасыз ету

Табиғи монополия субъектісінің 2017 жылдың инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпараты *.xls 145 KB

ККМ "Зайсан" кәсіпорынының кәріз суын әкету жүйесі бойынша 2017 жылғы бойынша тарифтік сметаның орындалуы туралы *.xls 145 KB

Зайсан ауданы әкімдігінің «Зайсан» ККМК 2017 ж. сумен қамтамасыз ету қызметі бойынша тарифтік сметаның орындалуы бойынша есебі *.doc 145 KB

 

Парақтар өзгертілді: 17-04-2018