Аумақтық органдар

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Зайсан аудандық әділет басқармасы

Кенжебаева Айгуль НурсултановнаКенжебаева Айгуль Нурсултановна - Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Зайсан аудандық әділет басқармасының басшысы.

1968 жылдың 2 қарашасында Семей облысы Шұбартау ауданы Баршатас  ауылында дүниеге келген, ұлты-қазақ, білімі –жоғары.
1988 жылы Талдықорған заң техникумын, 2000 жылы Д.Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті бітіріп, заңгер мамандығын алған.
Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2017 жылдың 27 қыркүйегіндегі №194 ж/қ бұйрығымен Зайсан аудандық әділет басқармасының басшысы  лауазымына тағайындалған.
Еңбек жолын 1988 жылы Семей облысы Үржар халықтық сотының хатшысынан бастап, аға сот орындаушы, нотариус қызметтерін атқарған.
2000-2007 жылдар  аралығында Үржар аудандық жылжымайтын мүлік  орталығының маманы болып жұмыс істеген.
Ұзақ жылдар  Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасының  бас маманы қызметін атқарған.
Әділет органдарындағы адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық «Қызметтік міндетін өнегелі атқарғаны және Әділет органдарына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және Әділет Министрінің, Әділет департаметінің  грамоталарымен марапатталған.

Әдiлет басқармасы мемлекеттiк тiркеу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • мәслихаттың, әкiмдіктер мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
  • заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу;
  • жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, құқықтық кадастрды жүргiзу.

Құқықтық көмектi ұйымдастыру және заң қызметiн көрсету саласында:

  • нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жеке нотариустардың iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылау;
  • құқықтық насихатты ұйымдастырады;
  • адвокаттардың, нотариаттардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметтерiнiң сапасын бақылауды  жүзеге асырады.

Әділет басқармасының басқа да функциялары:

  • адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;
  • өздерiне басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
  • әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;
  • зияткерлiк меншiк саласында Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру;
  • нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыру;
  • заңдарға сәйкес әділет органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
  • Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы,
Зайсан  ауданы, Зайсан қаласы, Жангельдин көшесі № 52.
Индекс  070700
тел: 8/72340/27161.

Зайсан аудандық әділет басқармасы басшысының жеке тұлғалар мен  заңды тұлғалардың  өкілдерін  жеке қабылдауы: дүйсенбі-жұма  сағат 09:00-13:00 дейін және 14:30-18:30 дейін жүргізіледі

 

 

Парақтар өзгертілді: 09-04-2018