Аумақтық органдар

ҚР ДСМ ҚДСК ШҚО ҚДСД Зайсан аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Каирлина Нурша Зейнелбеккызы- басшысы

Зайсан ауданы басқармасының басшысы Каирлина Нурша Зейнелбеккызы, Зайсан ауданының Зайсан қаласында 11 маусымда 1975 жылы дүниеге келген. 1982-1984 жылдары Зайсан қаласының № 1 бастауыш мектебінде оқыды, 1984-1992 жылдарында М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінде білім алды. 1992жылы Шығыс-Казахстан мемлекеттік университетінің гигиена және эпидемиология факультетіне түсіп, 1999 жылы дәрігер эпидемиолог және гигиенист мамандығын алып шықты. Еңбек жолын  2000 жылы Зайсан аудандық орталық ауруханасында бастады, 2003 жылы осы Зайсан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасыны бас маман долып қабылданды. 2013-2017 жылдарда бөлім басшысының міндетін атқарды. 2017 жылы басқарма басшысы болы тағайындалды.  Жанұялы, 2  бала тәрбиелеп  өсіріп отыр.

Мекен жай:  Зайсан қ,  Ибраева көшесі № 1
Тел.: (8-723-40) 21-569, 26-630 
Электронный адрес: zaysan_uzppvko@mz.gov.kz

Басқарманың негізгі міндеттері

  •  тиісті аумақта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету;
  • Реттелетін салада мемлекеттік қызметтерді көрсету, рұқсат құжаттарын беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтару);
  • Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласында санитариялық- эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау;
  •  тиісті аумақта шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халық тұрмысының ерекше шарттары бар шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу;
  • Өз құзыреті шегінде тағамнан уланулар, инфекциялық, паразиттік және басқа да аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық – профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Халыққа  профилактикалық егулердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
  • Дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының және тағамға биологиялық белсенді қоспалардың практикаға енгізілуін және қолданылуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Тиісті аумақта инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;
  • Тиісті аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
  •  Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы актілерді қабылдау;
  • Денсаулық сақтау саласындағы, халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында бақылауды жүзеге асыру;
  •  тиісті аумақта халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласында радиациялық бақылауды жүзеге асыру;
  • Инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, халықтың декреттелген топтарына жататын, сондай-ақ міндетті медициналық қарап –тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар қабылдау;
  • Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді  бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған , салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан обьектілерді пайдалануды тоқтата тұру;
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген  тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау , қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
  • Заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Зайсан аудандық ҚДС басқармасы бір бөлімнен тұрады:
Басқармада санитарлық-эпидемиологиялық бөлім басшысы- Бейсенбаева Гулшат Манаповна

 

Парақтар өзгертілді: 05-03-2018

ИНФОРМАЦИЯ ПО ТЕМЕ

26/09/2018
2018 жылдың 8 айында Зайсан аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына мемлекеттік қызмет көрсетуге 17 өтініш түсті, бар... Толығырақ...
26/09/2018
«ҚР ДСМ ШҚО ҚДС Департаментінің Зайсан ауданы бойынша ҚДС басқармасы» РММ, Сізге аудан әкімінің сайтына жариялау Толығырақ...
26/04/2018
Сарып немесе сал ауруы (бруцеллез) – адамдарға ауру малдан жұғатын, адам денесінің буын, жүйке, жыныс мүшелерінің зақымдануы... Толығырақ...
1