Аумақтық органдар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Зайсан аудандық бөлімі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ  АҚ  Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Зайсан аудандық бөлімінде  «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету 2007 жылдың тамыз айынан 20-нан бастап жүзеге асырылады. Оның негізгі масқаты халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарға, өзге де әкімшілік кедергілердің көрінуін жою үшін жағдай жасау болып табылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының басты әрі негізгі міндеттері мемлекеттік органдардағы кезекте тұруды болдырмау, халыққа сапалы және дер кезінде қызмет көрсету.

Дутбаев Нурлан БиляловичБастығы – Дүтбаев Нұрлан Билялович

1967 жылдың 6 қаңтарында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары, Алматы қаласының Қазақ политехникалық институтын 1992 жылы бітірген, мамандығы инженер-механик, Өскемен қаласының қазақ-американ университетін 2004 жылы бітірген, мамандығы экономист. 06.1985 ж. - 06.1987 ж. – Челябинск қаласындағы ә/б 3468 әскери борышын өтеді. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін 08.1987 ж. – 07.1992 ж. - Алматы қаласының Қазақ политехникалық институтында инженер-механик, 10.1992 ж. - 04.1993 ж. - Зайсан ауданының Қаратал ауылында «Зайсанстрой» кіші кәсіпорнында мастер, 04.1993 ж. - 09.1994 ж. - Майқапшағай ауылы «Майқапшағай» кеденінің экспорттық операцияларын бақылайтын инспектор, 09.1994 ж. - 09.1997 ж. - «Майқапшағай» кеденінің бас маманы, «Майқапшағай» кеденінің бастығының орынбасары, 10.2007 ж. - 05.2008 ж. - Маңғыстау облысы Баутино ауылы «Кара-Шекпен» кеденінің бас маманы, 05.2008 ж. - 07.2008 ж. - Зайсан ауданы бойынша салық комитетінің есепке алу бөлімінің бастығы, 08.2008 ж. - 06.2009 ж. - Зайсан ауданы бойынша салық комитетінің есептіліктерді қабылдау бөлімінің бастығы, 06.2009 ж. - 02.2010 ж. - Зайсан ауданының экономика және бюджеттік бағдарламалар бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың ақпанынан бастап Қаратал ауылдық округінің әкімі, 2011 жылдың маусым айынан бастап 2012 жылдың маусым айына дейін аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2012 жылдың 1 маусымынан бастап «Шығыс Қазақстан облысының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Зайсан филиалының жетекшісі болып тағайындалды.
Отбасылы, 5 баласы бар.

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Б. Сәтпаев к., 27-в
Тел.: (8-723-40) 26-781
Жұмыс істеу уақыты: сағат 09.00-20.00-ге дейін (үзіліссіз)
Демалыс күні: жексенбі

Кайрбаева Ардак Толеуханқызы –   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ  АҚ  Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  Зайсан аудандық бөлімі басшысінің орынбасары  
тел\факс: (8-723-40) 21-909
Эл.адрес: ms.zaysan@mail.ru

Парақтар өзгертілді: 16-03-2018

ИНФОРМАЦИЯ ПО ТЕМЕ

25/05/2018
23 мамырда Зайсан аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы комме... Толығырақ...
03/04/2018
Қазақстанда электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді. Толығырақ...
12/03/2018
Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Толығырақ...
06/03/2018
3 наурыз күні Зайсан аудандық әділет басқармасының жетекші маманы Бақыт Жұманова «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік ко... Толығырақ...
16/02/2018
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен кеңейтілген алқа... Толығырақ...
1 23