«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

Кожекенов Серик ЗакарияновичБасшысы – Кожекенов Серик Закариянович

1958 жылы 1 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қуаныш ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1975 жылы Зайсан қаласындағы ПМК-59 мекемесінің жұмысшысы болып бастаған. 1977-1980 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1980 жылы Алматы қаласындағы Алматы зооветеринариялық институтына түсіп, 1985 жылы мал дәрігері мамандығымен бітіріп шығады. 1985-1986 жылдар аралығында Зайсан қаласындағы КПСС XXIV съезд атындағы совхозда мал дәрігері, 1986-1995 жылдары осы совхозда бас мал дәрігері, 1995-1996 жылдары Зайсан қаласындағы Сауыр жекеменшік ауылшаруашылық кәсіпорынында бас мал дәрігері, 1996-1997 жылдары Жомарт шаруа қожалығының жетекшісі, 1997-1999 жылдары Зайсан мал дәрігерлік станциясында малдәрігер-эпизотолог, 1999 жылдың наурыз айынан осы жылдың қараша айына дейін Зайсан аудандық малдәрігерлік бақылау бөлімі, малдәрігерлік шараларды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1999-2002 жылдары Зайсан аудандық аумақтық басқармасында мемлекеттік малдәрігерлік инспекторы, 2002-2006 жылдары Зайсан аудандық аумақтық басқармасында бөлім бастығы - мемлекеттік малдәрігерлік инспекторы, 2006-2007 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК Зайсан аудандық аумақтық инспекциясының бөлім бастығы – бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, 2007 жылдың маусым айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін ҚР АШМ АӨК МИК Зайсан аудандық аумақтық инспекциясының бөлім бастығы – бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы болып қызмет атқарды. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарып келеді.

 

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Спамбетов к., 10
Тел.: (8-723-40) 21-402
Факс: (8-723-40) 27-204
Электронды адрес: zaisan-vetkom@mail.ru 

 

2012 жылдың I жарты жылдығында 23.5 Kb
2009 жылдың I тоқсандағы қорытындысы  
2008 жылы  
     
Ереже
 

 

Парақтар өзгертілді: 07-11-2013