Санитарлық-эпидемиологиялы қ қадағалау бөлімі

«Зайсан ауданының ветеринариялық бөлімі» ММ

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Боқажанов көшесі
Тел.: (8-723-40) 21-729
Электронды адрес: vetotdel-zaisan@mail.ru

Чилибаев Камбар Какимович Басшы - Чилибаев Камбар Какимович
1966 жылдың 6 маусымында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында туылған. Білімі жоғары, 1992 жылы Семей қаласындағы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген. Мамандығы – мал дәрігері. Еңбек жолын 1983 жылы ШҚО, Зайсан ауданы, Қарабұлақ совхозының №4 Мұқашы фермасында сиыршының көмекшісі болып бастаған. 1984-1986 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1986-1987 жылдар аралығында Қарабұлақ совхозының №4 Мұқашы фермасында сиыршының көмекшісі, 1992-1993 жылдары Қарабұлақ совхозының мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1994-1996 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында агроөнеркәсіптік техника мекемесінде экспедитор, 2000-2012 жылдар аралығында Қарабұлақ ауылында мал дәрігері қызметтерін атқарды. 2012 жылдың 2 мамырынан ШҚО, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2016 жылдың 7 қыркүйегінен Зайсан ауданының ветеринариялық бөлімі басшысы қызметіне тағайындалды.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің, аудан әкімдігі қаулыларының, әкім шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді және оған бақылау жасайды.
Бөлім туралы Ережеге сәйкес бөлімнің жұмысын жалпы басқарумен айналысады және бөлімге міндеттелген тапсырмалардың орындалуына басшылық жасайды және тікелей жауапты болады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру. Бөлімнің жалпы жұмысына жауап береді. Тиісті аумақта ветеринариялық іс-шараларды жүргізу, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер салуды және ұстауды ұйымдастыру, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асыру. Жануарларды аурулардан қорғау және емдеу ,халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға жауапты. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады. Жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Парақтар өзгертілді: 07-09-2016