Бiлiм беру

ҰБТ
Мектепке дейінгі тәрбиелеу
Аудан мектептері
МДҰ дың кезегі *.xls 274 Кб
Білім туралы *.doc 737 Кб

 

Зайсан аудандық білім бөлімінің  2016 жылдың 9 айындағы атқарған жұмыстары туралы

Ауданда 2016 жылдың 9 айы бойынша 27 мектеп: оның 17-і орта, 8-і негізгі орта, 2-і бастауыш мектеп, 10 балабақша, 5 мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. 10 балабақшада - 883, 18 шағын орталықтарда - 577, барлығы 1460 бала тәрбиеленуде, бұл барлық 1 жастан 5 жасқа дейінгі бала санының 82,8 пайызын, 3 жастан 6 жасқа дейінгі бала санының 99,9 % құрайды.

Аудан мектептерінде 913 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 777- жоғары, 136 мұғалім арнаулы орта білімді, жоғарғы санатты мұғалім-137, бірінші санатты-299, екінші санатты-279, мұғалім санатында-198.
2016-17 оқу жылының басындағы бала саны-6316. Өткен 9 айдың қорытындысымен салыстырғанда 179 балаға артық. Бірінші сыныпқа 727 бала қабылданса, мектепалды даярлық сыныбына 670 бала қабылданды. Биылғы оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына барлық бірінші сыныптар көшті. 1 сыныпқа қажетті оқулықтар толығымен жеткізілді, қамту 100 пайыз болып отыр.

Мектеп жасындағы балалардың толық оқуға тарылуын қамтамасыз ету мақсатында тамыз- қыркүйек айларында «Мектепке жол» акциясы өтті. Акция барысында аз қамтылған отбасы балаларына аудандық бөлімдер, мұғалімдер, кәсіпкерлер, ауыл әкімдері оқу формаларын, оқу құрал- жабдықтарын сыйға тартты.

Жаңа оқу жылы қарсаңында аудан педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтіп, жаңа оқу жылына жаңа бағыт – бағдар берді.
Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жаңа экономикалық саясат жалпы орта білім берудің сапасына ерекше талап қойып отыр.
2016 жыдың 9 айында ауданда біліктілікті арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша 3 айлық курстан өтіп, 22 мұғалім сертификат алды. Сонымен қатар пән мұғалімдеріне, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, қосымша білім беру мекемелерінің педагогтарына арналған қысқа мерзімді курстарда барлығы 215 мұғалім, оның 2-і Республикалық біліктілікті арттыру орталығында біліктілігін арттырды.  
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша 23 директор, 23 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары біліктілігін арттыруда.

Сапалы орта білімді, салауатты, интеллектуалды, рухани бай, өмірге бейімделген азаматтарды қалыптастыру мақсатында 2016 жылдың 1 қыркүйегінен спорт сыныбы (М. Дәуленов МИ-ДЗЮДО),  кадет сыныбы (Айнабулақ ОМ), мектепалды даярлық зияткер сыныбы (М. Әуезов ОМ), валеологиялық топ («Ертөстік» балабақшасы) сонымен қатар Х. Мұстафина атындағы лицей мектебі жұмысын бастады.
Үштілділікті дамыту бойынша кешенді жоспар барысында диагностикалық тестен ауданнан 104 мұғалім (4 қазақ тілі, 51 орыс тілі, 49 ағылшын тілі мұғалімдері) өтсе, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 108 мұғалім (33 орыс тілі, 7 ағылшын тілі, 3 қазақ тілі, 65 бастауыш сынып) арнайы курстан өтті. Сонымен қатар 71 математика, 28 физика пәні мұғалімдері диагностикалық тестен өтті.
Кешенді жоспар аясында жазғы демалыс лагерлерінде тілдік мектептер ұйымдастырылды. Оның ішінде «Бәйтерек» сауықтыру лагерінде қазақ тілі, «Үржарайым» лагерінде- ағылшын тілі, «Жігер» лагерінде орыс тілін үйрену, ауызекі сөйлесуді қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілді. Бұл лагерлерде облыстық білім басқармасы бекіткен квота бойынша аудан оқушылары да білімдерін жетілдіріп қайтты. («Үржарайымда»-9, «Жігер» лагерінде-23)

Үштілді білім берудің бастапқы қадамдары және Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін оқу үрдісіне енгізу Х.Мұстафина мектеп лицейінде өткен математика және физика пәні мұғалімдерінің облыстық семинарында көрініс тапты. Семинарға Күршім және Тарбағатай аудандарынан математика және физика пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинар барысында Х. Мұстафина атындағы мектеп лицейден 3 мұғалім (Садыкова А, Қалибаев Ж, Жүсіпова Д), М. Ломоносов орта мектебінен 3 мұғалім (Қабдолданова А, Тоқанова С, Кайнулдина Г), Мүкарама орта мектебінен 1 мұғалім (Омариев А), Сарытерек мектебінен 1 мұғалім (Қатарбаев Е), Жамбыл атындағы негізгі орта мектептен 1 мұғалім (Тоқбаева Б) және Тарбағатай ауданы Рұсқұлов мектебінен 1 мұғалім (Асылханова Б) ашық сабақтар, шеберлік сыныптарын, коучинг және сыныптан тыс шаралар көрсетті.

Ағымдағы жылы 15 білім беру мекемелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге 183 млн 386 мың тенге бөлінсе, (оның ішінде 121 854 мың тенге-республиикалық бюджет), материалдық –техникалық базасын нығайтуға 51 млн 111 мың тенге, сонымен қатар жаңа буынды оқулықтарман қамтуға 51 млн. 049 мың тенге республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінді. Мектептердің материалдық техникалық базасын нығайтуға облыс әкімінің «Туған жерге тағзым» акциясы жүйелі үлесін қосып келеді. Биылғы оқу жылында мектеп түлектері 1 млн 705 мың тенге көлемінде қаражатқа Абай, Мукарама, Сарытерек, Х.Мұстафина, Амангелді, Айнабұлақ, Кеңсай, Қазақстан, Көгедай, Жарсу мектептеріне 10 пән кабинеттерін, 1 мәжіліс залын, принтер, спорт құралдары, шкаф, стол, орындықтар сыйға тартты
2016 жылдың 9 айында айында оқу жетістігін сырттай бағалау мониторингісі ауданымыздың 3 мектебінің (Ю. Гагарин, Сарытерек, Мүкарама) 9-сынып оқушылары арасында өтті.

Облыстық оқу жетістігін сырттай бақылау департаменті тарапынан Ю.Гагарин атындағы орта мектеп, Маметова атындағы негізгі орта мектеп,   Кеңсай орта мектебі, Айнабулақ орта мектебі, Мұжықу негізгі орта мектебі және «Айналайын» балабақшасында мемлекеттік аттестаттау өткізілді.

2016 жылы Ұлттық Бірыңғай тестілеу бойынша орташа балл- 78,3, қатысу пайызы-85,5 % . Облыс бойынша қатысу пайызы 65,9 %, орташа балл- 82 балды құрады. Ауданның қатысу пайызы облыстан 19,6 пайызға артық болса, орташа балл көрсеткіші 10,2ге кем. Конкурстық балл бойынша 70 түлек шектік деңгейден өте алмады. Өткен жылмен салыстырғанда 39 балаға артық Шектік деңгейден өтпеген түлектер қайта тапсырып, 18-і ақылы нысанда ЖОО, 36-ы колледждерге ақылы бөліміне оқуға қабылданды. Орташа балы аудан деңгейінен жоғары болған мектептер: Ю. Гагарин (90), Сарытерек (80), М. Ломоносов- (86,2), Шекарашы-(85), М. Әуезов орта мектебі- (85), Қаратал орта мектебі-(80,5), Қазақстан (80,9) Мүкарама (79,8)
Ең төменгі балл- 65,6 және 67,3 М. Дәуленов мектеп-интернаты мен Х. Мұстафина орта мектептері көрсетіп отыр.

ҰБТ қорытындысы бойынша «Алтын белгі» аттестатына үміткер 34 мектеп бітірушіден -20 бекітіп, бұл 58,8% құрады. Мектеп түлектерінен ЖООна мемлекеттік тапсырыспен 94, ақылы бөліміне-68 бала түссе, 31 түлек колледждерге мемлекеттік тапсырыспен, 109 ақылы бөлімге оқуға түсті. Жан- жақты білім беруді дамытудың тағы бір саласы- қосымша білім беру болып табылады. Ауданда мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінде 3005 бала қосымша білім алуға тартылған, бұл барлық оқушының 49 пайызын құрайды. Қосымша білім беру бағдарламасы сонымен қатар аудан мектептерінде де 72 спорттық секциялар арқылы жүзеге асырылып отыр. Нәтижесі тек аудан, облыс, республика көлемінде ғана емес, халықаралық аренада көрініп келеді. Аудан оқушылары мен мұғалімдері халықаралық сайыстардан 4 жүлделі орындарды иеленді. (Монғолияда өткен Халықаралық бокс, 2 алтын медаль, Сарытерек ОМ, Ташкент қаласында өткен Азия чемпионаты, 2-ші және 3-ші орын, М. Дәуленов М И) Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің жанында оқушылардан құрылған «Поэзия » театры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Астана қаласының туған күніне орай «ТІЛ» республикалық ақпараттық-сараптамалық журналының ұйымдастыруымен «Ұлы дала» халықаралық дарынды балалар байқауына қатысып, жүлделі І-ші орынды жеңіп алды. Жетекшілері Алма Сулейменова мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гулжанат Аманбаева.Дарынды оқушылар «Біз » және «Түнгі студия» бағдарламасына , «Балапан» телеарнасына арнайы шақырылды.

Мектеп оқушыларының жазғы демалысының мәнді өтуіне үлкен көңіл бөлініп отыр 1-10 сынып аралығындағы барлық 5687 оқушы толығымен жазғы сауықтырумен қамтылды. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жасөспірімдер ісі жөніндегі ішкі істер бөлімінде және мектепшілік есепте тұрған оқушылар 100 пайыз қамтылды. Бір бала Италия мемлекетіне демалуға жіберіледі. «Мектеп топтарымен алмасу», «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталықтары» инновациялық жобалары аясында 30 бала Астанага саяхатқа барып қайтса, 25 бала Берелге, 30 бала Алакөлде демалды. Маркакөлге, этноауылға, Шілікті қорғанына саяхаттар ұйымдастырылып, 900-ге жуық бала барып қайтты. Жазғы маусым кезінде еңбекпен қамтылған балалар саны – 1150. Көгалдандыру бойынша 27 еңбек бригадасының жұмысы ұйымдастырылды.

Облыстық білім басқармасының 2015-16 оқу жылының қорытындысы бойынша рейтингі нәтижесі бойынша Зайсан аудандық білім бөлімі І орынды иеленіп, «Шығыс Қазақстан облысының Үздік білім бөлімі» кубогын иеленді.

Зайсан аудандық білім бөлімінің 2016 жылдың 9 айындағы атқарған жұмыстары туралы

Зайсан аудандық білім бөлімінің 2016 жылдың 9 айындағы атқарған жұмыстары туралы

Зайсан аудандық білім бөлімінің 2016 жылдың 9 айындағы атқарған жұмыстары туралы

 

2015 жыл
2014 жыл
Аудандық білім бөлімі бойынша 2013 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Аудандық білім бөлімі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар
Білім бөлімі бойынша 2012 жылдың 9 айының қорытындысы
Білім бөлімі бойынша 2012 жылдың 6 айының қорытындысы
Аудандық білім бөлімінің 2011 жылда атқарған жұмыстары
2010 жылдың қорытындысы
2010 жылдың 9 айында
2009 жылдың қорытындысы
2009 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
2009 жылдың І жарты жылдықта атқарылған жұмыстар
2009 жылдың І тоқсанындағы қорытындысы
2008 жылдың қорытындысы
Зайсан аудандық білім бөлімінің 2007 жылда атқарған жұмысының қорытындысы туралы
2006 – 2007 жыл

Парақтар өзгертілді: 16-11-2016

16.02.2012 Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқушылар сайысы

24.11.2011 «Батыр шекарашыға мәңгі тағзым»

01.11.2011 Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы

04.10.2011 Аудандық «Полиглоттар» сайысының өтуі туралы

20.09.2011 «Ерлік сабақтарының» өтуі туралы

02.09.2011 20 жылдыққа 20 игі қадам - Қайырымдылық марафоны

03.08.2011 Студенттермен кездесу

18.07.2011 «ХХІ ғасыр көшбасшысы жеңімпазы» атағын жеңіп алды

27.06.2011 «Ұстаз-елдің тірегі, мектептің жүрегі» кітабы тұсаукесерінің өтуі туралы

22.06.2011 Мектеп бітіру кештері