Бiлiм беру

Мектепке дейінгі тәрбиелеу

Зайсан ауданы бойынша 2015 жылы қараша айында 1 жастан 5 жасқа дейінгі  бала саны – 2235, оның ішінде 2-4 жасар  мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылатыны – 1428.
«Балапан» бағдарламасын іске асыру аясында Зайсан ауданы бойынша 10 балабақшаға – 833,  шағын орталықтарға – 602, барлығы – 1435 бала тартылып отыр, бұл барлық 1 жастан 5 жасқа дейінгі бала санының 85,3%-ын, 3 жастан 6 жасқа дейінгі бала санының 99,6% құрайды.
2015-2017 жылдарға арналған қадамдық жоспар бойынша 2016 жылы қаңтар айында Жарсу ауылында шағын орталық ашылып, 25 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды. Шағын орталықтардағы балалардың санын көбейту жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы Айнабұлақ ауылындағы бұрынғы «Балдырған» балабақшаның ғимараты қайтарылып, 50 орындық балабақша ашуға жұмыстар жүргізілуде.
Дайыр ауылындағы мектеп жанындағы шағын орталық бөлек ғимаратқа көшіріліп, «Балғын» балабақшасының құжаттары жөнделіп, жұмысын бастады. 
2017 жылына дейін Зайсан қаласындағы  мемлекеттік «Балдәурен» және  жекеменшік  «Балапан» балабақшалары кеңейтіліп, 1,5 жастан асқан балаларға арналған сәбилер топтары ашылып, қосымша балалар қабылданады.
2019 жылы Қарабұлақ ауылындағы 90 орындық «Балдырған» балабақшасының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, 2016 жылы 2 млн. теңге қаржы бөлінді.
Зайсан бойынша кезекке тұру арнайы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» және «электронды үкімет» веб-порталына тіркелу арқылы жүреді. Балабақшалар әр жас ерекшелігі бойынша қандай топқа бала қажеттігін білім бөліміне түсіреді, сол бойынша кезекте бірінші тұрған балаға жолдама беріледі.
Биылғы 2015-2016 оқу жылы кезекте тұрған балаларға балабақшаға берілген жолдама: қыркүйек - 54; қазан -17; қараша - 16; желтоқсан - 5; қаңтар - 9; ақпан - 23; наурыз - 18; сәуір  - 19; мамыр - 34.

Парақтар өзгертілді: 26-02-2018