Қоғамдық тыңдаулар

Орналастыру күні Хабарландыру
  Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы хабарландыру мәтіні, сонымен қатар жергілікті атқарушы органның атауы және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға, ұсыныстар мен ескертулерді қабылдауға жауапты тұлғаның байланыс деректері;
мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауы;
тапсырыс берушінің атауы;
жоба бойынша құжаттама жарияланған жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсының мекенжайы;
құжаттаманы әзірлеушінің атауы;
күні, уақыты, орны.
  Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары
мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптары
  қоғамдық пікір есебі бойынша сауалнама парағы
  қоғамдық пікір есебі бойынша толтырылған сауалнама парақтары
  қоғамдық тыңдаулар хаттамасы
  сауалнама нысанындағы қоғамдық талқылау өткізу туралы хаттама

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2016 жылдың 15 қарашасында Зайсан аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.  Отырыста Зайсан аудандық мәслихатының  бірнеше нормативтік құқықтық актілерінің жобалары бойынша қоғамдық тыңдауы өткізілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері «Зайсан ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Зайсан аудандық мәслихатының шешім жобасы бойынша  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің маманы С.Бортықаеваның, «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату жөніндегі» Зайсан аудандық мәслихатының шешім жобасы бойынша Зайсан аудандық жер қатынастар бөлімінің бас маманы Е.Қоқановтың хабарламаларын тыңдап, осы мәселелер бойынша сұрақтар қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Сонымен бірге, күн тәртібіндегі «Зайсан аудандық мәслихат аппараты Мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы», «Зайсан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы «Зайсан аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» №23-4 шешімнің күшін жою туралы»  Зайсан аудандық мәслихатының шешім жобаларын, «Зайсан қаласының «Пограничный» көшесін  «Оразбай Есдәулетов» атындағы көше деп өзгерту туралы», «Зайсан қаласындағы «2 Шартты» көшесін «Ағайынды Сәлиевтер» деп өзгерту туралы Зайсан аудандық мәслихаты мен аудан әкімдігінің бірлескен шешімдерін және қаулыларын қарап, пікірлерін білдірді. Қоғамдық кеңес қаралған мәселелер бойынша өз ұсыныстарын жасап, тиісті шешімдер қабылдады.

Зайсан ауданының Қоғамдық кеңесінің 
 төрағасы Ш.Оралбаев

Парақтар өзгертілді: 17-11-2016