Жер заңды негізде

ҚР Ззаңы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" *.doc 170 KB
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы *.ppt 506 KB
ЖТҚ салуға жерге кезекте тұрғандардың тізімі *.xls 208 KB
Қазақстан Республикасының Жер кодексі *.doc 1.2 MB
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығы негізінде: 2017 жылдың 21 қараша күні сағат 15:00-де сауда-саттықтың ағылшын тәсілімен жер учаскесін жеке меншікке және жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді. *.doc 44 KB
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығы негізінде: 2017 жылдың 05 желтоқсан күні сағат 15:00-де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді. *.doc 87 KB

Аудандық жер қатынастары бөлімінің 2017 жылдың I жартыжыдығында атқарлыған жұмыстары мен алға қойған мақсаттары туралы ақпарат

Зайсан ауданында әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша 1 қала (аудан орталығы), 8 ауылдық округ, 37 елді мекен бар.
Жер қоры төмендегідей тәртіппен бөлінген:

2017 жылдың 20 маусымына дейін Зайсан аудандық жер қатыныстары бөліміне заңды және жеке тұлғалардан барлығы 751 өтініш келіп түсті, оның ішінде:
- аудан әкімінің кеңсе бөлімі арқылы 705 өтініштер мен тапсырмалар;
- тікелей бөлімге 46 өтініштер мен сұраныс хаттар.
Олардың ішінде 562 қанағаттандырылып, 31 жер учаскелерін беруден бас тартылып, 158 түсіндірілді.
Бөлімнің ұйымдастыруымен жыл басынан бері 10 аудандық жер комиссиясының отырысы өткізіліп, 579 өтініш қаралып өз шешімін тапты.
2017 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін жер учаскелерін пайдалану жөнінде 238 келісім шарт жасалды:
- жалпы ауданы 30 173 га, оның ішінде 1 688 га егіндік, 402 га шабындық, 28 083 га жайылымдық жер учаскелері 238 шаруа қожалықтары мен жеке тұлғаларға бекітіліп берілді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 бабына сәйкес бөлімнің ұйымдастыруымен ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурс арқылы беру мақсатында 2017 жылдың 07 сәуірінде комиссия отырысы өткізілді. Конкурсқа жалпы ауданы 7422,7 га құрайтын 50 жер учаскесі ұсынылды. Конкурс қорытындысына сәйкес 5972,7 га тұратын 43 жер учаскелері аудан тұрғындарына шаруа қожалығын жүргізу үшін 10 жылға уақытша өтеулі мерзімге берілді.
Сонымен қатар Зайсан қаласы бойынша жалпы ауданы 0,395 га құрайтын 2 жер учаскесі аукционға ұсынылып, нәтижесінде 0,35 га жер учаскесі 1 900 000 теңгеге Зайсан қаласының тұрғыны Қылиманов Сәкенге және 0,045 га жер учаскесі 290 000 теңгеге Зайсан қаласының тұрғыны Байғалиев Арқалыққа жеке меншікке сатылды.
Қазіргі уақытта ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурс арқылы беруді ұйымдастыруға 79 жер учаскелері, аукцион арқылы беруге 6 жер учаскелерінің жерге орнаалстыру жобалары дайындалып, аудандық «Достық» газетіне хабарлама берілді.
2005 жылдан бастап 2016 жылдың 1 тамызына Зайсан қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 599 участок бөлініп берілді. Атап айтатын болсақ 2005 - 2010 жылдар аралығында 313 жер, 2010 жылы – 73 жер, 2011 жылы – 30 жер, 2012 жылы – 63 жер, 2013 жылы – 69 жер, 2014 жылы – 26 жер, 2015 жылы – 12 жер, 2016 жылдың 1 тамызына 13 жер учаскелері берілді. Жалпы осы жылдар аралығында өтініш берген азаматтардың саны – 1133. Қазіргі уақытта 631 азамат кезекте тұр.
Жыл сайын аудан прокуратурасымен игерілмей жатқан жер учаскелерін анықтап, оларды мемлекет құзырына қайтару жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда 2012-2013 жылдары 18 жер учаскесі, 2014 жылы 9 жер учаскесі, 2015 жылы 7 жер учаскесі, 2016 жылы 5 жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жер учаскелері заңдылыққа сәйкес кезекте тұрған азаматтарға берілуде.
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 250 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
Атап айтқанда жерге орналастыру жобасын бекіту бойынша – 231 қызмет;

2017 жылдың 20 маусымына дейінгі күнде жер учаскесін сатудан аудан бюджетіне 7 736 370 теңге кіріс кіргізілді.
Үстіміздегі жылы ауқымды жұмыстар атқару жоспарда тұр. 2017 жылдың екінші жартыжылдығына аудандық жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыруымен кезекті конкурс, аукцион ұйымдастыру жоспарлануда.
Сонымен қатар Зайсан қаласының шекарасын анықтау бойынша құны 1 945 мың теңгенің және де құны 3 750 мың теңгені құрайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жұмыстары бастау алды. Аталған жұмыстарды «ГеоСхема» ЖШС-і жүргізуде.

 

Аудандық жер қатынастары
бөлімінің басшысы Е.Қайрақбаев

 

Прокуратура ескертеді: жермен байланысты алаяқтық бар

Жерді сатып алмай тұрып келесідей жағдайға назар аударыңыз:

Сатушының қолында оның меншік иесі екендігін растайтын 3 құжат болуы керек:
- Жерге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу куәлігі;
- Меншік құқығын тіркеуге негіз болған құжаттың түпнұсқасы (мысалы, сатып алу – сату шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік және т.с.с.);
- Кадастрлық жоспардың түпнұсқасы, онда жер учаскесінің кадастрлық номері, алаңы және нақты мекенжайы көрсетілуі тиіс.

Аталған құжаттардың барлығында да меншік иесі туралы мәлімет бірдей болуы керек.
Меншік иесі жеке тұлға болса, онда Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың болуын, ал заңды тұлғада оны тіркеу, салық органында есеп тұру куәлігін тексерген және Заңды тұлғалардың бірыңғай тізілімінен анықтаманы алған жөн.

Сатып алушыдан көбірек ақша алу мақсатында алаңы үлкенірек және іс жүзінде басқа жерде орналасқан жер көрсетілуі мүмкін.
Сондықтан, құжаттарды тексерген соң, жер алаңының кадастрлық жоспарға, координаттарына сәйкестігін мұқият тексеру керек.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда Бас прокуратураның Call-орталығына 115 номері арқылы хабарласа аласыз

Парақтар өзгертілді: 03-11-2017