Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы *.doc 907 KB
ККМ "Зайсан"
   

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша 2016 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы

2016 жылғы 05 сәуірдегі №188 қаулысымен 2 сәуір – 30 мамыр аралығында санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыру жөніндегі екі айлығы болып жарияланып, елді мекендерде әр жұманың сенбі күндері сенбіліктер ұйымдастырылды.
Бұл жұмыстарға барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұжымдардың жұмыскерлері, мектептерде оқушылардан жасақтар құрылып, ұстаздар ұжымы, аудан тұрғындары жұмылдырылды. 
Зайсан қаласындағы Жангельдин көшесінің бойындағы гүлзарлар мекемелерге бөлініп беріліп, ол жерлерге гүл егу, маңайларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.  
Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қалыпты жағдайда ұстауға 25,0  млн теңге бөлініп, жұмыстарды «Зайсан Тазалық ЖШС жүргізуде. Жолдарды қыру және жол бойындағы жол белгілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 12,0 млн теңгенің жұмыстарын атқарды.
Аудан бойынша жолаушы тасымалы негізнен автобус қатынастары арқылы жүргізілуде.
Әр күн сайын Зайсан қаласынан  Өскемен, Семей қалаларына автобус үзіліссіз қатынап тұрады. Билеттің құны Семей қаласына - 2600 теңге. Өскемен қаласына -  3000 теңге.                  
Аудан орталығы Зайсан қаласының ішінде жолаушы тасымалын «СМУ Шығыс» ЖШС жүргізуде. Автокөліктер белгіленген бағыттар мен арнаулы жасалған, қала әкімі бекіткен кесте бойынша жүргізіледі. Қала ішінде жолаушы тасмалдау таңғы сағат 7-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейінгі аралықта, қарама-қарсы екі бағытта халыққа қызмет көрсетуде. Бір жолаушыға тасымалдау құны 50 теңге. Автобустарда арнайы билет сатылады.
Жолаушы тасымалдаушы мекеменің  ақтамаған шығындарын  өтеу үшін   жергілікті бюджеттен қаржы (дотация) бөлініп отырады. Биылғы 2016 жылға 19,0 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге  11,0 млн теңге игерілді.
2014 жылы аудан аралық маршруттарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, аудан аралық «Зайсан-Кеңсай-Шілікті», «Зайсан-Айнабұлақ-Жамбыл-Дайыр-Қуаныш-Біржан», «Зайсан-Көгедай-Шалқар-Қаратал-Үлкен-Қаратал» және 2015 жылы «Зайсан-Кеңсай-Жарсу-Бақасу-Саржыра», «Зайсан-Айнабұлақ-Сартерек» және «Зайсан-Айнабұлақ-Жамбыл-Көкжыра» бағыттары бойынша жолаушы тасымалын ЖК Р.Маматов жүргізуде.
Зайсан-Шілікті бағыты бойынша - 250 теңге, қалған бағыттар бойынша – 200 теңге болып  билет құны бекітілді.
Аталған бағыттарда жолаушы тасымалдаушының ақтамаған шығындарын өтеу мақсатында жергілікті бюджет есебінен биылғы 2016 жылға 17,0 млн теңге дотация бөлініп, бүгінгі күнге 13,0 млн теңге игерілді.  
Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету үшін   «Зайсан» ККМК су құбырларын қалыпты жағдайда ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2016 жылға су жүйелерін қалыпты жағдайда ұстау жұмыстарына 12,840 млн теңге және кәріз желілерін қалыпты жағдайда ұстауға 35,0 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге 23,5 млн теңгенің жұмыстарын «Зайсан» ККМК жүргізді.
Сондай-ақ Жарсу ауылының су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 19 538,0 мың теңге бөлініп, конкурс жарияланды. Конкурс жұмыстары 3 мәрте ШҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы арқылы тоқтатылып, қайта берілген. Бүгінгі күні қорытындысы шығып, мердігер «СМУ Шығыс» ЖШС келісім шарт отырылды.

 

Бөлім басшысы А.Кусаинов

 

05.04.2016 Зайсан қаласы бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімі *. xls 91 KB
05.04.2016 Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айрылған жиырма тоғыз жасқа толмаған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар тізімі *. xls 37 KB
04.04.2016 Тұрғын үй *. doc 86 KB
04.04.2016 Мемлекеттік , әскери , бюджеттік мекеме қызметкерлері тізімі *. xls 78 KB
14.05.2015 Очередь по ЖКХ *. xls 231 KB
       

 

МҰРАҒАТ

Жеке кәсіпкер Амренов К Ш 2016 ж 2-жартыжылдығының жылу өндіру, тасымалдау тарату қызметі бойынша тарифтік сметаның орындалуы бойынша есебі *. doc 89 KB
Жеке кәсіпкер Амренов К Ш 2016 жылдың жылу өндіру, тасымалдау, тарату қызметі бойынша тарифтік сметаның орындалуы бойынша есебі *. doc 98 KB
2014 жыл  
2013 жыл  
Зайсан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2013 жылғы 6 айда атқарған жұмыстары туралы Анықтама  
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар  
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар  
Зайсан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2012 жылғы I жарты жылдығында атқарған жұмыстары  
2010 жылы атқарылған жұмыстар  
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2010 жылдың 1- жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы  
2009 жылда аудандық тұрғын үй- коммуналды шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің атқарған жұмыстары туралы қорытынды  
2009 жылдың I тоқсанының қорытындысы  
КМШК «Зайсан»  
2008 жылғы орындалған іс-шаралар және 2009 жылы атқарылатын жұмыстар туралы анықтама  
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (2006-2007)  
     
Парақтар өзгертілді: 18-04-2017

27.07.2009 Дайындық барысы қандай?