Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «ХХI ғасыр кітапханасының жаңа келбеті» - атты семинар-практикум өтті

2009 жылы 12 мамыр күні аудандық білім бөлімінің жоспары  бойынша  Гагарин атындағы орта мектебінде Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханасы мен мектеп кітапханасы бірлескен «ХХI ғасыр кітапханасының жаңа келбеті» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Мақсаты:
Мектеп кітапханашыларына кітапханада жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету,әдістемелік кеңес беру және жаңа ғасыр кітапханасының жаңа терминдерімен танысу.
Осы мақсатқа жетуде семинардың теориялық және практикалық бөлімінде  Өскемен қалалық   №3 кітапхана меңгерушісі Мұқиманова Б.Р   және жарнамалық-көпшілік шаралар бөлімінің меңгерушісі  Ахметжанова А.Қ жүргізді.

І. Теориялық бөлімде:

Интернетке қосылу тәсілдері,электрондық каталог, РАБИС жүйесі жайлы,кітапхана сайтын қалай құруға болады, кітапханалық маркетинг,  Менеджмент, Фандрайзинг, Паблик-рилейшнз, Пияр, анықтамалық дайджест,  Он-лайн диспут деген не деген сауалдарға түсініктеме беріп, тренинг, ойын түрінде өткізді.

ІІ. Практикалық бөлімде:

1. «Интернет әлеміне саяхат» жекелей және топтық жұмысты мектептің информатика пәнінің мұғалімі Р.Қайсенов жүргізді.
2 Мектеп кітапханасының электронды портфолиосы жайлы мектеп кітапханашысы    Мырамытова      З.Д.  өзінің іс-тәжірибесін көрсетіп, портфолионы әркім өзінің идеясымен жинақтайтынын айтып өтті. Өткізілген семинардың бүгінгі күн тақырыбына сай әрі маңызды екенін атап өтуге болады. Аудан кітапханашыларының кітапхана саласындағы инновациялық әдіс –тәсілдермен танысуы, оны өз тәжірибелеріне енгізуі күн талабын қанағаттандырып отыр.

 

Аудандық білім бөлімі