Салық төлеушілердің назарына!

Салық кодексінің 391 және 409-баптарына өзгерістер енгізілді, жеке тұлғалардың мүлік салығын, жер салығын есептеуді салық органдары есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың,яғни 2018 жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізетін болады. Салық төлеу 2017 жыл үшін 2018 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі.
Салық кезеңі ішінде иелері өзгерген жағдайда салықтарды қайта есептеу қажеттілігі алынып тасталады.
Әскери қызмет өткеру, оқу кезеңінде әскери қызметкерлерді мүлікке салық төлеуден босатылған болса, 2017 жылдан бастап бұл жеңілдік алынып тасталды.
Осы кодексінің 403-бабы 2-тармағыың 3) тармақшасына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес ІІІ топтағы мүгедектер салық салу меншік құқығындағы барлық объектілерінің жалпы құнынан АЕК 1500 еселенген мөлшері шегінде мүлік салығы жеке тұлғаларға салынатын салықтарды төлеуден босатылатын болады.
Аталған кодексінің жаңа 661-1-бабы енгізілді, салық органдары сомалар бойынша салықтық міндеттемелерді, мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы арқылы жеке тұлғаларға есептелген ақпараттандыру туралы тәртібі анықталған:
1) салық органдарының интернет-ресурстарында орналастыру;
2) жеткізуші коммуналдық қызмет көрсету үшіннұсқау құжаттарда қолданылатын есеп айырысу;
3) салық төлеушінің электрондық пошта мекенжайына жіберу;
4) салық төлеушіұсынған ұялы телефон нөмірлеріне СМС-хабарламаныжіберу.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушілер салық органына өзінің телефон нөмірлері және мекенжайлары, электрондық пошта туралы мәліметтер қалдыруға болады.

Зайсан ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының басшысы С.Кыпшаков

 

 

Парақтар өзгертілді: 02-03-2017