Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шаңғыдан аудан біріншілігі

Үстіміздегі жылдың 4 наурыз күні Балағазы шаңғы алаңында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында  шаңғыдан аудан біріншілігі болып өтті. Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде өткен жарыстың ашылу салтанатында Ерікті мүгедектер қоғамының төрағасы С.Макей құттықтау сөз сөйлеп, жарыстың бас төрешісі Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Нұғыманов жарыстың ережесімен таныстырып өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша, ерлер арасында 1000 метр қашықтықта жүлделі І орынды Айнабұлақ ауылдық округінен Е.Габбасов, ІІ орынды Қаратал ауылдық округінен М.Саматаев, ІІІ орынды Кеңсай ауылдық округінен С.Тастағанов иеленді.

Ал, әйелдер арасында 800 метр қашықтықта топ жарып І орынды Қаратал ауылдық округінен Ж.Шаймарданова, ІІ орынды Айнабұлақ ауылдық округінен С.Зайнулдина, ІІІ орынды Кеңсай ауылдық округінен Ә.Сүлейменова иеленді.
Жалпы командалық есепте І орынға Қаратал ауылдық округі, ІІ орынға Айнабұлақ ауылдық округі, ІІІ орынға Кеңсай ауылдық округі тұрақтады.
Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамаларымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шаңғыдан аудан біріншілігі.

Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі

Парақтар өзгертілді: 06-03-2017