Мәжіліс Депутаттары ЭКСПО-2017 нысандарын көріп қайтты

Астана қ. 9 наурыз 2017 ж.

Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттары Палата төрағасы Нұрлан Нигматулинмен бірге «Астана ЭКСПО-2017» нысандарын қарап кетті. Парламент мүшелері сапар барысында Халықаралық мамандандырылған Көрме нысандарын: Қазақстанның ұлттық павильоны, Конгресс Орталығы, халықаралық павильон, энергия зерттеу Орталығын  көріп шықты.

Көрменің  ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына арналған  кездесу барысында АҚ «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Бас Төрағасы Ахметжан Есімов Мәжіліс депутаттарын көрме ұйымдастыру жұмыстары аяқталып қалғанын жеткізді. 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындарын мақұлдап, 109 мемлекетпен қатысу келісімшарты, 110 секция комиссарлары таңдалып, 82 ел ұлттық күнін таңдап қойды. Қазіргі уақытта қатысушы мемлекеттермен ұлттық павильондары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 8 наурыздан бастап барлық облыс орталықтарында ресми билет кассалары өз жұмыстарын бастайды.
Кездесу соңында Ахметжан Есімов және ұлттық компания Департамент басшылары қонақтардың  арнайы билет бағдарламасы, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету  және медициналық көмек, сондай-ақ,  халықаралық даму және т.б. сұрақтарына  жауап берді.

Нұрлан Нигматуллин көрменің жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуына депутаттық корпустың: халықаралық көрмелер Конвенциясы бекітіліп, «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру мен өткізу сұрақтарына арналған Заң қатысы барын айтты.
«Барлық депутаттар атынан Көрме ұйымдастырушыларына алғысымда жеткізуге рұқсат етіңіздер. Біз үшін бұл көрменің жоғарғы деңгейде өтуі өте мағызды және мамандандырылған ЭКСПО-ның Астанада өтуі 2017 жылдың ең маңызды іс-шарасы болмақ»- деп атап өтті Мәжіліс спикері.

Мәжіліс Депутаттары ЭКСПО-2017 нысандарын көріп қайтты

Мәжіліс Депутаттары ЭКСПО-2017 нысандарын көріп қайтты

* * *

АО «ҰК «Астана ЭКСПО-2017» 2013 жылдың 15 қаңтарынан бастап ЭКСПО - 2017 Халықаралық көремсін ұйымастыру мен дайындық мақсатында құрылды.
Қосымша ақпарат үшін Қоғаммен байланыс Депарламентіне хабарласыңыз:
тел.:+7(7172)938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com