Жолдастық кездесу

Салауатты өмір салтын насихаттауға, денешынықтыру және спортпен шұғылдануға ынталандыру,спорттық шеберлікті арттыру, Зайсан және Тарбағатай аудандарының арасындағы достық байланысты нығайту мақсатында 11 наурыз күні Зайсан ауданының әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Жас Отан» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен аудандық спорт модулінде ардагер футболшылар, жас мемлекеттік қызметкерлер және жастар арасында шағын футболдан Зайсан және Тарбағатай аудандарының арасында жолдастық кездесу ойыны өтті. Қызықты әрі тартысты өткен жарысқа барлығы 6 футбол командалары қатысты. Ойын қорытындысы бойынша достық жеңіп, келген қонақтар алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ойын біткенен соң қонақжайлық көрсетіп, аудандық бассейнге жол тартты.

Жастар ресурстық орталығының маманы
Бикадамова Мадина

 

Парақтар өзгертілді: 14-03-2017