Республикалық «ВІ Жұлдызай» Фестивалінің аудандық кезеңі

14.03.2017 ж Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Республикалық «ВІ Жұлдызай» Фестивалінің аудандық кезеңі өтті. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасында би, ән, қолөнер бөлімдері бойынша өткізілген тартысты додаға 25 оқушы қатысты. Салыстырып айтсақ, былтыр осы байқауға 8 оқушы ғана қатысқан болатын. Бұл дегеніміз, осындай ерекше сәбилердің қоғамға тартылуы, қолөнерге баулуы жылдан жылға артып келеді деген сөз. Аудандық кезеңде ән бөлімі бойынша, аудандық түзету кабинетінің атынан қатысып  І орын алған Омаров Сердарды, хореография бөлімі  бойынша І орын алған М.Ломоносов атындағы орта мектеп оқушысы Ерболатұлы Жігерді, қолөнер бағыты бойынша І орын алған Аңсабаев Мирасты, қолданбалы-декоративтік шығармашылық бөлімі бойынша І орын алған М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты оқушысы Берікболов Ерасылды құттықтаймыз!

Республикалық «ВІ Жұлдызай» Фестивалінің аудандық кезеңі

Республикалық «ВІ Жұлдызай» Фестивалінің аудандық кезеңі

Республикалық «ВІ Жұлдызай» Фестивалінің аудандық кезеңі