Волейболдан  2000 жылы туған және жасы одан кіші қыздар арасында Ж.Абышеваны еске алуға арналған облыстық турнирі

Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні волейболдан 2000 жылы туған және жасы одан кіші қыздар арасында Ж.Абышеваны еске алуға арналған облыстық турнирі болып өтті. Турнирдің ашылу салтанатында аудандық маслихаттың бас хатшысы Ыдырышев Дәулет Нұрханұлы, туыстарының атынан Орынбаев Әнуарбек Әмірханұлы  сөз сөйлеп, М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Сейтқанова Ұлпан  Жұлдыз Ахметсалімқызының өмірбаянымен таныстырып өтті. Ашылу салтанатында сонымен қатар, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің оқушылары би билеп, 2017 әскери бөлімінің әншісі Қыдырмолдаева Жазира әнін айтты, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Закиев Советхан атамыз өз өлеңін арнады.
Жарысқа барлығы 10 команда, атап айтқанда Зайсан ауданы бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен 2 команда, Айнабұлақ орта мектебі, М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты, Марқакөл ауданы, Өскемен қаласы, Зайсан ауданы, Абай ауданы, Тарбағатай ауданы  және Қарой ауылының командалары қатысты.
Тартысты өткен жарыста, мықтылардың арасынан топ жарып, жүлделі І орынды Зайсан ауданының командасы, ІІ орынды Абай ауданының командасы, ІІІ орынды Өскемен қаласының командасы иеленді.
Жарыста үздіктердің ішінен «Үздік» атағына ие болған спортшылар «Үздік қорғаушы» - Абай ауданы командасының ойыншысы Қуатбай аяулым, «Үздік шабуылшы» - Өскемен қаласы командасының мүшесі Ноғайбаева Жанель, «Үздік ойын үйлестіруші» - Зайсан ауданы командасының мүшесі - Райымханова Нейла. «Үздік бапкер» номинациясы бойынша Зайсан ауданы командасының  жаттықтырушысы Ахатов Серік, Абай ауданы командасының жаттықтырушысы Мусин Досхан, Марқакөл ауданы командасының жаттықтырушысы Карменов Еркін, М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты командасының жаттықтырушысы Ризабек, Есбол, Шілікті командасының жаттықтырушысы Балшабеков Мерей сонымен қатар, «Ардагер ойыншы», «Үздік төреші» номинациялары бойынша марапат иелері естелік медальдарымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаз командалар мен спортшылар арнайы мадақтамалармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Волейболдан

Волейболдан

Волейболдан

Волейболдан

Волейболдан

Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі
А.Қадылбекова – жетекші маман

Парақтар өзгертілді: 17-03-2017