Зайсан ауданының прокуратурасы ауданның барлық кәсіпкерлеріне бизнесті дамытуға кедергі жасайтын мәселелерімен бөлісуін ұсынады

ШҚО прокуратурасы ШҚО кәсіпкерлер палатасы және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп кәсіпкерлердің аса өзекті мәселелеріне талдау жүргізілуде.
Көптеген жағдайда, кәсіпкерлер, даулы мәселелерді шешу үшін кімге жүгіну керек екендігін білмейді. Осыған орай, аудандық прокуратура барлық кәсіпкерлерге осы мақаланың астында бізнесті дамыту барысында туындаған мәселелер туралы (рұқсаттама, несие, лицензия алудан бастап коммуналдық

инфрақұрылымға қосылумен байланысты қиындықтарға дейін) қысқаша мәлімет қалдыруыңызды ұсынады.
Одан әрі, аудандық прокуратура Сіздердің пікірлеріңізді ескере отырып, туындаған мәселелерді және кәсіпкерлермен ортақ міндеттерді шешу бойынша арнайы жұмыс жоспарын әзірлейді.
Кәсіпкерлерге өз ұсыныстарын 72234005@prokuror.kz электрондық мекен-жайларына және 21-3-47, 21-2-36 тел.нөмірлеріне хабарласуына болады.

Зайсан ауданының  прокуратурасы