2017 жылғы 1 сәуір күлкі күніне орай Зайсан ауданының әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ

2017 жылғы 1 сәуір күлкі күніне орай Зайсан ауданының әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Нұр Отан» партиясы Зайсан аудандық филиалының, «Жас Отан» Жастар Қанатының және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы ШҚО Зайсан аудандық филиалының кубогіне арналған аудандық «Жайдарман 2017» ойыны өтті. Қазіргі таңда, барлығымыз сүйсініп тамашалайтын жайдарман прогрессивті дамып келе жатқан жастар қозғалысына айналды. «Жайдарман» қазақ тілінің жанашыры, сонымен бірге ұлттық құндылықтардың жаршысы болып қалыптасып келеді. Күлкі күніне орай ұйымдастырылған «Жайдарман» ойынына барлығы 11 команда қатысып, бақ сынасты. Олар «Прогресс» құрама командасы, «Авация» Зайсан технологиялық колледжі, «Біріккен корольдік» еркін командасы, «Ізбасарлар» Х.Мұстафина мектеп-лицейі, «Мәдениетті жастар» аудандық мәдениет үйі, «Күлкі өнер» Сартерек орта мектебі, «Жайдарлы жастар» Қаратал орта мектебі, «Киелі Кеңсай», «Мадагаскар» Жарсу орта мектебі, «Нұр Айнабұлақ жастары» Айнабұлақ орта мектебі, «Абай жұлдыздары» Абай орта мектебі. Ойынның тақырыбы «EXPO – 2017» Болашақ энергиясына арналды. «Бұл тақырып жайдарман ойынының ең ауыр тақырыбы болды» деп есептейді «Киелі Кеңсай» командасының капитаны Озатұлы Сағдат. Төрешілер алқасында «Нұр Отан» партиясы ШҚО Зайсан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрақова Меруерт Мұратқызы, №2 қала сайлау округінің депутаты Шәріпбеков Олжас Бақытұлы, №3 қала сайлау округінің депутаты Айнабеков Елдос Айнабекұлы, №7 Біржан сайлау округінің депутаты Шалбарбаев Қыдырбек Бидахметұлы және №9 Кеңсай сайлау округінің депутаты Тауасаров Ринат Әденбекұлы болды. Барлық командалар сайыс барысында жақсы ойын көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді. «Жайдарман 2017» ойынының бас жүлдесі - «Нұр Отан» партиясы ШҚО Зайсан аудандық филиалы кубогінің иегесі аудандық мәдениет үйінің «Мәдениетті жастар» командасы атанып, аудан әкімінің дипломы мен 50 мың теңгенің сертификатына ие болса, «Біріккен корольдік» еркін командасының мүшесі Арыстанбеков Нұржан «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды. Қалған командаларға белсене қатысқаны үшін алғыс хат пен қаржылай сый-сияпат тапсырылды. Ұйымдастырушылар тарапынан демеушілік көрсетіп отырған «Зайсан» құрылыс компаниясының директоры, облыстық мәслихат депутаты Нұрасылов Болат Икепұлына, жеке кәсіпкер Абижанов Марат ағамызға және де ауданымыздың мәслихат депутаттарына алғыс білдіреміз.

100-ден аса мемлекеттен 326 делегат халықаралық қатысушылардың үшінші жиналысына қатысты

100-ден аса мемлекеттен 326 делегат халықаралық қатысушылардың үшінші жиналысына қатысты

100-ден аса мемлекеттен 326 делегат халықаралық қатысушылардың үшінші жиналысына қатысты

Зайсан ауданының әкімдігінің
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ маманы Бикадамова Мадина

 

 

Парақтар өзгертілді: 07-04-2017