Орталау мектептері арасында дойыдан аудан біріншілігі

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні орталау мектептері арасында дойбыдан аудан біріншілігі болып өтті.  Жарысқа барлығы 7 орталау мектебі қатысты.
Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша І орынды Октябрь және Мұжықсу орталау мектептері, ІІІ орынды Жаңатұрмыс орталау  мектебі иеленді.
Жекелей есеп бойынша ұлдар арасында І орынды Маметова орталау мектебінен Жұмаев Елдар, ІІ орынды Саржыра орталау мектебінен Кенжебеков Ермахан, ІІІ орынды Саржыра орталау мектебінен Ринатұлы Расул иеленсе, қыздар арасында І орынды Маметова орталау мектебінен Мұратхан Бүлдіршін, ІІ орынды Орманбетов орталау мектебінен Ашиханова Гүлдана, ІІІ орынды Жамбыл орталау мектебінен Ақиқат Ұлар иеленді.
Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды.  

Орталау мектептері арасында дойыдан аудан біріншілігі

Орталау мектептері арасында дойыдан аудан біріншілігі

Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі